Дарынды және қабілетті
оқушыларды айқындаудың негізгі жолдары.
«Дарынды бала» деген ұғымға нақты, дұрыс, дәл анықтама жоқ. Жалпы
қарастырсақ, дарынды бала дегеніміз басқа балаларға қарағанда
мүлдем өзгеше, ерекше балалар. Олардың бойына ерекше қасиеттер
жиналған. Ондай бала білімқұмар, қозғалмалы, дербес, көңіл-күйі
әрқашан көтеріңкі қарым-қатынасқа тез әрі жеңіл түседі. Егер де оны
қоршаған адамдар дәл осындай түрде қабылдаса, ешқандай қиындықтар
туындамаушы еді.
Әр психолог, педагог
ғалымдар дарынды балалардың психологиялық қасиеттерін әр қалай атап
көрсетеді.
Белгілі психолог Н.С.Лейтес
дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:
-
ұқыптылық, жинақылық,
зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы;
-
ақыл-ой, логикалық ойлаудың
тездігі, кез-келген жағдайды талдап, салыстыра білу;
-
барлық күш-қуатын сарқа
жұмсап, тынымсыз еңбек етуі.
Дарынды бала өз
іс-әрекетімен, білімге деген құштарлығымен, бойындағы жоғарыда
аталған қасиеттерімен ерекшеленеді.
Интеллекті мен дарындылық
қабілетін терең зерттеген, оны ашып көрсете алған белгілі психолог
Г.Ю.Айзенк болған.
Айзенктің көзқарасы бойынша дарындылықты әр түрлі
аспектілерден қарастыруға болады, ол интеллектіге байланысты.
Мысалы, биологиялық, психометриялық, әлеуметтік, бұлардың бәрі
интеллектіге сәйкес келеді. Ал енді бұл сәйкестіктерді жеке
қарастыратын болсақ, ең бірінші «биологиялық интеллект» дегенді
қарастырайық. Бұл жерде ми бөліктерінің танымдық белсенділікке
жауап беретін қызметі қарастырылады. Ол интеллектінің даралық
ерекшеліктерін тұқымқуалаушылықпен байланыстырады. Осы
сәйкестіктердің ішіндегі жалғыз психологиялық тұрғыдан
қарастырылатын бөлігі ол – психонометриялық интеллект. Бұл
интеллект деңгейі IQ (ай кью) тест арқылы өлшенеді. Айзенктің
ойынша психометриялық интеллектінің 70%-генотип әсерімен, ал
30%-ортаның әсерімен (мәдениет, жанұядағы тәрбие, білім,
әлеуметтік-экономикалық жағдай) өлшенеді. Айзенк өз ойын әр түрлі
тесттер жүргізіп, оның ішінде арнайы интеллектуалдық тесттер
жүргізу барысында айқындап, дәлелдеп берді.
Дарынды бала өте білімпаз. Ол бәрін оқып, біліп ұстап көргісі
келеді. Элен Виннер бұл ерекшелікті «білімге құштарлықтың таусылмас
бұлағы» дейді. Мұндай білімпаздық зерттеу жасау, таусылмайтын
қызығушылыққа ұласып, өмірін байытуға жол ашады.
Дарынды балалар өз топтарында әрқашан доминант рөлін атқарады,
өйткені олардың айтар сөздері әрқашанда көп. Оларға әр түрлі
шектеулер қатты әсер етеді, авторитеттерді мойындамайды, бұдан
оларды тәрбиелеу қиынға соғады. Балалар кішкентай болғанда жолы
болмай қалса, оны өте ауыр басынан кешіреді және жаңа әрекетке өз -
өзіне сенімді болмайынша кіріспейді. Бұл олардың рухани жасы
интеллектуалдық жасына сәйкес келмегендіктен болатын жағдай. Уақыт
өте мұның бәрі өзгереді, олар қиыншылыққа төзуді үйренеді.
Дарынды баланың бойындағы психологиялық
қасиеттер әртүрлі болып келеді. Баланың дарындылығы тек
психологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар психоәлеуметтік
және дене дамуына да байланысты. Балалық шақта баланың дарындылығын
себеп – салдарлы байланысты байқау қабілетінен көруге болады.
Дарынды балалар әрқашан да әр түрлі дәрежелі күрделі тапсырмаларды
шешуге дайын болады. Дарынды балалардың сөздік қоры үлкен, күрделі
синтаксистік құрылымдар құрастырады, ойларын ерекше білдіреді,
сұрақтарының құрылымы көңіл аударатындай өзгеше – дарындылықтың осы
белгілеріне көңіл аудармау мүмкін емес. Мұндай балалар ерте балалық
шақтан бастап күрделі, қиын кітаптар, сөздіктер, энциклопедиялар
оқиды.
Жалпы
дарынды балалардың бойында қайталанбас, бірақ көпшілік дарынды
балаларға тән ерекшеліктер көп кездеседі. Бұл ерекшеліктер баланың
сөйлеген сөзінде, ойнаған ойынында, ересектермен басқа балалармен
құрған қарым-қатынасында, сонымен қатар, әрине танымдық әрекетінде
көрінеді. Бұл ерекшеліктерді тек психологтар ғана емес, күнделікті
тұрмыста бала-бақша тәрбиешісі, мұғалімдер, ата-аналар оңай
байқайды. Қалыпты, қарапайым балалардан дарынды балаларды
ерекшелендіріп тұратын қасиетке баса назар аудару керек, өйткені
педагогикалық үрдісті құрғанда сол қасиеттерді ескеру қажет.
Білім
беру бағдарламасын құрастырғанда қандай да болсын әрекетке (көркем,
техникалық, коммуникативті) тәуелді емес баланың дарындылығына
бағытталған, оның тұлғасы шығармашылық әрекетте өзін-өзі ұстай
алатындай болуы керек.
Дарынды бала өзінің құрбыларына қарағанда көптеген көзге түсетін
қасиеттермен ерекшеленеді. Сол қасиеттердің ең негізгілерін атап
өтейік:
-
Білімпаздық-
білгіштік-танымдық қажеттілік.
Бұл
ұғым барлық балаларға тән, мейлі ол дарынды болсын, болмасын, әр
бала білім құмар, көп жаңалықты қажет еткіш болады. (Л.И.Божович,
Л.А.Венгер, А.Л.Запорожец, Н.С.Лейтес)
Дарындылық психологиясы саласындағы атақты ғалым Н.С.Лейтестің
ойынша баланың бойындағы білімқұштарлықты дұрыс арнаға бағыттап,
жетілдірсе, онда ол қабілеттің дамуына әрқашан ынта беріп
отырады.
2. Мәселеге аса
сезімталдық
Ешкім көрмеген, байқамаған
жерден мәселені табу – шынайы дарынға ғана тән аса маңызды қасиет.
(Д.Гилфорд, В.Лоуэнфелд, А.Н.Лук, А.М.Матюшкин, К.Осборн)
Дарынды балаға тән
қасиеттердің ішінде ең маңызды орын алатын осы қасиет. Платонның
айтуы бойынша таным – жай нәрсеге таң қалудан басталады. Дарынды
бала мұндай әркетке тек дұрыс бағытталған педагогикалық жұмыс
барысында үйренеді..
3.
Дивергентті түрдегі тапсырмаларға бейімділік
Дивергентті түрдегі
тапсырмалар дегеніміз- бағыттылығы бойынша жан-жақты, шығармашылық
тапсырмалар. Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мұнда дұрыс жауаптар
көп. Сол жауаптардың ішінен ең ыңғайлысын, дұрысын табу керек.
Дарынды бала басқа тапсырмалардан гөрі дивергентті тапсырмаларды
шешкенді ұнатады
4.
Ойлаудың оригиналдылығы
Бәріне белгілі, қоғамда
қабылданған идеялардан ерекше, жаңа идеяларды ойлап табу қабілеті –
ойлау оригиналдылығы деп аталады. Бұл қабілет баланың
қарым-қатынасына, тәртібінде, ойлауында, барлық дерлік әрекетінде
байқалады. Оригиналдылық бала салған суреттерде, жазған
шығармаларда және де барлық балалық әрекеттерінде байқалады.
5.
Ойлау иілгіштігі
Шешім қабылдауды тез және
оңай орындай алу қабілеті, ассоциативтік байланыстарды орната алу
дегеніміз – ойлау иілгіштігі деп аталады. Ой иілгіштігінің жоғары
деңгейі – сирек кездесетін құбылыс, сондықтан ол өте дарынды
балаларға ғана тән. Ойлау иілгіштігі баланың тәжірибесіне
байланысты (білім, дағды, іскерлік көлеміне және т.б.), барлық
толығымен өмір тәжірибесімен анықталмайды.
6.
Ақыл-ой нәтижелілігі
Бұл сапаны өте көп
мөлшердегі идеаларды өңдеуге қабілет деп таниды. Дарындылықтың
жарқын көрінісі болып табылады. Ойлар көп болған сайын оларды
таңдауға, дамытуға, терең зерттеуге деген мүмкіншіліктер де көп
болады, бұл дарындылықта шығармашылықтың дамуына ықпал болады.
7.
Болжам жасауға қабілеттілік
Дарынды балалар өзінің
құрдастарына қарағанда болжам жасауға қабілетті болып келеді.
Болжам жасауға қабілеттілік барлық балаларға тән. Бірақ дарынды
балаларда бұл қабілет жарқын көрінеді, олардың болжам жасауы
тапсырмаларды шешу барысында ғана емес, сонымен қатар өмірлік шынай
жағдайларда да көрінеді
8. Зейіннің жоғары
концентрациясы
Дарынды балаға зейіннің
жоғары концентрациясы тән (К.Тэкекс). Біріншіден, тапсырмаға терең
үңілу, екіншіден, таңдалған мақсатқа байланысты еш кедергіге
қарамастан, дұрыс бағытты ұстану . Бұл жерде дарынды баланың
күрделі және ұзақ орындалатын тапсырмаға деген қызығушылығы
көрінеді.
9.
Есте сақтау қабілеті
Дарынды балалар көп
жағдайда айналадағыларды өздерінің есте сақтау қабілеттерімен таң
қалдырады. Айта кететін жайт, дарынды балалар көп ақпаратты мида
сақтап қана қоймай, ол ақпаратты жүйелеп, идентификациялап,
құрылымдап сақтайды. Мұны мнемикалық қабілет деп атайды (К.Дункер,
А.Н.Лук, Л.Секей, В.Д.Шадриков).
10.
Қызығушылықтар және бейімділік
Дарынды балалардың
қызығушылықтары мен бейімділіктері де басқа балаларға қарағанда
ерекше. Мұндай балалардың қызығушылығы кең болғандықтан оның
қабілетін қандай сала болсада әрқашан дамытып, қолдап отыру
қажет.
Жоғарыда аталған қасиеттер
баланың бойында кездессе, ол дарынды бала болып саналады.
Барлық балалар бірдей болып
дүниеге келеді, нышан, қабілеттерін дер кезінде байқап, үйде
ата-аналар, бала-бақшада тәрбиешілер, мектепте мұғалімдер дұрыс
психологиялық, педагогикалық жұмыс ұйымдастыра алса, баланың
дарындылығын өзіне пайдалы етіп қолдануға болады. Әрине, дарынды
бала қарапайым балаға қарағанда көп білімді, шыдамдылықты,
күш-жігерді қажет етеді. Оларға жұмсалған еңбек еш кетпейді, зор
нәтижеге жеткізеді.
Осы
негізде өзімнің еңбек етіп жүрген орта мектепте істелініп жатқан
жұмыстар аз емес. Мектеп әкімшілігімен және ұстаздармен бірлесе
отырып, әр оқушының дарындылығын анықтау мақсатында жыл бойына
арнайы жоспар құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Оқушылардың жеке
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ақыл-ойды дамытудың
мектептік тесті, Айзенк әдісі, Векслер әдісі, пәнге деген
қызығушылығын арттыруға арналған тест, суретті тесттер алынып, пән
мұғалімдерімен бірлесе отырып пәндер рейтингі жасалынды.Сонымен
қатар, осы дарынды оқушылармен жүргізілген пән мұғалімдерінің есебі
директор жанындағы отырыстарда, әдістемелік кеңестерде тыңдалып,
талқыланып отырады.
Баланың
дарындылығын дамыту жыл бойы жасалынатын жұмыс болғандықтан,
олармен жеке жұмыс жүргізу барысында әр оқушының психологиялық
ерекшеліктеріне мән беріліп, олардың сөйлеу дағдыларын қалыптасу,
ойлау қабілетін дамыту мақсатында қосымша тапсырмалар беріліп
отырады.Оған дәлел жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
оқушылардың дарындылық қабілетін ашуда ұстаздармен тығыз жұмыс
жасаудамыз. Осының айғағы ретінде биылғы оқу жылында мектеп
оқушылары облыстық, аудандық байқауларда биіктен
көрінуде.
Дарындылық әр баланың
бойына туа бітсе, оны ары қарай дамыту, бағыт беру әр ұстаздың
міндеті.
Дарынды және қабілетті
оқушыларды айқындаудың негізгі жолдары.
Көркемдік
қабілет барлық адамға тән екені белгілі «Әрбір бала –
данышпан».Адам бойындағы дарындылықты данышпандылыққа айналдырудың
бір ғана шарты - табиғи талантпен табандылықпен еңбектенуді
ұштастыру.Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың
шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын
қалыптастыру.Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді
ұйымдастырудағы басты міндет-балалардың қабілеттері мен таланттарын
жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін(түрі, деңгейі
және т.б.) анықтау мен айқындау болып табылады.
Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын
талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір
әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту
барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Бала бойында
дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Бала
бойындағы қайталанбас ерекшелік өсе келе шын мәнінде талантты
болатынына кепілдік бола алмайды.
Дарынды баланың өзін-өзі тану
белгілері: әр-түрлі істермен жан-жақты айналысады,еске сақтау
қабілеті жоғары,ауызша әдеби сөйлеуге бейімді,қиын тапсырмаларды өз
бетінше орындайды,өз ойын тез жинақтап, ойын нақты айта білу
белгілері басым.
Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының
ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Дарынды
балалар диагностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі –
теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын
диагностика моделін өңдеп шығару болып табылады.
Аса дарынды балалар үшін
мектептің оқу бағдарламасының көлемі тарлық етеді. Олар мұғалімдер
мен ата-аналардың көмегі арқылы, сондай-ақ өз бастамалары бойынша
білімдерін жетілдіріп, жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен
айналысады.
Аса дарынды балалар
бозбалалық жаста толыққанды тұлға болып көрінеді. Олар өз бетімен
жұмыс істеу, еңбексүйгіштік, төзімділік, жұмыс орындаудағы
ұқыптылық пен ерекшеленіп, мұғалім мен ата-ана тарапынан бақылауды
қажетсінбейді де, олардың бойында біртіндеп өзін-өзі бақылау мен
бағалау дағдысы қалыптасады. Осылайша біздің бақылауларымыздың
дарынды балалармен әңгімелесумен ой эксперименттерінің негізінде
аса дарындылық деңгей көрсеткіштері 90-100%-ға сәйкес келуі мүмкін.
Жасырын дарыны бар балалар өз қабілеттерін ашық көрсете алмайды.
Сол үшін әр баламен жан-жақты жұмыс істеу керек.Дарынды баламен
жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады.Оқушының болашақтағы
мамандығына байланысты,яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге
байланысты.Өкінішке орай дарынды баланы анықтау,дамыту,оған қолдау
көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан
өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғарғы оқу орындары
осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау
мәселелерін нақты әр мақсаты қарастырмаған.
Дарынды балалармен жұмыс
педагогтың тұлғалық және кәсіби қасиетттеріне нақты талаптар қояды.
Орталықта қабілетті және дарынды балалармен әрекеттік түрде жұмыс
істейтін педагогтың үлгісі жасалған .нақты үлгі негізінде педагог
әрекеттерін зерделеуді,олардың педагогикалық қарым –қатынастарының
стилін,құндылық бағдарлар мен кәсіби біліктіліктерін дамыту
деңгейлерін өз құрамына енгізетін педагогтың кәсіби компетенттілік
мониторингісі жасалып іске асырылады.
Ойлаудың түп
нұсқалығы- бұл кең таралған,белгілі
бұрынан қалыптасқан ойлардан бөлек ерекше,жаңа,тосын ойларды ұсыну
қабілеті. Ол баланың мінез-құлқы мен ойлаудың,құрбылары мен
үлкендермен арқатынасында,жалпы барлық іс-әрекетінде көрініс
табады.
Ойлау
икемділігі – шешімнің жаңа жолдарын оңай
әрі жеңіл табу,жобалық байланыстарды орнатып,бір құбылыс түрінен
екіншісіне мазмұнына байланыссыз көшу қабілеті.мәселені шешудің
балама жолдарын оңай тауып,шешеім бағытын жедел өзгертумен
сипатталады.
Өнімділік немесе
ілеспелік – бірнеше ойларды
жинақтап,күшейте алу қабілеті.Түрлі мәселелер мен қызмет өнімдерін
шешудегі баламалар санымен сипатталып,бағалана алады (сурет,шығарма
жобалары және т.б ) .Талдау мен синтездеуге қабілеттілік .талдау –
ақпаратты ретпен,логикалық сызықтық түрде дәл өңдеп,құрамдас
бөліктерге жіктеу.
Дарынды балаларды анықтауда мынандай
ұстанымдар тұжырымдалды:
1.Түрлі ақпарат алу кездерін пайдаланып,бала
қабілеттерін кең көлемде қам-туға мүмкіндік беретін баланың
мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағағалаудың кешендік
сипаты.
2. Баланы танып білу мен зерттеудің ұзақтығы
(баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде
бақылау);
3.баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша
сәйкес келетін қызымет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу
( арнайы ұйымдастырылған пәндік – ойындық сабақтарға
қатыстыру,сәйкесінше түрлі іс – шараларға қатыстыру);
4.дамытушылық ықпал ете отырып,баланың
психологиялық «кедергілерін» жоюға мүмкіндік беретін тренингтік
әдістерді пайдалану;
5.баланың бойындағы қандай да бір дарынды
бағалауда жоғары санатты тәжірибелі мамандарды тарту (
математиктер,филологтар,шахматистер,инженерлер және
т.б.);
6.баланың дарындылық белгісін оның психикалық
дамуының нақты деңгейінде ғана емес,сондай-ақ оның болашақтағы даму
мүмкіндігін де есепке ала отырыпбағалау;
7.жұмыс нәтижесін
талдау,бақылау,әңгімелесу,мұғалімдер мен ата-аналардың сараптамалық
бағалары,баланың эксперимент жағдайындағы нақты іс-әрекетін
бағалаумен байланысты психодиагностиканың эксперименттік маңызды
әдістеріне сүйену.