400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Блум таксономиясы арқылы сабақты жоспарлау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең басты мақсат сабақты қалай жоспарлауда.Сабақты жүйелі жоспарлау арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда Блум таксономиясы арқылы сабақты жоспарлау болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы




Блум таксономиясы арқылы сабақты жоспарлау

Еліміздің болашағын білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру. Осы мемлекеттік талаптарды, міндеттерді жүзеге асыратын кім?

Әрине ол- жаңа заман мұғалімі. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін де ұстаз .
Қазіргі таңдағы мұғалім қандай болу керек? Ол шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін,жан-жақты,жаңа құзыретті мұғалім болу керек

Оқыту, тәрбиелеу барысында оқушыны жан-жақты шығармашылық жолға жетелейді. Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға қалыптастырады. Шығармашылық деген шыңға түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың соқпағы, сүрлеуі болады. Дегенмен, ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар тауының биік болу мол.
Қазіргі білімнің сапасы, ең алдымен, мақсат одан кейін нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында білім беру үрдістің сапасы болып табылады. Бұл –жаңа кезеңде оқушыларды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Яғни жаңа форматты мұғалім қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын жаңашыл тұлға болуы керек. Қазіргі таңда жаңа технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Осыған орай білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында іздену үстінде болуы тиіс.. Шешуші жолдардың білім беру жүйесіндегінің бірі оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінемін.
Түрлі зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар мектеп тәжірибесіне де енгізілген. Білім беру жүйесінде жаңа технологиялар мәселесін бастауыш сынып оқушыларына өрбіту, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.
Жаңа технология бойынша оқушының тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының жас ерекшелігене қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әр түрлі бағыттағы тапсырмалар құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып беру керек.Ең басты мақсат сабақты қалай жоспарлауда.Сабақты жүйелі жоспарлау арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда Блум таксономиясы арқылы сабақты жоспарлау болып табылады.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан. Бенджамин америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.



Білімді игеруге бағытталған 6 қадам Сабақты Блумның алты баспалдағы арқылы жоспарлау. Мысалы, 1 сыныптың математика сабағындағы «8санын қосу және азайту» тақырыбында жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын.Сабақта алдымын ы нтымақтастық атмосфера қалыптастыру. Сыныпты түрлі әдістер арқылы топты бөлу.
Білу кезеңі . Бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сабақ, негізінен, қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білгенін , не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту жүзеге асады оқушының белсенділігі артады.


Түсіну кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар жаңа сабақтың мақсатын өздері ашады. Оқулықпен өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Ең бастысы, оқушы өзінің белсенді әрекеті арқылы өз білімін анықтайды.


Қолдану кезеңі Бұл кезеңде оқушылар топпен бірігіп жұмыс жасайды.Ойларын еркін ашып айта алады.Т оптық жұмыста ұяң оқушылардың өзі белсене қатысады.

Әр топ өз жұмысын тақтаға шығып, жасаған постерлерін қорғай алады.
Жаңаша оқытудың ерекшеліктері арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін білуге болады

.

Талдау кезеңі. «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы» (Л. С. Выготский) [1] Сабақты талдау кезінде ұқсастық пен ерекшелік салыстырылады, оқушының байқағыштығы мен ажырата білуі байқалады, сабақ нәтижесінде оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, сенімі қалыптасады.

Жинақтау кезеңі . Бұл кезеңде сабақтың мақсатына қарай әр түрлі ойындар арқылы жүзеге асады. Оқушыларды сабақтың қорытындысын шығаруға көмектеседі.



Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез-келген нысанның артында оьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттр ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы,оқуы мен ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік пен күш жүгер сияқты ұтымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александр 2011)[2]
Бағалау
. Яғни дәстүрлі сабақтарда мұғалім бағалаушы болса,бұл сабақта оқушылар өздері бірін-бірі бағалайды.



Сабақ соңында кері-байланыс парағына оқушылар өз-ойларын еркін жазады.
Осы жаңа білім бері жүйесін оқушылар не алады?

оқушылар өз бетімен ізденуге үйренеді,
оқуға деген қызығушылығы артады,
топпен,жұппен бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады

Өзін-өзі бағалай алады.

Өз ойын еркін жеткізіп айта алады.
мақсатқа өз бетімен ұмтылады,
ойлау белсенділігі, тапқырлығы артып, негізгі түйінді табуға машықтанады,
шығармашылық белсенділіктері артады.
Сабақ оқушының ой өрісін дамытып, терең білім алуына жағдай жасайды және оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқадан өзі көмек алады. Ақын М. Мақатаев айтқандай «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығады»
Өз іс-тәжірибемде нені пайдаланып жүрмін және қалай? деген сұрақ беретін болсақ «Сабақты Блум таксономиясы арқылы жоспарлау» деп аталатын әдістемелік тақырыпта жұмыс жүргіземін. Мұндағы мақсатым- ауызша және жазбаша жұмыстарды жүйелі қолданып, ауызекі сөйлету. Оқушыны нәтижеге бағытталған білімді іске асыруға дайындау. Оның өзекті мәселесі- қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра алатын, өзіндік сөздік қоры бар, мемлекеттік тілді меңгерген тұлға шығару. Өзім сабақ барысында АКТ -ны қолданамын. Оның ішінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,оқыту мен оқудағы бағалау,сын тұрғысынан ойлауға үйрет,басқару және көшбасшылық,талантты және дарынды балаларды оқыту модульдерді сабаққа сай элементтерімен жұмыс жасаймын, интерактивті тақтаны қолданып, технологиялардың тиісті стратегияларымен, кезеңдерімен сабақтар жүргізу тәжірибеме енген. Оқушыларды шығармашылықпен айналысуға, өз беттерімен ізденуге баулимын. Өзімнің жетекшілігіммен жасаған оқушылардың тұсау кесер «Ғылыми жоба жұмыстары бар. Бұдан шыққан нәтижелер де жоқ емес Аудан және облыс көлемінде жүлделі 1-2 орындармен марапатталды. Яғни дәстүрлі сабақта мұғалім сөйлессе,бұл технологияда мұғалім бағыт беруші болып табылады.

Сөзімнің соңында- Өз жұмысымызға жанқиярлықпен қарап шәкірт өсірсек, шәкірт те оң мен солына, ұстазына қарайды. Сондықтан шын ниетпен, шебер де білімді күшімізбен, сеніммен, заманауи жаңалықтарды қабылдап, ұлттық қасиеттерімізді асқақтата отырып бала жүрегіне жол таба білейік,құрметті ұстаздар.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1689
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі