Тақырып бойынша 12 материал табылды

Баяндама "Білім беру саласындағы жасанды интеллект"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласындағы жеңілдететін, сабақта уақытты үнемдетеді. Оқушыларға сабаққа деген қызығушылығын дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Қордай ауданы

«Зерделі ұрпақ» жеке меншік мектебі

















Баяндама

Білім беру саласындағы жасанды интеллект









Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Майкоржунова Райхан Джуасхановна

















2026 жыл

Білім беру саласындағы жасанды интеллект

Кіріспе

Қазіргі дәуірде білім беру саласы да елеулі өзгерістерді бастан асады. Әсіресе, жасанды интеллект  технологияларының енгізілуі оқу процесін мүлде жаңа деңгейге көтеруде. Білім беру сапасын жақсарту жолдарын іздеген кезде, жасанды интеллекттің /ЖИ/ білім саласына ықпал етуі аса маңызды тақырыпқа айналып та үлгергені байқалады. Сол себепті біз бұл мақалада жасанды интеллекттің білім сапасын жақсарту жолдарын, мүмкіндіктерін және онымен байланысты жаңа трендтерді талқылап көрмекпіз


Жасанды интеллект және  жоғарғы оқудағы дербестендірілген оқыту

Білім берудегі басты мәселелердің бірі – студенттердің түрлі деңгейдегі қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін жеке оқу траекториясын құру. ЖИ-дің көмегімен білім алушының жеке қажеттіліктеріне бейімделген оқыту процесі жүзеге аса алады. ЖИ-дің алгоритмдері оқушының бұрынғы білімін, оқу стилін және оның жылдамдығын талдау арқылы оқу мазмұнын сәйкесінше бейімдеп береді. Мұндай әдіс оқушының мүмкіндігін барынша пайдаланып, оның білімін тереңдетуге көмектеседі. 

Іздегеніңді ұсынатын ЖИ алгоритмдері қай деңгейдегі болмасын оқушының ыңғайына ойысып, ойындағы дүниені оңай тауып береді. Бұл жаңа әдіс оқимын, үйренемін дегеннің ықыласына ынта, біліміне біліктілік қосатыны айтпаса да белгілі. Оқушының оқуға деген қызушылығы қажет болған жағдайда ЖИ деректерді терең талдай отырып, плагиатты болдырмауға ықпал жасай алады.  Мысалы, плагиатқа қарсы жүйелер мәтіндерді зерттеп, ұқсас материалдарды анықтап, оқушылардың түп нұсқалық жұмыс жазуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ЖИ деректерді терең талдай отырып, білім беру мекемелеріне оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға және оқу бағдарламаларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Компьтерлік слайдтар мен презентациялық тақырыптарға жасанды интеллект көмегімен оңай қол жеткізудің өзі компьютерлік сауаттылықты талап етіп,  сыни ойлауға үйретері сөзсіз. Демек, ЖИ-ні  игеруге тура келген жастардың  үздіксіз ізденісі жаңа технологияларды жетік меңгеруді көздейтін бүгінгі қоғамның талабын қанағаттандыратындығы тағы бір өзекті мәселе.

Жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндіктері білім беруде қолданыла бастағаннан-ақ ең алдымен студенттер мен жалпы жас буын оны оңай-ақ игеріп кетті. Оған себеп бүгінгі қоғамның қозғаушы күшіне айналған – әлеуметтік желілер. Үздіксіз ақпарат айдынындағы тоқтаусыз түрленіп жатқан тренд – жаңа технологиялар мен жасанды интеллекті жарасады. Тренд демекші, тек оқушы мен студенттің қызуғушылығын оятып қоймаған бұл технологиялар жалпы ұстаздар қауымы мен жас тәлімгерлердің де таңданысын туғызып үлгерді.  Сағаттап сабақ ұйымдастыратын, компьютерден көз алмай таң атыратын білім беру саласы мамандарының қолын ұзартып, жүгін жеңілдетеді.

Жасанды интеллектіні білім беруде қолдану тақырыбы қазіргі кезде өте өзекті және маңызды болып отыр. Білім беруде жаңа технологияларды енгізуге қатысты  жүзеге асыруда.

  1. Жасанды интеллектіні сабақта қолдану ең алдымыт уақыт үнемдеудің ең қолайлы мүмкіндіктеріне жол ашуда. Ұзын сонар дәрістерді баяндауда виртуалды ассистенттердің, ашық сабақтар ұйымдастыруда оқушылардың қабылдауына жеңіл презентациялық сабақтарды түрлі дизайнда, әрі аз уақыт ішінде ұйымдастырып беретін  ЖИ алгоритімдердің көмегі орасан.

  2. Жаңа жүйелер жасөспірімдердің компьютерлік білімін арттыруға да айтарлықтай үлескер болуда. Қазіргі таңда оқушылар арасында кеңінен қолданылып жүрген ЖИ алгоритмдері қатарына  Chat GPT(ақпараттық чат бот)  Gamma (креативті презентациялар ошағы)  Grammarly (мәтіндердегі қатені түзетуші ЖИ)  Slidesgo (тегін шаблондар ұсынатын ЖИ) сынды алгоритімдерді пайдалану

Оқытудағы тың тәсілдер мен мұғалімдердің көмекші құралы

Мұғалімдер үшін ЖИ уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект тесттерді автоматты түрде бағалап, оқушылардың үлгерімін қадағалап, жеке оқыту бағдарламаларын ұсынып, мұғалімнің әкімшілік міндеттерін жеңілдетеді. Сонымен қатар, ЖИ-мен басқарылатын виртуалды ассистенттер оқушылардың сұрақтарына нақты уақытта жауап беріп, мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайтуы мүмкін. Бұл мұғалімдерге шығармашылық және педагогикалық жағынан көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

ЖИ-дің арқасында білім беруде көптеген инновациялық әдіс-тәсілдер қолданыс табуда. Виртуалды шынайылық  пен қосымша шынайылық  технологияларын қолдана отырып, оқушылар күрделі ұғымдарды нақты көріністер арқылы игере алады. Мысалы, бастауыш сынып сабақтарында оқушылар ереже, мәтінді, жаңылтпаш, ертегі, музыка, мақал-мәтелдерді жүйелердің құрылымын көре алады. ЖИ сондай-ақ табиғи тілді өңдеу технологияларын пайдалану арқылы тіл үйрену процесін жеңілдетіп, интерактивті диалогтық жүйелерді қолдану арқылы білім беру тәжірибесін жақсартады. TechAI оқушылармен кері байланыс беру процесін жеңілдетеді, оқушылардың мотивациясы мен жетістігін ынталандыру әдістерін ұсынады.

ЖИ-дің көмегімен жасалған онлайн курстар мен оқу платформалары көпшілікке қолжетімді және икемді білім беру формаларын ұсынады. Бұл әсіресе шалғай аймақтардағы, білім беру ресурстарынан шектеулі жандар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналуда. 

 Қазақстан бұл процеске Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өткен «Digital Bridge 2023» халықаралық технологиялық форумында елдің экономикалық өсуі үшін жасанды интеллектінің маңызды екенін атап өткен соң таяуда қосылды, – деп жазылған ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің қолы (24.07.2024 ж., №592) қойылған «Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында».

 2026жылды «Жасанды интеллект» жылы деп атауда.

Қорыта келгенде, жасанды интеллект білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің жаңа талапқа, заманға сай білім беру жүйесі. Интернеттегі сияқты, бүгінде жасанды интеллект технологияларын меңгеру болашақ табыстың кілті болуы мүмкін.

Қатысушылар жаңа біліммен және одан әрі оқуға мотивациямен, сондай-ақ оларды оқу процесінде қолданудың практикалық дағдыларымен қалды деп үміттенеміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі