жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Дидактикалық ойындарды математикада тиімді қолдану жолдары"
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Педагогикалық оқу
Тақырыбы: «Дидактикалық ойындарды математикада тиімді қолдану жолдары»
№26 С. Датов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изтелеуова Майгул Богдановна
Атырау - 2017 жылы
Пікір
Изтелеуова Майгулдің «Дидактикалық ойындарды математикада тиімді қолдану жолдары» тақырыбындағы шығармашылық жұмысының мақсаты математика сабағында дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Ойынның нақты мақсаттарын ойын мазмұнын, ойынды ұйымдастыру формаларын, ойын түрлерін, ойындық құралдарды, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстарды шынайы көрсете білген. Оқушылардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойын есептерін қолданудың әдіс-тәсілдерін өз жұмысында дәлелмен, нақты көрсете алған.
Сонымен қатар дидактикалық ойын есептерін сабақ барысында қолданғанда дайындықтары әртүрлі оқушылардың ой-өрісін дамытудың ерекшеліктері анықталып, сипатталған
Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болатыныма сенімім мол.
Пікір жазған: №26 С.Датов атындағы орта мектептің бастауыш
сынып оқу ісінің меңгерушісі Курасова Г
Дидактикалық ойындарды математикада тиімді қолдану жолдары.
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді.
Бастауыш сыныптың математика сабағында дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың ұйымдастырушылық педагогикалық, дидактикалық шарттарын анықтау және әдістемесін жасау, оны тәжірибе жүзінде тексеру.
Бастауыш мектептегі математика сабағында дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайын анықтау және ол ойындарды қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың теориялық негізін анықтау;
Дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтап, оны психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу;
Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату–оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады. Ойын–баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. Дидактикалық ойындар таным және бастауыш білім беруде оқушылардың іс-әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды және дамытады, балалардың өмір мектебі және «даму тәжірибесі» Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде қалыптасады.
«Оқу құралдарының мінезі - мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Олай болса, ойынды қай сәттерде, не мақсаттпен пайдаланатынымызға аса назар аудару қажет. Мысалы, балалардың ой-өрісін дамыту үшін «Санамақ» ойынын қолдануға болады. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сандардың атын атауға үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі:
«Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тағылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады. (1 сурет)
«Ойын» ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- ойын-сауық;
- коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
- диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- коррекциялық (өзін-өзі түзету);
- әлеуметтендіру.
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары, ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстар. Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылымын блок-сызба түрінде көрсетуге болады. (2 сурет)
Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап, қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу сияқты психикалық үрдістерді жандандырады.
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің ұлғаюына мүмкіндік береді.
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәттілігі мектеп оқушыларының ойын үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты.
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару және мектеп оқушыларын зерттеу элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық тапсырмалар жүргізеді, танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.
Сабақтағы ойын ситуациялары балаларды тежелушіліктен құтқарады, бір-біріне сенімділік және іскерлік атмосферасында белгіленген жұмысты жүргізуге ұмтылады.
Дидактикалық ойындарды сабақтың әралуан буындарына енгізу: 3-сурет
Оқу материалын меңгеруге даярлық кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар жаңа материалды қабылдау үрдісіндегі белсенділікті жоғарылатуды мақсат етеді.
Жаңа материалды бекіту, мақсатында енгізілген дидактикалық ойындар жаңа нәрсені түсінуді нақтыландырады және үй тапсырмасын орындау кезінде неге назар аудару қажеттігін көрсетеді. Бұл жағдайда дидактикалық ойындар мектеп оқушыларының жартылай меңгерген оқу-материалдарына негізделеді.
Қайталау кезінде дидактикалық ойындардың барлық түрлері пайдаланылады. Ойындар мектеп оқушыларын бұрыннан бар білімдерді жаңа ситуацияларда қолдануға итермелейді. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп оқушысының танымдық іс-әрекетін жандандыру үшін басты шарт- жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламалық талаптарға негізделген, бірте-бірте күрделеніп отыратын дидактикалық ойындарды оқу үрдісіне мақсатқа бағытталған түрде енгізу болып табылады.
Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындары.
3. Шығармашылық ойындар.
4. Драмалық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады.
Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
-
Мұғалім дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
-
Дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
-
Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
-
Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
-
Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
-
Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, дидактикалық ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушылардың жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы алған білімдерін тиянақтау, есепке алу.
-
Оқушылардың ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту, тиянақты жауап беруді талап ету.
-
Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Бастауыш сыныптағы математика сабағында дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында қолданудың әдістемесі, теориялық-әдіснамалық нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:
1 Психология мен педагогикада ойындарды қолдану теориясы мен практикасы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде толықтай баяндалған. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым білім беру барысында дидактикалық ойындар ұғымы пайда болған. Бірақта төменгі сыныптарда әртүрлі пәндерді (соның ішінде математиканы) оқытуда олар өздерінің толықтай қолданысын таппаған. Бұл сыныптарда дидактикалық ойындардың ролі мен атқаратын қызметтері анықталмаған және де оларды сабақта қолданудың әдістемесі жасалмаған.
2 Жоғарыда айтылғанға орай зерттеу барысында бастауыш сыныптағы математика сабағында дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайы анықталды. Бастауыш сынып оқушылары үшін дидактикалық ойын есептерін орынды түрде меңгерілетін материалдардың сипатына қарай қолданудың қажеттілігі дәлелденіп, психологиялық-педагогикалық негізі анықталды.
3 Оқушылардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойын есептерін қолданудың әдіс-тәсілдері анықталып, олар теория тұрғысынан негізделді. Сонымен қатар, ұлттық және дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытудағы атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалды.
4 Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойын есептерінің математикалық мазмұны ашылып және оларды қолданудың мақсаты анықталды. Сонымен қатар дидактикалық ойын есептерін сабақ барысында қолданғанда дайындықтары әртүрлі оқушылардың ой-өрісін дамытудың ерекшеліктері анықталып, сипатталды.
5 Бұл
зерттеу жұмысының жалғасы бастауыш сыныптағы математикадан басқа да
пәндердің әрбір тақырыбына байланысты ұлттық және дидактикалық
ойындардың жүйесін құрастырып, оларды қолданудың әдістемесін жасау
қажет.


1 - сурет Ойын-оқудың маңызды бір түрі

2-сурет Ойындарды пайдалану әдістемесінің құрылымы

3-сурет - Дидактикалық ойындардың оқу тапсырмаларын шешу үрдісіндегі мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
[С. Қарапаев. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу
маңызы. /Бастауыш мектеп. 2009Ж №1]
-
[Тұрысбаева. Дамыта оқыту технологиясы.]
-
[Шығармашылық – басты мақсат. Р. Омарова. Бастауыш мектеп.
2010 ж №3/]
-
[Интернет материалдары. www.Google.kz]

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген