Материалдар / Баяндама: Бірлік болмай, тірлік болмас.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Бірлік болмай, тірлік болмас.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ынтымағы жарасқан ел туралы әңгімелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағаты: «Бір шаңырақ астында»

Мақсаты:
Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет ете білуге; Биік шаңырақ астында туған жер, туған қалаға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға баулу, ата - ана, мектеп, ұстаз арасындағы сабақтастықты жалғастыру.
Қатысатындар: мамандар, ата-аналар.

1 - Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты мамандар мен ата аналар!

Басымды иіп, тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымды айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

2 - Жүргізуші: Қазақ халқы талай - талай тарихи оқиғалар мен шежірені бастан өткізді. Мұның бірі - Тәуелсіздік шежіресі. Тәуелсіздік қазақтың тарихы! 16 - желтоқсан тарихтың мақтан тұтар шежіресі емес пе?
Әнұраным - елдігімнің белгісі
Әнұраным - тірлігімнің белгісі
Шырқағанда әнұраным қалықтап
Тебірентіп жүрегімді ән құшты., - деп
ӘНҰРАНымыз орындалады.
1 - Жүргізуші: Дербес, тәуелсіз ел болу деген, қандай бақыт!
Елдің өз өмірі, өз тарихы бәрі де өз қолында. Дүниежүзінің жүзден астам мемлекеті Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды. Қазақстанда 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз. 1 желтоқсан – «
Президент күніне» орай өткізіліп отырған «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын. Бүгінгі тәрбие сағатымыз - сайыс түрінде өткізіледі.Жарысқа 2 команда қатысады. (1- команда мамандар , 2 –команда ата аналар)
Жарыс мынадай сайыс түрлері бойынша жүргізіледі:
1. Таныстыру (команда өз топтарын таныстырады.)
2. Бәйге (Тест – сұрақтар бірнеше жауаптарымен. Дұрыс жауапты белгілейді.)
3. Отан туралы мақал жарысы (Мақалдың жартысы айтылады, қалған жартысын команда мүшелері табады.)
4. Туған жер /сурет салу/ (Әр команда мүшелері бірігіп туған жерге байланысты сурет салады)

5. Би сайысы. (Қағазға әр ұлт өкілдерінің аттары жазылады. Таңдап алған ұлттың, ұлттық биін билеп беру. )

6. Отан туралы 1 өлеңді мәнерлеп жатқа оқу
7. Н.Назарбаев туралы қысқаша мәлімет.


2 - Жүргізуші: Әділдікпен баға берер ұлттарға. Әділдікпен қара қылды жаруға. Әдділ қазы алқаларын сайлайық. Өнерліні таңдап бүгін алуға. Орталық директоры: Мінісқұлова Эльнура Төлендіқызы. Орталықтағы аға медбике: Бердымұратова Мәрияны әділ қазылар мүшесі етіп ұсынамыз. Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін, Бір басына өнері жетер деймін, Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп. Таныстырып өздерін өтсе деймін, - дей келе кезекті таныстыруға берсек. Бүгін бізде дүбірлі той, Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. Бүгінгі күн таныды әлем Қазағымның кім екенін. Мақтанышпен мен өзіңді Ән етемін, жыр етемін, - деп ортаға командалар кезекпен өздерін таныстырады.

1 - Жүргізуші: 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз мемлекет деп танылды. Міне нақ осы күні қазақ халқының сан ғасырлық арманы орындалғандай болды.1986 жылы Алматы қаласында 16 желтоқсанда жастар Қазақстанға тәуелсіздік керек деген ұранмен алаңға шығып, өз қарсылықтарын білдірді. Қыршын кеткен жас боздақтарды ешқашанда қазақ халқы ұмытпайды.1992 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Республиканың елтаңбасын, әнұранын, туын бекітті.
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Құт береке – шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған. - дей келе кезекті келесі жарысымыз Бәйге жарысына
берейік.

1. Бәйге жарысы

Бәйге жарысының шарты: (Тест – сұрақтар бірнеше жауаптарымен. Дұрыс жауапты белгілейді.)
1. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?

а) Н. Назарбаев
ә) Д. Қонаев

2. Қай қала бірінші бас қаламыз болды, қай жылы?

а) Ақмешіт, 1926
ә) Алматы, 1929
б) Алматы, 1928
3. Ата заң - Конституция қай жылы қабылданды ?

а) 30. 08. 1995
ә) 30. 08. 1996
б) 30. 08. 1997
4. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

а) июль, 1997
ә) июнь, 1997
б) қаңтар, 1999
5. Абай Құнанбаев қай жылы туды, неше қара сөзі бар
?

а) 1846, 45қара сөз
ә) 1845, 46қ. с.
б) 1845, 45қ. с.
6. Отан,Отан
Бәрінен ыстық екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем: авторы кім
?
а) М. Шаханов
ә) М. Мақатаев
б) Б. Тұрлыханов

7. Қазақстан мұнайлы өлке. Мұнай қай облыста өндіріледі?

а) Ақтау
ә) Маңғыстау

б) Атырау
8. Тұңғыш қазақ ғарышкері?

а) Т. Мұсабаев
ә) Т. Әубәкіров

б) Ю.Гагарин
9
. Целиноград қаласы қашан Ақмола деп өзгертілді?

а) 1990
ә) 1992
б) 1994
10. Есіл өзені қай облыстың үстін басып өтеді?

а) Қостанай
ә) Көкшетау
б) Ақмола
1
1. Шетелдік қонақтарды қайда қабылдайды?

а) Ақ Орда
ә) Конгресс – холл
б) Отырар
12. Қазақтың бұлбұлы кім?

а) К. Байсейітова
ә) Ә. Қашаубаев
б) М. Ержанов
13. Қай жылы Ақмола Астана қаласы болып өзгертілді?

а) 6 - мамыр1998
ә) 6 - мамыр1997
б) 6 - маусым1997
1
4. Президент сарайы қалай аталады ?

а) Алтын орда
ә) Ақ орда
б) Конгресс - холл
15. Қазақтың тұңғыш академигі

а) Қ. Сәтпаев
ә ) М. Әуезов
б) Ә, Марғұлан
16. Әнұран қай жылы бекітілді
?

а) 1991
ә) 1992
б) 1993
1
7. Жыр алыбы кім:

а) Бейімбет
ә) Сүйінбай
б) Ілияс
в) Жамбыл
18. Шәкен Ниязбеков кім, не шығарды:

а) архитектор, әнұран
ә) суретш
і, ту
б) архитектор, ту
19. Мұхтар Әуезовты
ң 157 мемлекет таныған ұлы шығармасы
а) Ботагөз романы
ә) Қараш - Қараш оқиғасы
б) Абай жолы
20. Қазақтың тұңғыш чемпионы, Париж қаласында әлемді өз күшіне табындырған кім:

а) Балуан Шолақ
ә) Қажымұқан
б) Жақсылық Үшкемпіров
21.
Қазақстандағы биік шың (ТАУ):

а) Тянь - Шань

ә) Хантәңірі
б) Алатау
22. Қай жылы алғаш рет Н. Назарбаев президент болды:

а) 1989
ә) 1990
б) 1991
23. Ұлттық ақшамыз - теңге қай жылы енгізілді:
а) 1995, 13 - қараша
ә) 1993, 15 - қараша
б) 1996, 15 - қараша

24. Елтаңбаның авторы кім:

а) Шота Уәлиханов
ә) Шоқан Уәлиханов
25. Қазақстанмен неше мемлекет шекаралас?
а) 5

ә) 4

б) 3

2 - Жүргізуші: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді». Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға апаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Келесі кезекті мақал жарысына берейік.

Мақал жарыс - Отан туралы мақал жарысы (Мақалдың жартысы айтылады, қалған жартысын команда мүшелері табады.)
1- команда: 1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2.
Отанды сүю отбасынан басталады.
3. Отан - елдің анасы,
Ел ердің анасы.
4. Ер елінде,
Гүл жерінде.
5. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
6.
Пәлен жерде алтын бар,

Өз жеріңдей қайда бар.
7. Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
8. Отан үшін күрес,

Елге тиген үлес.

9. Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.
10. Әркімнің өз туған жері - Мысыр шаһары.


2- команда: 1. Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз елінде ұлтан бол.

2. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

3. Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген қаз болмас.

4. Адасқанның айыбы жоқ,

Қайтып үйірін тапқан соң.

5. Егілмеген жер жетім,

Елінен айырылған ер жетім.

6. Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе жеткенің.

7. Орағың өткір болса, қарың алмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

8.Отан оттан да ыстық.

9. Туған жер – тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

10. Ата қоныс – алтын мекен.

1 - Жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Келесі кезекті жарысымыз сурет салу жарысы деп аталады. Өзімідің тұрып жатқан туған жерімізді, киялымызға ерік беріп қағаз бетіне салып көрелік.

Сурет салу жарысы. Туған жердің суретін саламыз.
2 - Жүргізуші:
Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Жүр барайық, ашайық ән арнасын, Жырау толғап домбырасын қолға алсын, Дастархандар көзді тартып жайнасын, Қыпша белді қыздар биден таймасын, - келесі кезекті би сайысына берейік. Би сайысы. (Қағазға әр ұлт өкілдерінің аттары жазылады. Таңдап алған ұлттың, ұлттық биін билеп беру. )

1 - Жүргізуші: Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем! дей келе келесі кезекті
Отан туралы 1 өлеңді мәнерлеп жатқа оқу сайысына берейік. Әр командадан бір адам Отан туралы өлеңді мәнерлеп жатқа айтуы керек.

2 - Жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен кіші, ағайындар бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз. Келесі кезекте соңғы сайысымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша мәлімет.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 – шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. 1991 жылы 1- желтоқсанда республика жұршылығымен тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1 - Жүргізуші: Әділ қазылар жеңімпаз команданы анықтағанша, кезекті әнге берсек.
Хор: «Жаса Қазақстан»

Марапаттау Алғырлығымен көзге түскен команданы құттықтауға, жеңімпаз команданы анықтау үшін әділ қазы мүшесі орталық директоры: Мінісқұлова Эльнура Төлендіқызына сөз кезегін ұсынамыз.

2 - Жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

Сіз әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен кіші кәрімізге.

Сіз басшы, халқың қосшы бол бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де, - дей келе «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Келіп қатысқан командаларға мың алғыс!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!