400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Дені саудың- жаны сау"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама

«Дені саудың-жаны сау»


Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене шынықтырудың алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене шынықтыруға жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі. Денсаулық табиғаттың берген құнды байлығы,оны бастапқы күйде сақтау ол адамның жеке салауатты өмір сүруіне байланысты екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстары жергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі керек. Баланың дене құрылысын шынықтырушы іс- шаралар балаға ұнап , жақсы эмоция тудыруы мүмкін.


Балалардың денсаулығын қалыптастыратын қолайлы және қолайсыз факторлар болады.
Атап айтқанда:

  • Қолайлы факторлар:

а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;

б) шынығу;

в) дұрыс, баланстытамақтану;

г) рационалды күн тәртібі;

д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;

е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.

  • Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары):

а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;

б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;

в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;

г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;

д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;

е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.
Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы,бітімі үйлесімді,әрі сымбатты  келеді және ауа-райының  кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде  серуендей алады.«Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,Ұйқыдағы сәбидің келбетіне»,- деп жырлаған Мұқағали Мақатаев жырларынан баланың амандығы еліміздің тыныштығына байланысты айтылғанын байқауға болады. Балабақшадағы балалардың өміріне тікелей тәрбиешілер жауапты болып саналады
.

  «Дені сау болса –дәулет сол» демекші балдырған балаларымыздың дендері сау,дене бұлшық еттері қалыптасқан,батыл болып өсуіне ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізілсе баланың қызығушылығы артады. Осы бағытта балабақша Елбасымыздың айтқандай «Шынықсаң шымыр боласың» насихат сөзіне сүйене отырып:

-Эстафеталық ойындар

-Әр түрлі кеңестер

-Практикалық тәжиірбе

-Дамытушы жаттығулар

-Психожаттығулар тиімді және жоғары деңгейде өтеді.

Балабақшада емдік – сауықтыру жұмыстарыәртүрлі шаралар арқылы өткізіледі:

-фитотерапия

-кислород коктейлдер

-нүкте массажы

-табиғи факторлармен шынықтыру.











4 ЖОжҚББМО жанындағы «Балбұлақ» шағын орталығы







Баяндама

«Денсаулықтың бала өміріндегі маңызы»











Тәрбиеші: Адиет.С.Т









Орал, 2019 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
4790
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі