400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Баяндама. Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктері туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАША БАҒЫТТАРДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Баяндама


Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл – командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан ДЭФ-тің «XXI ғасыр дағдыларындағы ауытқуларды зерттеу» рейтингісінде мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейі төмен елдер тобында тұр. Құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейі базалық дағдылардан едәуір төмен. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. 76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру. 79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу. 89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу. 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші сыныптар көшеді. Олар 2015-2016 оқу жылында 30 пилоттық мектепте апробациядан өткен жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқиды. Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды. Үштілді білім беруге көшу шеңберінде Бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарында (бұдан әрі - ҮОЖ) ағылшын тілін оқытуға бөлінген сағат саны көбейтілген. ҮОЖ-ға сәйкес 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарға ағылшын тіліне 2бөлінеді. 2016-2017 оқу жылында негізгі және жоғары сыныптарда үш тілде білім беруге көшу бойынша дайындық жұмыстары басталады. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ағылшын тілін үйрену жоспарланған үш

тілде оқушыларға қосымша білім беру бағдарламасы және жоғары сынып пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын әзірледі. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық қолдау. 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері келесі факторлармен негізделеді:

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын енгізу (барлық пәндер оқыту тілінде оқытылады);

бастауыш мектепте «Ағылшын тілі» пәнін оқыту 1-4-сыныптарда жүзеге асырылады;

9-сыныпта міндетті түрде «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы оқытылады. Жаңа оқу жылында: 1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты;  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

Мемлекеттік бітіру емтиханы – орта білім курсын бітіргені туралы куаландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алу шарты болып табылатын орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Емтихан мектептерде өткізіледі. Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі деп жоспарлануда.

Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес: 1. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. 2. Оқу жылы барысындағы каникулдар:

1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2016 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2016 жылғы 30 желтоқсан – 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2017 жылғы 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда); 2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2016 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2016 жылғы 26 желтоқсан – 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2017 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); 3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн (2017 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде қосымша каникул белгіленеді. 2016-2017 оқу жылынан бастап республика мектептерінің кезең-кезеңімен бес күндік оқуға көшу басталады. 2016-2017 оқу жылында бес күндік оқуға республиканың бірінші сыныптары көшеді.

Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг процесі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдану дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.

Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер: - жоспарлау процесін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.

Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер: - менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.

Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер: - мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг процесін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы; - білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс. Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді процеске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген тірек мектептері арқылы Бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.

Ұлт жоспарындағы 85-ші және 89-шы қадамдар Мәңгілік Ел идеясына арналған. Сынып жетекшілері тәрбие жоспарына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актіні түсіндіру және зерделеуді ұйымдастыру жөніндегі ісшаралар жоспарын енгізу қажет (төменде ұсынылып отыр). Сынып сағаттарын өткізу кезінде тәрбиенің жаңа технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынылады. Ресурс ретінде отандық әдебиеттерден, кинематограф, жарияланымдарды, поэзияны, өзінің өмірлік жағдаяты туралы шығармаларды қолдану ұсынылады. Қазақстан тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу туралы материалдарды пайдалану орынды болар еді және еліміздің беделін қалыптастыруға, экономикасы мен мәдениетін, туризмін дамытуға өз үлесін қосады.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1-сыныпта пәндерді оқытудың ерекшеліктері 2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылады. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқитын болады. Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс. Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте:

энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру;

ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру;

ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру;

оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды». Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы; - білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; - бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу; - бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; - оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады. Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші сыныпта оқу процесін ұйымдастыру. 1 сыныптарда оқыту мақсаты - 6-7 жастағы бүлдіршіндерде буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және т.б. болып табылады. Сондықтан, бірінші сыныптықтардың танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналады және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша құрылуы тиіс. Бірінші сыныптардың оқушыларына оқу жылының бірінші жарты жылдығында баға қойылмайды, ынталандырудың басқа әдістері мен тәсілдері қолданылады. Бірінші сыныпта оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды. ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1 сыныпта балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесі бірте-бірте ұлғайтады, яғни оқу жүктемесін біртіндеп өсірудің «сатылы» сабақ кестесі қолданылады: қыркүйекте ұзақтығы 35 минуттан үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап 35 минуттан төрт сабақ жоспарланады; екiншi жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан болады.

Критериалды бағалаудың құрылымы Білім алушының оқу жылындағы үлгерімі және оқудағы жетістіктері туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі: формативті бағалау және жиынтық бағалау іске асырылады. Жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім/ортақ тақырыпты, тоқсанды және орта білім деңгейін жиынтық бағалау рәсімінен тұрады. Критериалды бағалау

Формативті бағалау – мұғаліммен үздіксіз өткізіледі, бағалау және балл қоюсыз оқу үдерісін уақытында түзетуге мүмкіндік береді және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Сумативті бағалау - оқу бағдарламаларының өтпелі тақырыптары/бөлімдері аяқталғаннан кейін өткізіледі, белгілі бір оқу кезеңіндегі (тоқсан, триместр, оқу жылы, деңгейі орта білім беру) қойылған балл және бағалау

Өтпелі тақырып/бөлім үшін сумативті бағалау

Әр тоқсанда 2-3 рет мұғаліммен жүргізіледі

Тоқсан үшін сумативті бағалау

Әр тоқсанның аяқталуы бойынша мұғаліммен жүргізіледі

Білім беру деңгейі үшін сумативті бағалау

Бастауыш, негізгі және жоғары мектептерден соң (ҰТО) сыртқы ұйыммен жүргізіледі

Әр тоқсанның қорытындысы бойынша баға бағалау практикасының мазмұнын анықтайды. Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу бағдарламасының барлық оқыту мақсаттарын қамтуы қажет. Мұғалімге көмекке оқыту мақсаттары бойынша бағалау критерилерінен, дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұратын формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды. Мұғалім білім алушылардың жеке ерекшеліктері және оқыту мәнмәтінін ескере отырып тапсырмаларды дайындайды немесе таңдайды. Бағалауда мұғалімнің шешімі шынайы болатындай тапсырмалардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, дескрипторлар білім алушы тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиналғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға сындарлы кері байланыс жасауына ықпал етеді. Жиынтық бағалау 1 сыныпта мұғалімдерге, білім алушыларға және атааналарға білім алушылардың оқу бағдарламаларының 3-4-тоқсандардағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейінгі балл және бағалар қойылған жетістіктері туралы ақпарат беру үшін жүргізіледі.

Баға қою механизмі Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындыларының нәтижелерін тіркеу электрондық журналға белгіленеді. Баллдар мен бағаларды есептеу электрондық журналда автоматты түрде іске асады. Бастауыш сыныптарда тоқсандық бағаларды қою: 1 сыныпта 1 жарты жылдықта жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3-4-тоқсандарда қойылады. Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жиналады. Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық қатынаста қолданылады. Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалаумен байланысы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес меңгерілген оқу материалының көлемі мен бөлім/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалауы санына байланысты анықталады. Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарда барлық рәсімдердің саны мен байланысы көрсетілген. Бұл кезде бөлім/ортақ тақырыптарды жиынтық бағалау рәсіміне 50%, тоқсандық жиынтық бағалауға – тоқсандық бағаның жалпы жиынтығының 50% бөлінеді. Журнал жүргізу Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындылары білім алушылардың нәтижелерін тіркеудің электрондық журналына қойылады. Дәстүрлі қағаз журналда мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын белгілейді және пәннің тақырыпшасын жазады. Үйретуші жұмыс түрлерін орындау үшін оқушыларда төмендегі дәптерлер саны болуы қажет: - 2-сыныптарда қазақ тілі, орыс тілінен – 4 дәптер, оның ішінде бір дәптер мазмұндама мен шығармаға, бір дәптер бақылау жұмыстарына; - әдебиеттік оқу бойынша -1 дәптер; - математика бойынша – 2-4-сыныптарда - 3 дәптерден (2 дәптер сынып және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер); - шетел тілі бойынша 2-4-сыныптарда – 2 дәптерден (1 дәптер сынып және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер); - дүниетану бойынша – 1 дәптер; - бейнелеу өнері бойынша – суреттен 1 дәптер; - музыка бойынша –1 нота дәптері. Қазақ тілі, орыс тілі, математика, әдебиеттік оқу бойынша арнайы дәптерлер бөлінеді, олар оқу жылы бойы мектепте сақталады және оқушыларға қатемен жұмысты орындау үшін беріледі. Ата-аналар оқушылардың бақылау жұмыстарымен ата-аналар жиналысында танысады. Тілдік пәндер бойынша жұмысты орындау мерзімі сөзбен атау септігінде жазылады (мысалы, оныншы қыркүйек), математика, дүниетану сандар санмен, ай аты сөбен жазылады (мысалы, 10 қыркүйек). Қателерді былайша түзетеді, қате жазылған әріп немесе тыныс белгіс қисық сызықпен сызылады; сөздің сөйлемдегі сөздің бөлігі – жіңішке көлденең сызықпен сызылады; сызылғанның орнына қажетті әріпті, сөзді сөйлемді жазу қажет; қате жазуды жақшаға алмасын. Орыс тілі мен математикадан үйретуші сынып және үй жұмысы орындалатын оқушылардың жұмыс дәптерлері 2-4-сыныптарда әр сабақтың соңында барлық оқушыларда тексеріледі.


Әдістемелік нұсқау хат бойынша талдау жұмыстарымнан.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жанжунова З.М

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі