Діни
экстремизм –бейбітшілік пен тұрақтылыққа
төнген қауіп
Ғасырлар
бойы аңсаған тәуелсіз ел олу арманы ХХ
ғ соңында ғана жүзеге асты. Осы күнге
тәуелсіздігімізді алғанға 20 жыл болды.
Осы 20 жылда біз республикамызда көптеген
істерді тыңдырдық. Біріншіден, әр адам
өз тәуелсіздігін алды, екіншіден "тіл"
"дін" ұстанушылыққа шек қойылу
жойылды."Дін имандылық" деген
сөздерді қалай түсінеміз? Дін жалғыз
ба?
Дін
–белгілі заңның жүйесі, ол қоғамның әр
бір мүшесі үшін орындауға тиісті
ережелерді қамтиды. Дінге бағанған адам
өз қоғамының заңын жүзеге асыруға
міндетті.
Тәуелсіздік
алған қазақ еліндегі бүгінгі діни таным
мен білім беруді реттеу тікелей зайырлылық
ұстанымының мазмұнына қатысты екендігін
айта кеткеніміз жөн. Ең алдымен мемлекет
пен дін арасындағы қатынас нақтылану
тиіс. Бұл қатынас зайырлылық арқылы
нақтыланған. Бірақ, бұл жерде мемлекеттің
дінге деген тарапсыздығы, дін ісіне
араласпайтындығы ғана паш етілген. Ал
дін феномені мен мемлекет арасында
ешқандай байланыс көрсетілмеген. Кез
келген демократиялық елдің заңнамасына
назар аударсаңыз, дін бабы өз алдына
бөлек қаралады. Содан кейін барып, діни
бірлестіктер, тіркеу және бақылау
принциптері және олардың түсіндірмелері
орын алады. Секуляризм ұстанымындағы,
ғылыми атеизмді негізге алған кешегі
кеңестік жүйе заңы үшін дін жеке феномен
ретінде қабылданбағандықтан, жеке дін
бабының қажеті болмады. Олар тек қоғамдағы
діни көріністерді, мінез құлықты ғана
есепке алды. Біздің бүгінге дейін
қолданып келген заңымыз да кешегі
кеңестік жүйеден қалған мирас болатын.
Қазақстанда
өткен ғасырдың 90-жылдарынан кейін жаңа
діни қозғалыстар, ұйымдар мен культттар
пайда болып, олардың қоғамға ықпалы
арта бастады. Батыста оларды «жаңа
діндер» деп атау орныққан. Олардың басым
көпшілігі XX ғасырдың 70-80 жылдары пайда
бола бастады. Бірқатар зерттеушілердің
пікірінше олардың саны әлемде 1500-ден
5 мыңға дейін жетеді. Бұлардың ішінде
қоғам тыныштығына қатер төндіретін
деструктивті ( керітартпа) діни ұйымдар
мен лаңкестік топтар да бар яғни діни
экстремизм.
Ондай
діни ұйымдардың миссионерлері баратын
елінің, халқының тілін , тарихын,
әдет-ғұрпын, мінез-құлықтары мен
психологиясын зерттеп, өз қызметтерін
табысты атқаруда белсенді жұмыс
жүргізеді.
Адам
мен қоғам өміріне қауіпті діни сарындағы
ұйымдар арбауына түспеу үшін әркімнің
дәстүрлі негізін жақсы білгені жөн.
Жалпы бүкіл азаматты « бір ғана ақиқатқа»
мойындатқысы келетін діни ағымдар
өкілдерінің әрекеттері жан-жақты
ойластырылады
Бүгінгі
таңда қоғам үшін
ақпараттық саланың маңызы сүбелі
екені айқын. Діни сенім
бостандығы мен мемлекеттік конфессиялық
қатынастарды жетілдіру
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге
асыру аясында ең басты бағыт
ақпараттық-ағарту мен үгіт-насихаттау
жұмысын жүргізу болып табылады. Осы
орайда департамент мамандары, ғылыми
қауымдастық өкілдері, үкіметтік емес
ұйымдар және дәстүрлі діндер өкілдері
арасынан ақпараттық-насихаттау тобы
(АНТ) құрылды.
Бидайық
негізгі мектебі
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:Діни
экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа
төнген қауіп
Дайындаған:
Шүкірбекова Б.Б
Сынып:
5-7
2018-2019
оқу жылы