Материалдар / БАЯНДАМА «ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛА ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАЯНДАМА «ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛА ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын -адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.Ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.Дидактикалық ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар,ерік сезім түрлерін де дамытады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Тамыз 2021
943
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шағын орталық «Еркетай»











БАЯНДАМА

«ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛА ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ»












Құрастырған:Темирова Г.К.





















2020-2021ж

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс - әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай - ақ заман ағымына да белсене қатысады.
Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйрететін де ойын. Бала үшін ойын өзін - өзі жетілдіру мен өзін - өзі көрсетудің құралы. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс - әрекетін ойын түрінде күрделендіре түсу керек.

Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады. Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, ол қатар құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір - бірімен қарым қатынас жасайды.
Оқу ісі - әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.
Ойынның түрлері:
• Ұлттық ойындар
• Сюжетті рольді ойындар
• Педагогикалық ойындар
• Дидактикалық ойын
• Шығармашылық ойын
• Қимылды ойындар


Педагогикалық ойын технологиясы дегеніміз - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Дидактикалық ойындар арқылы оқу іс - әрекеті барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу іс - әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу іс - әрекеті барысында ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, ол әрбір адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік - жігер қасиеттері шыңдалады, мінез - құлық айқындала түседі.
Бала өзіне жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш келеді. Бала осы қасиетімен өз қабілетімен ерекшеліктерін аңғартады.
Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы тұста. Тәрбиеші ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп отыруы керек.
Үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп жасындағы балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Балалар ойын арқылы күрделі әрекеттерді, білімді үйренеді және үлкендер де үйретуге тиісті. Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп, кейбір педагогтар, ғалымдар «Жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын - жаман жұмыс сияқты» деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы байқалады
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай - ақ әр баланы сөйлете отырып өз ортамен қарым - қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1. Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді.
2. Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
6. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға негізделген.
Қорыта келе айтқанда:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!