400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Діни экстремизмнің алдын алу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар мен тарих пәні мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге қосымша пайдалануға ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНЕН ҚОРҒАУ

(АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАҒЛҰМАТ)

Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Н.Ж.Гиниятова

  Қоғамның ең әлсіз тұсы дін. Олай дейтініміз бүгінгі таңда жастарымыздың жат ағымға бой алдыруы, тіпті лаңкестік әрекеттерге ұрынуы қазіргі уақыттағы қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Діндер адамзат т арихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланып отыр.

Діни экстремизм - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халықтың арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы – осының айғағы. Мұндай экстремистік ұйымдарға енудің бастауы жасөспірімдеріміздің өзге секталарға бет бұруынан бастау алады. Оған дәлел күні кеше БАҚ –ынан көрген Сирияға жасырын кеткен өз қандастарымыздың жайы.

Оқушылардың бойына діни сана мен діни білімді қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мақсатта мемлекетіміз білім ұяларының бағдарламасына «Дінтану» пәнін енгізуді қолға алды. Елімізде «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы», «Діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданып, теріс ағымдармен күрес жүргізілсе де олардың саны азаяр емес.

Қазіргі кездегі жаман пиғылды үгіт насихат жұмыстарын жүргізумен айналысып отырған әртүрлі діни ұйымдар, діни ағымдар өте көп. Деректерге сүйенсек, 90-жылдардың басында Қазақстанда 500-дей діни бірлестіктер мен ұйымдар бол­са, бүгінде олардың саны 4000-нан асып отыр. Соңғы кездері іс-әрекеттері әшкереленсе де, саңырауқұлақтай қаптап кеткен "Вайшнавтар", "Бахаи" сенімі, "Бірлестік шіркеуі", "Соңғы өсиет шіркеуі", "Кришнаны тану қоғамы", "Саен­то­логия" шіркеуі, "Мормондар", "Сахаджа йога", "Жаңа аспан", «Иегова куәгерлері» секілді т.б. толған өзге діннің өкілдері әсіресе, жастарды осы дінге үгіттеуде. Жұмысқа шақырып немесе "Ағылшын тілін оқытамыз, пси­хологиялық көмек көрсетеміз" деп, алдап-сулап маңайларына адамдарды жинап алып, өз ағымдарын насихаттап жүрген діни бірлестіктер бүгінде өз қараларын күн өткен сайын көбейтуде. Мұндай теріс ағымдарға негізінен, жұмыссыздар, өмірден өз орнын тап­па­ған­дар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе, жастар олардың үгіт-насихатына тез ілі­гетін көрінеді. Еліміздің батыс өңірінде де түрлі діни ағымдарды ұстанған жастардың да көбейіп бара жатқаны жа­­сырын емес.

Қоғамымызға іріткі салып, қатыгездік пен келіспеушілікті туғызатын әр түрлі діни экстремистік топтар бүгінде мектеп қабырғасында білім алып жүрген өскелең ұрпаққа да кері әсерін туғызуда. Тіптен, жат ағымға ер­ген жасөспірімдердің мектептегі оқула­рын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл-қыз­дардың музыка тыңдау – харам, мем­лекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, евангелші баптистердің "жер бетінде шекара болмауы керек" деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы естен шығаруы­ның айғағы болса керек. Айта кетерлік нәр­се, жат пиғылды ағым­дардың жетегінде кеткен жастардың, жал­пы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын. Тіпті кейде мүмкін де емес. Өйт­ке­ні оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қа­сиет­ті ұғымдар толғандырмайды. Сана­сы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айт­пай орындайтын сарбаздарға айнал­ғанын өздері де түсін­бейді. Түрлі діннің ағымында кеткен әке мен баланың бір дастарқаннан ас іш­пек түгіл, бірін-бірі жау көруі, өзінен туса да өзгедей күй кешіп, әке-шешесін тың­да­май балалары басқа діннің ағымында кетіп қаншама ата-ананың зар қағуы бүгінгі таңда кездесіп отырған жайттар. Сондықтан да мәпелеген ұл-қыздарымыздың кейін жат ағымның шырмауында кетпеуі үшін бала тәрбиесіне көңіл бөліп, бақылап, бос уақытын, қоршаған ортасын үнемі назарда ұстап отыру ол әр ата-ананың маңызды міндеті.

Оқушылардың өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білуін, яғни толеранттылығын, экстремизм, ұлттық, нәсілдік және діни тұрғыдан жеккөрушілігін, қатыгездігін алдын алу құралы ретінде қалыптастыру бүгінгі тәрбие үрдісіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Отбасы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала ата–ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін–бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-ана мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады. Баланы жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулып өсіру шарт. Бос уақытын тиімді пайдалануға көңіл бөлуі шарт. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өміріне бағыт беретін ұя.Сондықтан да біз бірлесе отырып ұл-қызымыздың бойына ұлттық тәрбие мен имандылық тәрбиесін сіңіруге бар күшімізді салуға, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін, жас ұрпақтың келешегі жарқын болуы үшін бір кісідей атсалысайық дегім келеді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
4180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі