жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама: «ДҮНИЕТАНУ» САБАҚТАРЫНДА ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
МақсымбаеваСұлу жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-сі
Бейнеу селосы
«ДҮНИЕТАНУ» САБАҚТАРЫНДА ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
АННОТАЦИЯ
Баяндама мақсаты: Білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы үшін жаңа заманауи оқыту әдістерін пайдалану.
Баяндама кезеңдері: Жаңа заманауи оқыту әдістерін қолдану тиімділігі, тәрбиелілігі мен ерекшеліктері, сабақтың нәтижелілігі.
Оқыту әдістерінің тиімділігі: жеке,топпен және жаппай жұмыс жасай білуі, шығармашылық қабілеттерінің көрінуі.
Цель доклада: Создать новые формы обучения, создать определенные знания и обучить ступеням знаний. Чтобы учебный процесс был качественным и итоговым использовать современные методы обучения.
Этапы доклада: Доступное совершенствование новых современных методов обучения, воспитание и отличие, итоги уроков.
Методы: индивидуальный, групповой, повышение творческих способностей.
The aim of the report: create a new model of education certain amount of education and teaching skills. Effective learning process and quality to be the use of modern methods.
The stages of report: the effectiveness of the use of modern methods, upbringing and features, continued effectiveness.
The effectiveness of teaching methods: private, and able to do mass work group, to look creative abilities.
Жас ұрпақ-ел тірегі
ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан
сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу.
«Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап
сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған
талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
Қазіргі таңда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі
дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар
жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды
технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда.
Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты
үйрете жүріп, үйрену.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану
стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.
Менің дүниетану пәнін оқытуда
озық технологияларды пайдаланудағы басты мақсатым –оқушыларға білім
беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда
қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары
мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады. «Дүниетану» пәні
оқушыларға қоршаған ортаны, түрлі қоғамдық және табиғи үдерістер
мен құбылыстарды толық,өзара байланыста танып- білуге мүмкіндік
береді.Қызығушылығын оятып: Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда тұрып
жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? Біздің өткеніміз бен келешегіміз
қандай? – деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік береді.Бұл
мақсатқа жету үшін дүниетану пәні сабақтарында заманауи оқыту
технологияларын пайдалану басты мақсат болып отыр.
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады,
қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар
іс жүзінде жүзеге асырылады.
Кез келген ұстазға сапалы беруге мүмкіндік беретіндігімен
ерекшеленетін жаңа технологиялар бар екеніне көз жеткізуге болады.
Мен осы технологиялардың ішінен «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
технологиясының әдістерін дүниетану сабақтарында
пайдаланамын.
Осы әдіспен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді, оқушы белсенділігін арттырады. Оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың бойында болуы мүмкін. Мұғалімнің міндеті- оқушы бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашу.Олай болса өз тәжірибемде пайдаланған әдістерге тоқталайын.
-
Тақырыпты сұрақ қою арқылы ашу, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру (ой қозғау, инсерт кестесі)
-
Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс (эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, т.б. )
-
Қиялдау арқылы сурет салғызу (сурет салу стратегиясы)
-
Өлең шумақтарын құрастыру (5 жолды өлең)
-
Мәтіндегі ұқсастықтар пен айырмашылықтарды табу
(Венн диаграммасы).
-
Тақырып мазмұнына қарай жинақтау (мақалдар, жұмбақтар жинақтау)
-
Өздері іштей оқып, түсінбеген сөздерді немесе сөз тіркестерін, сөйлемді белгілеу (Түртіп алу стратегиясы)
-
Кубизм әдісімен топтарға сұрақтар беру (Кубизм әдісі)
-
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы үш кезеңнен тұрады:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны ашу
3. Ой толғаныс
Бірінші кезең- оқушыларды танымдық процеске жұмылдырады, қызығушылығын оятады, оқушыларды оқытуға жағдай тудыратын білімқұмарлық атмосфера қалыптастырады. Сондықтан сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.Оқушылар ойлай бастайды, болжайды, жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Бұл кезеңде сабақ үрдісінде бейнероликтер көрсетіп, ойын, пікірін ортаға салуға мүмкіндік беремін. 1-сыныпта «Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы», 3-сыныпта «Табиғаттағы су.Бұлт және тұман», «Жүрек –қан тамырлары» тақырыптарында өткізген сабақтарымда қызығушылықты ояту кезеңінде 2-3 минуттық бейнероликтер көрсеттім. Бұл оқушылардың еркін айтқан барлық ақпараттарын жүйелеу тек қана айтылған пікірлерді тәртіпке салып қоймай, жаңа ақпаратты зерттеуде болашақ жұмысқа бағыт берді.
Екінші кезең – Мағынаны тану, оқушылар жаңа ақпаратты алғанда, жаңа идеялар ойға келгенде жүзеге асады. Бұл кезеңде жаңа сабақ бойынша жаңа ақпарат алуларына баса назар аударамын. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы екпін беремін.Түсініктерін тиянақтап , жұппен жұмыс, топпен жұмыс , зерттеу жұмыстарына тапсырмалар беремін. Бұл жұмыстарды орындау барысында оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, ақпаратты тәжірибемен байланыстырады, талдау жасап, сараптауға дайындалады.Топтық жұмыстар мен постер қорғайды. Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін, өз тарапымнан ақпаратты түсінікті етіп жеткіземін, оқушылардың ынтасы мен белсенділігіне баса назар аударамын.
Үшінші кезең – рефлексия (толғаныс) білім алудың қорытынды кезеңі оқушылар сабақ бойы алған білімдерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең . Рефлексия арқылы оқушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды, сыныптастарымен және мұғаліммен қарым-қатынас жасай алады.Жаңа ақпарат пен өз білімінің
толығуын тексере алады.Бұл кезеңде игерілген жаңа білім өз біліміне айналады. (1)
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы – оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз
даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сабақ- мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым- қатынасқа түсуі бізге байланысты. «Пассивті» оқушыдан «активті» оқушы жасау үшін интерактивті оқыту технологияларының элементтерін қолдануы қажет. Өзін-өзі реттей білетін, жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болуы керек. Мұғалім тағдыры- үнемі, өмір бойы іздену, оқу- тоқу.Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруға өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығын арттыратындай етіп ұйымдастырса, оқушының оқуға деген ынтасы да пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыруымыз қажет.
«Оқушы – толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»,- деп Дональд Ховард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру, біздің міндетіміз. (2)
Нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, дамуына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімде жұптық, топтық жұмыстарды пайдаланып, оны одан әрі заманауи талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көруге болады деп есептеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш сынып. № 3. 2014 жыл, 7-8 бет
2. Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбие ісі № 1 2017 жыл, 8-9 бет
3. Бастауыш сыныпта оқыту
әдістемелігі. № 3. 2016 жыл, 53 бет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген