Баяндама "Білім -теңіз, мектеп-кеме"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Білім -теңіз, мектеп-кеме"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді.Ендігі басты міндет-осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық өсіп-өркендеуінің түп қазығы-білім мен ғылым екені даусыз.

Елмізде білім беру жүйесінің реформалануы қоғамның демократиялық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.

Републикамыздың болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін, өнегесін,тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В.Г.Белинскийдің : «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» -деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз-болашақтың тұтқасы,жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол –жас ұрпақ бойына білімді ,әдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген мақсатын қалыптстырушы басты тұлға, Уақыт өткен сайын білім саласының әлеуметтік рөлі де нығайып келеді.

«Білім-теңіз, мектеп-кеме», -деген қанатты сөз кез келген азаматтың саналы өмірін қалыптастыратын алғашқы алтын босағасы, білім ордасы-мектептің қоғамдағы орны мен рөлін айқындап тұрса, елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бәрі де мекткптен басталады»-деп мектептің қоғамдағы орнын ерекше бағалады.

Ал мектепте білім бұлағының көзін ашу бастауыш сыныптан басталады. Олай болса, бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы . Баланың жеке басының шығармашылығын, қабілетін, дарындылығын дамыту мәселесі ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби,Баласағұн,Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан олар өз еңбектерінде жеке тұлға қабілетін дамытуды үнемі көздеп отырған.

Тұлға-баланың жаратылысынан бастап қоршған орта. Әртүрлі әлеуметтік факторға байланысты дамытатын күрделі процесс.(В.Э.Чудновский).

Демек,бастаыш сынып оқушыларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін олардың қабілетін дамыту керек. Қабілет-жеке тұлғалық айырмашылық.

Туа бітетін қасиет емес,ол өмір сүру барысында дамитын іс-әрекет көрінісі.

Психологтар қабілетін екі түрлі деңгейде дамитынын дәлелдеді.

1.Репродуктивті- іс-әрекетті; білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

2.Шығармашылық –жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі . Шығармашылық-күрделі психологиялық процесс,іс-әрекетті түрлі болғандықтан, ол тек жеке адамға ғана тән, ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы—тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық процесіне тән кезеңдерді былай топтастыруға болады:

Жаңалықпен бетпе-бет келу.

Шығармашылық акт.

Шешімнің жарық көруі.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Осы кезеңдерді жүзеге асыруда сан түрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Менің ана тілі сабағымдағы негізгі міндетім-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ондағы басты мақсатым- оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Сабақ барысында оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсетпей. Онымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы алға қойылған міндеттерді түсіндіре отырып, олардың шешу тәсілдері мен жолдарын бізге іздестіру. Осындай мақсаттарды жүзеге асырудакөптеген жаңа технологияларды пайдаланамын.
























«Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ















Шығармашылық оқушысын шыңға жетелейді.

(Баяндама).















Орындаған 3 «А» сынып жетекшісі: Калиева М.Т.







2015-2016 оқу жылы.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1116
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі