400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама Бастауыш сыныптарын оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдерінің қажетіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пікір

«Т.Рысқұлов» атындағы мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылықова Әлия Камалқызының «Бастауыш сыныптарын оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» тақырыбындағы баяндама тақырыпқа сай жазылған. Ғылыми негіздерге сүйеніп, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда жаңа технология элементтерін пайдалану жолдарын әрбір сабақтың ерекшелігіне сай көрсете білген.

Осы баяндамада көкейкесті мәселелер қамтылып, оқушылардың танымдық қасиеттерін арттыру мақсатында сабақ жоспарлары, көрнекіліктер, оқушылардың ойлау, өз бетімен жұмыс, белсенділік қабілетін дамытатын жұмыс түрлері анық көрсетілген. Қазіргі заман талабына сай терең біліммен шыңдалған тәжірибеге сүйеніп, көмекші әдістемеліктер мен педагогтардың пайымдауларын негізге ала отырып,иәрбір оқушының қабілеті мен дайындығына қарай қызығушылығын ұйымдастыру қамтылған.

Әлия Камалқызының баяндамасы әдіс бірлестік пен мектеп әкімшілігі тарапынан «өте жақсы» деп бағаланды.

Мұғалімнің шеберлігі, білімі, ізденгіштігі ескеріліп баяндама «құнды» деп табылып мұғалімдердің тамыз мәслихатында оқуға ұсынылды.















Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Г.Керімқұлова









"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы"

А.Байтұрсынов

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі таңда оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Олай болса, қазірден бастап мектептерде енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру аясындағы критериалды бағалау жүйесін сабағымыздың әр кезеңінде ұтымды қолдану міндеті туындайды. Критериалды бағалау жүйесіндегі ең маңызды сәт - оқушының өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінуі. Осыған байланысты оқушылар арасындаөзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. Осындағы «критерий» сөзінің беретін мағынасы - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Ал критериалды бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған,, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр. Оқытушының алдындағы шәкіртіне белгілі бір жетістікке жеткенін айтқаннан гөрі, оқушының өз нәтижесін өзі түсініп, бағалау өлшемін дұрыс пайымдауы - оқыту сапасының артуының айқын дәлелі. Осы бағытта жұмыс жасаған оқытушы да өз іс-әрекетін саралап, болашағын анық жоспарлай алады.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

  • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

  • Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Тәжірибелік маңызы:

  • Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;

  • Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;

  • Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;

  • Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады;

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

  • Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;

  • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

  • Бағалауың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге.





Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалаудың ұйымдық құрылымының екі түрі бар: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Осы бағалау түрлерінің әр қайсысына қысқаша анықтама бере кетсем: Қалыптастырушы бағалау - мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы, бұл жерде оқушыларға баға қойылмайды, бағалау критерийі бойынша өздерінің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай алады.

Жиынтық бағалау - белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша балл және баға қою арқылы өткізілетін бағалау түрі. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осы әдістерді қолдана отырып оқушыларың оқуға деген ынтасының, қызығушылығының арта түскенін байқауға болады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады.

Критерийдің мазмұны:

Критерийлер


Дескрипторлар

А

Білу және түсіну

Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В


Қолдану

Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету.

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады.

С

Сыни ойлау және зерттеу

Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.

D

Коммуникация және рефлексия

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.



Мен өз сабақтарымда критериалды бағалауды жиі қолданамын, яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін интерактивті тақтаға жазып көрсетемін немесе әр оқушыға қағазға жазылған күйде сабаққа құрылған критерийлерді таратамын. Жалпы критерийлерді әрдайым өзім құрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіп құруға дағдыландым. Сабақ критерийлері өткен сабақпен байланыстырыла құрылады, өйткені қазақ тілі сабақтарында кейбір түсінуге қиын грамматикалық құрылымдарды дамыту, жетілдіру мақсатында көбірек жұмыстануды қажет етеді және әр сабақта оқушылардың сабақта сөздік қорларын кеңінен пйдалануы, сөйлеген кезде немесе оқыған кезде дауыс ырғағына, яғни дауысты көтеріп немесе төмен түсіру мәнеріне, сауатты, әрі көркем жазу үлгілеріне көңіл бөле отырып, сабақ критерийлерін құрамын. Мысалы 2 «Ә» сыныбында өткен «Сын есім» тақырыбында оқушылар өзін-өзі мына критерийлері бойынша бағалады.

№

Аты-жөні

Мен сын есім туралы білемін

Сын есімді дұрыс қолдана аламын










Оқушылардан үй тапсырмасын пысықтау кезінде «Басбармақ» әдісі бойынша - формативті бағалаудың критерийін құрдым.

Тапсырманың көрсетілуі

Критерий

Жетістік деңгейі

Мектеп стандартына айналдыру


  1. Басбармақ жоғары

Өте жақсы

3

5

  1. Басбармақ жанына

Жақсы

2

4

  1. Басбармақ төмен

Орташа, әлі де толықтыру қажет

1

3



Сабақтың алғашқы кезеңінде оқулықта берілген 52- жаттығуға арнап «Дәптермен жұмыс критерийін» құрдым.

Критерийлер

Дескриптор

Жетістік деңгейі

  1. Орындалуы

  • Тапсырманы түсініп оқиды;

  • Тапсырма толық орындалған, бірақ толықтыруды қажет етеді;

  • Тапсырманы толық орындайды;

1


2




3

  1. Жазу сауаттылығы

  • Грамматикалық қателіктер жіберілген;

  • Сауатты жазылған, бірақ эстетикалық талғамға сай емес;

  • Өте көркем, әрі сауатты түрде орындалған;

  • Жұмбақтың шешуін табады;

1


2



3


2



Келесі бөлімде 55-жаттығуға арнап «Постер қорғау критерийін» құрдым. Сурет бойынша қандай оқиға болғанын әңгімелеу.

Критерийлер

Дескриптор

Жетістік деңгейі

  1. Мазмұны

  • Сын есім дұрыс құралды, бірақ сөйлем нақты емес;

  • Тапсырма толық орындалды;

1


2




  1. Безендірілуі

  • Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді;

  • Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған;


1



2





  1. Баяндау шеберлігі

  • Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды;

  • Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады.


1


2



Сабақ барысында оқушыларға деңгейлері бойынша өз ойларын айту, әңгімелеу қажет болды, берілген критерий бойынша әрқайсысы бірін-бірі бағалады.

Критерийлер

Жетістік деңгейі

Дескриптор

  1. Білу және түсіну


Оқушы өз ойын дәлелдейді

0

Критерийлерді толық орындай алмады.

1

Өз ойын толық жеткізе алды.

  1. Қолдану


Өмірде қолдана алады

2

Алған ақпараттары мен білімдерін өмірлік тәжірибеде қолданып, пайдалана алады.

  1. Анализ, синтез


Басқа да пікірлерді қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу

3

Ақпараттар жинақтап және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасай алады.

Блум таксономиясы бойынша өткізілген сабақ соңында табыс критерийлері

Категориялар

Табыс критерийлері

I. Білу

Сын есім ережесін айтады, қайталайды, есте сақтайды

II. Түсіну

Ережені салыстырады, мысал келтіреді

III. Қолдану

Сын есім сөздерін өмірде қолданады

IV. Талдау

Сын есімді ажырата алады.

V. Жинақтау

Сын есімдерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырады.

VI. Бағалау

Критерийлерге сүйеніп, тақырыптың маңыздылығын айқындайды, жазбаша бағалайды.

Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы мен оқушыларымның өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің, пайымдау, ажарату, жаңа бір ой түю, бір-бірінің, мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артқанын аңғардым. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін біліп отырды. Критериалды бағалау арқылы оқушылар өз деңгейлерін анықтай алды. Бұл олардың білім деңгейлерін көтеруіне ықпалын тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.









Сабақтың тақырыбы: Оқиға құрастыра аламын

Сын есім

Мектеп: Т.Рысқұлов мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Жақсылықова Ә

Күні: 19.04.2018

Сынып: 2 «Ә»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырыпкөлбеу және таза жазу

Сабақ мақсаты:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды, жазба жұмыс жасайды, сұраққа жауап береді

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды,өз бетінше жұмыс жасайды, сұраққа жауап береді, қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Сын есім туралы біледі, сөз ішінен сын есімді таба алады

Ресурстар

Оқулық, суреттер,   әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.


Құндылықтарды дарыту

Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

АКТны қолдану

Мониторинг, интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Дара және күрделі етістік

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Т.Ж «Ұшақ ұшыру» әдісі бойынша өткен сабақты қорыту

Сұрақ-жауап

Қ Б Бас бармақ арқылы



А-4 парағы

Жаңа білім








«Кір жайғыш» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау

Математика пәні бойынша тапсырмаларды топпен орындату

Тапсырманы өсу ретімен орналастырып, сын есім сөзін шығару

Жаңа сабақ

Сын есім туралы видео көрсету

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Оқылым Топтық жұмыс

Ж.Ж №51. Мәтінді түсініп оқы.

  • Мәтін не туралы?

  • Оқиғаның мәтін екенін дәлелде.

  • Мәтіннің түрін анықта.

  • Мәтіндегі қарама-қарсы берілген сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді?

  • Ж К оқушылар белгілі уақыт ішінде оқығандарын түсінікті жеткізе алады

  • Мәтіннің түрін ажырата алады

  • Ұжымдық жұмысқа белсенді қатысады

  • Қ Б Ауызша бағалау

  • Дескриптор

  • - Мәтін не туралы екенін біледі

  • -Мәтін ішінен қарамен жазылған сөздерді тауып, оларға сұрақтар қоя алады

  • -Мәтін түрлерін анықтай алады



Айтылым

Мәтін арқылы жаңа сабақтың ереженін шығару

Сын есім ережесі



Жіп,тапсырмалар


Интербелсен ді тақта

Ай-мектеп


Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы








Жазылым

Дәптермен жұмыс.

52-жаттығу

Жұмбақты көркем жазу. Шешуін табу

Сын есімді тауып, астын сыздыру

Қ Б Смайликтермен бағалау

Дескриптор

-Грамматикалық қателіктер жіберілген

-Сауатты жазылған, бірақ эстетикалық талғамға сай емес

-Өте көркем, әрі сауатты түрде орындалған, сын есімдердің асты сызылған


Жұптық жұмыс

Сәйкестендіру тапсырмасы.

Кілем Сын есім

Сыбдырлады Зат есім

Жаңбыр Етістік

Салқын Зат есім

Қ Б Басбармақтар арқылы

Дескриптор

Берілген сөздерді сөз табымен сәйкестендіре алады

-Сөздерге сұрақ қоя алады


Дәптер












Тапсырма

Сергіту сәті


Сергіту сәті

Әріптерден сөздер құрастыру


55- ЖАТТЫҒУ

Топтық жұмыс

Аю мен қонжық тақырыбында

Әр топқа суреттер беріп, сол сурет бойынша оқиға құрастырту

Қ Б Бас бармақтар арқылы

Дескриптор

  • Сурет бойынша оқиға құрастыра алады


Әріптер





Постер қорғату,

Маркер,

суреттер

Аяқталуы

Сабақты бекіту


Жеке жұмыс

Саралау тапсырмалары

Жасыл түс





Қызыл түс





Сары түс





Қ Б Қол шапалақтау арқылы

Дескриптор

-С- Берілген сөзді қойып, сөйлем құрастыра алады

-В- Сын есімге байланысты сөздерді құрастырып жаза алады

-А- Берілген сөздердің түрін, түсін, дәмін ажыратып жаза алады


Шығармашылық жұмыс

Жеке жұмыс

Тор көздегі әріптерден нақыл сөз құрастыру

Шешуі: Ер азығы - қанағат


Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады.



ББҮ кестесі


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


















Кері байланыс.





.


А-4 қағазы

Маркер

суреттер

















Дәптермен жұмыс.

Түрлі түсті қарындаштар





















Жетістік баспалдағы



Үйге тапсырма: №55,89-бетте.

Саралау –

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз




Смайликтермен бағалау,бас бармақтармен, қол шапалақтау арқылы

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс


Сабақ кезінде қауіпсіздік ережесін сақтату

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?


-Сабақ оқу мақсаттарына қарай шынайы жасалған



-Бүгін оқушылар сын есім туралы білді



-Сыныптағы ахуал бірқалыпты болды


  • Тиімді болды


-Берілген уақыт ішінде сабақты үлгердім



-Жоспарыма түзетулер жасалмады

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Ұшақ ұшыру әдісі

2:Топтық жұмыстар

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Кір жайғыш әдісі

2: АКТ Жеке жұмыс, жұптық жұмыс

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1 Оқушылардың жазу сауаттылыңы мен жазу машығына көп көңіл бөлу

2 С деңгейіндегі оқушыларға көбірек жеңіл түрде қосымша тапсырмалар беру




























Қорытынды



«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижегеғ бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.





























Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2014ж.

  2. www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.

  3. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері.

  4. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»

  5. У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированое образованиев современной школе» - Алматы; 2009г.

  6. А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева «XXI ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық әдістемелік дайджест. Алматы, 2009ж.

  7. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий - Педагогика, 2009ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі