жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама Бастауыш сыныптарда оқытудың интербелсенді әдістемесін қолдану
Түркістан
облысы Жетісай ауданы Абай ауыл
әкімшілігі «№53
Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі және мектеп
тренері
Жасузакова
Зейнеб Мусабековна
Бастауыш сыныптарда оқытудың интербелсенді әдістемесін қолдану
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған оқытудың интербелсенді әдістемесінің ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:
баланы оқи білуге үйрету
баланы ойлауға үйрету
баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.Бұл технолоия несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ-жауап ретінде бергім келіп отыр.«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясы немен қызықтырады?
Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.
Негізгі үш кезеңнің маңыздылығы.
Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогиаклық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс-тәсілдерін қолданамын:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру/ой қозғау, «INSERT» кестесі
Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға/Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
Қиялдау арқылы сурет салу/сурет салу стратегиясы/
Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу/авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
Шығармада екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін сипаттау/қарама-қайшы стратегиясы/
Өлең шумақтарын құрастыру/5 жолды өлең/
«Сын тұрғысынан ойлау»бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай-қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Менің өз іс-тәжірибемде әдебиеттік оқу сабағынан М.Түменбаев «Көктем» тақырыбында өткізген сабағыма тоқтала өтейін.Оқушыларды топқа жыл мезгіліндегі туылған күндеріне қарай бөлдім.Балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында сөзжұмбақ шешіліп, тақырыптың аты анықталады.
«Болжау» стратегиясы.
Өлеңді өзбетімен оқып, талдау жасау.
«Топтастыру» стратегиясы.
«Бес жолды өлең» стратегиясы.
1-ші «Болжау» стратегиясы.Оқушыларға өлеңнің алғашқы шумағы жазылған парақша беріліп «Өлең әрі қарай қалай өрбиді?» деген сұраққа жауап алдым.
2-ші. Өлең туралы өз ойларын анықтаған соң, оқулықты ашқызып өлеңмен жеке танысуға уақыт бөлдім. Өлең мен өз ойларын салыстырды. Өлең шумақтарына талдау жасалды.
3-ші «Топтастыру» стратегиясы«Көктем» сөзін оқушылар қағаз бетіне топтастырды.
4-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
Зат есім (1 сөз)
Сын есім (2 сөз)
Етістік (3 сөз)
Қорытынды ой (4 сөз)
Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі-бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше. Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір-бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.
Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі – проблемалық талдау. Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен роль атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы
ретінде де пайдалы болып келеді. Проблемалық талдау сол көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап етеді. Ол үшін проблемалық жағдаят тууы керек. Кез келген «Неге?» деген сұрақтарды проблемалық сұрақтармен шатыстыру мектеп тәжірибесінде кездесіп жатады. Проблемалық сұрақ негізінде оқушыға «бейтаныс», шешуді керек ететін мәселе, проблема болады. Мысалы, жай сұрақтар мен проблемалық сұрақтар арасындағы айырмашылықты төмендегі баған арқылы көруге болады :
|
Жай сұрақтар |
Проблемалық сипаттағы сұрақтар |
|
Бақтығұл қандай кейіпкер? Ол неге Жарасбайды барып паналайды? Осы іс-әрекеті дұрыс па? |
Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұл кім? Ол Сәлмен мен Жарасбайдың «құрбаны» ма әлде кек алушы күрескер ме? Немесе қорғансыз сорлы ма? |
|
Бақтығұл Жарасбайды неге өлтіреді? |
Бақтығұлдың Жарасбайды өлтіруінде қылмыстық іс-әрекет бар ма? |
|
Ұрлыққа, барымтаға бару себебін түсіндіріңдер. Оны мұндай әрекетке кім жұмсайды? |
Жаратылысында ары таза Бақтығұл соншама азғындап, ұрлық жолына неге түседі? Кінәлі кім? |
|
Бақтығұлдың іс-әрекетін түсіндіріңдер. Ұрлық жасауы, кісі өлтіруі дұрыс па? |
Бақтығұлдың іс-әрекеті, мақсатты саналы іс-әрекет пе, әлде кектен, өш алудан туған іс-әрекет пе? |
|
Бақтығұлдың Сәлменнен кетіп, Жарасбайдан пана іздеуі дұрыс па? |
Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұлдың ең басты қателігі, адасуы деп, нені айтар едіңдер? |
|
Бақтығұл арқылы жазушы не айтпақ болған? Ол Бақтығұлды жақтай ма, жоқ па? |
Бақтығұл бейнесінің негізінде жатқан проблема туралы не айтар едің? Автордың оған көзқарасы туралы қандай ойдасың? |
Интербелсенді әдістемені қолдану:
Оқудың мазмұнын, оны жоспарлау қағидаларын қайта қарау;(ОМЖ,ҚМЖ)
Күнделікті сабақтың «өмір стилін» өзгертіп,оны динамика мен қызыққа толы процеске айналдыру;
Оқытушылар мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуге негіздеу;
Халық даналығында: «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас!» деген керемет ой айтылған.Ал,Қытай ғұламасы Конфуций: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген екен. Интербелсенді әдістемені тиімді пайдаланудағы мақсат, осы тұжырымдамаларға сай келеді. Бүгінде мақсатқа жету жолында формалді білім жеткіліксіз.Сол себепті де біз өмір бойы өздігімізше үйренуіміз керек.
Қорыта келгенде: «Білім беру – өмір бойы үздіксіз процесс»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген