Бейнелеу өнері арқылы
мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін
дамыту”
Шығармашылық тұлғаны
қалыптастыру – қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен
тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі. Оны мектепке дейін дамыту
тиімді. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен
дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда,
саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке
жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп
болса, соғұрлым ол ақылды болады». Менің ойымша -барлық
балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп,
тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет.
Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта
отырып, бала жаңа туындылар жасайды (сурет, жапсыру)
.Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың
жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала
өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен
түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы
өтеді. Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек.
Неғұрлым бала жақсы көрсе, естісе, күйінсе, соғұрлым қиялдау
әрекеттері маңызды және нәтижелі болады. Балалар ерте жастан бастап
өздерінің қоршаған ортадан алған әсерін бейнелеп көрсетуге
тырысады.
Мен өз тәжірибемде сурет
салудың дәстүрден тыс әдістерін қолданамын. Сурет салудың дәстүрден
тыс әдістері балаларды қызықтыратын, еліктіретін іс- әрекет.
Қоршаған орта бала өмірінде ең маңызды орын алады. Сондықтан заттық
– дамытушы ортаны ұйымдастырған кезде мазмұнының дамытушылық жағын
және әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, шығармашылық
қабілетін дамытуға бағытталғанына басты назар аударамын. Мен өз іс-
әрекетімде Васкавовичтің ткхналогиясын қолданамын (Саусақ пен және
губка мен) сурет сабағында қолданамын Балалар ұмытылмас әсер алады,
жағымды көңіл күйде болады, ал олардың көңіл- күйлеріне қарай
отырып не нәрсеге қуанатынын, не нәрсеге көңілі толмайтынын
аңғаруға болады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде бейнелеу өнерінің
дәстүрден тыс әдістерін қолдану:
-
Балалардың қорқынышын
сейілтуге мүмкіндік туғызады;
-
Өзіне
деген сенімін арттырады;
-
Ойлау
кеңістігін дамытады;
-
Өз ойын
еркін білдіруге үйретеді;
-
Шығармашылық ізденіске түрткі
болады;
-
Әр түрлі
материалдармен жұмыс жасауға үйретеді;
-
Композициялық сезімін, ырғақты, түс, түстерді
қабылдауын дамытады;
-
Саусақтың
ұсақ моторикасын дамытады;
-
Жұмыс
барысында эстетикалық сезім алады.
Дәстүрден
тыс әдістер арқылы сурет салу дағдыларын жеңілдетуді жөн
санадым.
Психолог
Ғалия Зейнуловнаның айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл.
Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі
бар. Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді, тыйым
мен шектеулер болмайды. Бұл уақытта бала мүлдем еркін.»
Сурет
салуда дәстүрден тыс әдістер балалар үшін қызықты, өйткені өзінің
қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер
береді.
Алға
қойған мақсатыма жету үшін келесі тапсырмаларды орындауды
анықтадым:
1.Мектеп
жасына лейінгі балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін
қолдануға үйрету;
2.Мектеп
жасына дейінгі балалардың қозғалыс дағдыларын және қолдың білезік
буынының икемділігін арттыру;
3.Балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін
пайдалана отырып кез- келген сурет салуда өз шығармашылықтарымен
ұштастыра білуге үйрету.
Нәтижеге
қол жеткізу үшін балалармен жұмысты сатылып үш жастан бастаған жөн.
Ең бірінші кіші топ балаларға диогностикалық зерттеу жүргізу қажет.
Диогностикалық зерттеу мынаны көрсетеді:
—
балалар
қарындашты ұстауды қиналады;
—
қағаз
бетіне сызық, дақ, бояу түсіруге қиналады;
—
қағаз
бетіне суретті түсіру икемі болмайды;
Өзімнің
ұйымдастырған оқу қызметімде сурет салудың дәстүрден тыс
әдістерінің топтамасын, балалардың саусақтарына толықтай демалыс
болатын, қимыл қозғалысын арттыратын, жазу дағдыларын
қалыптастыратын элементарлық саусақ ойындарын, гимнастика,
жаттығуларды пайдаланамын.
Бірнеше
жылдан бері мектепке дейінгі балалармен жұмыс барысында мен
бейнелеу әрекеттерінің нәтижелеріне назар аудардым. Балалар келесі
белгілер бойынша жақсы нәтижелер көрсетті:
· Штрихтау икемділігі,түрлі
түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтарды
тартуы;
· Жіңішке және жуан қылқаламмен бояуды жаға
білуі;
· Негізгі түстердің,бояудың реңктерін
танып,оларды араластыра білуі;
· Үлгі мен дақты жұмыста қолдана
білуі;
· Өз жұмыс орнын жинай
білуі;
Сонымен қатар балалардың төмен
қабілеттері де байқалды:
Сабақ барысында, жауап
айтқан кезде өзіне деген сенімсіздік пен бөгеліп
қалушылық;
Өздігінен бейнелеу құралдарын
таңдауда,суретті параққа орналастыруда
әректсіздік;
Дәстүрлі емес бояу әрекеттерін
қолдану кезіндегі жаңғалақтық;
Бейнелеу құралдарымен тәжірибе
жасау;
· Танымал сурет салу
әдісінде педагогтың анық түсіндіруін
күту;
· Қиялын,көркем
шығармашылығын байқату;
· Суретке жеке
көзқарасын жеткізу;
Балалардың жас ерекшеліктеріне
байланысты әр топта белгілі бір әдістерді үйрету керек.
Мысалы: сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен,
саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге
бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды
және жіпті, жапырақтарды пайдалану арқылы, балауызды қолданып сурет
салуды үйретеміз. Осы әдістердің бірнеше түріне тоқтала
кетейін.
«Бастыру әдісі» әр түрлі
заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция,
қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға
болады. Мысалы:Жапырақ, алақан, поролон,
өсімдіктер.
«Құммен сурет салу әдісі».
Балаларға құммен сурет салу өте қызықты, қатты ұнады, ол көтеріңкі
көңіл-күй сыйлайды.
Оны төмендегідей
жүргізеді:
- Ақ қағаз бетіне суреттің
пішіні сызылады;
- Желім сызылған сызық бойымен
қылқаламмен жағылады;
- Жағылған желімнің үстіне
ыдыстардағы құм себіледі.
Балалармен жұмыс барысында
олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, алынған нәтижеге талдау
жасадым, жеке жұмысты жоспарладым.
Балалардың ұсақ қол
моторикасын дамытып қана қоймай, дәстүрден тыс әдістермен жұмыс
жасауды жетілдіріп, ерекше бейнелері арқылы өзінің «Менін»
көрсету.
Жұмысты нәтижелі жүргізуде
ата- аналармен тығыз байланыс орнаттым. Ата- аналардың балаларының
балабақшада немен шұғылданатындығын, қандай жетістікке жеткендігін
білу туралы ой мазалайтындығын ескере келе балалардың
шығармашылығынан көрмелер
ұйымдастырдым.
Қорыта келе мектепке дейінгі
мекемелерде балалардың бейнелеу өнері арқылы шығармашылық
қабілеттерін дамыту үшін оқып үйретудің сан алуан әдістері және ең
алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын
көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі
таңдамалы.
Нәтижесінде балада көркем өнер
туралы білімі қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды,
авторлық бағытта бейнелей біледі, отбасы және балабақша
ынтымақтастығы орнайды.