Eлбасы - мемлекеттің биік
тұлғасы
Ауыр күнді артымызға
тастауы
Қиын сәтте қиындықтан
қашпауы
Тілін, дінін, ұлтын қайта
көгерген
Елбасымыз – өз халқының
таңдауы
Қазақ халқының Алтай мен
Атырау, Тянь-Шань бөктері мен Сібірге дейінгі кең алқапты алып
жатқан ұлан-ғайыр жеріне ғасырлар бойы көз салмаған көрші ел
болмаған шығар. Ата-бабаларымыз сол жерді жаулардан ғасырлар бойы
қасық қаны қалғанша ұрпақтары үшін қорғап келді. Өз басынан қандай
қиыншылықтар өтсе де, өзгені сыртқа тепкен жоқ. Барша ұлтты
бауырына басып отырған Қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем деп
көрмеген . Татулық пен достықты әрдайым жанына серік етіп отырған
.
Қазақстан – өз ұлты, халқы,
діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Осы
елді кемеліне келтіріп отырған, халықты бастап отырған, әрине,
елбасымыз емес пе? Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет тұтқасын
ұстап, туын көтерген тұрлаулы тұлға – тұңғыш президентіміз –
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған жаһанға
аты жеткен мемлекетке айналдық. Қазақстан деген тәуелсіз мемлекет
басында тұрған, осы жолды тар жол тайғақ кешуді халқымен бірге
өткізген, қиыншылықтарға төзе білген, оған жаңа Астана жасап, жаңа
қала тұрғызған, қазірде елді дамытудың даңғыл жолына бастап отырған
кемел ойлы, кемеңгер биік тұлға – елбасы.
Кеңес үкіметінің құлаған
сарайын күреп тастап, ата-бабамыздың ақбоз үйін тіге қою оңай
болған жоқ. Елбасы үшін ең бастысы - егемендік алғалы бері көп
ұлтты еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу
болды.
Халықты аштыққа, жалаңаштыққа
ұрындырмай, қиын кезеңдерден алып шығып жүрген, әлем картасынан
орын алған, Қазақстан деген мемлекеттің барын білдірген – елбасы.
Бұл өзекті мәселелерді елбасы бірден-бір баянды бағытта ұстанды,
еліміздің шаңырағын өзге мемлекеттерден биік қоя білді.
Президентіміздің ел тәуелсіздігінен кейін ең бір батыл, шешімі –
астананы Ақмолаға көшірді. Астана – еліміздің өмірдегі жаңа дәуір
бегісі. Астанамыз аз уақыт ішінде Қазақстанның ірі мәдени
орталығына айнала бастады. Президентіміз өзінің туған елін сара
жолмен абыройлы бастап келеді. Бұл жолда Елбасы қаншалықты абыройлы
болса, халқы да оны құрметтеп, сыйлаумен келе жатқаны баршамызға
аян. Президентіміздің орасан зор еңбегінің арқасында «Өзге елде
сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақал өз жолын тауып,
шет жерлердегі қандастарымыз елге оралды. 1986 жылғы қанды
желтоқсанда айыпты ұлтшыл деп танылған қазақтың ұл-қыздарын
ұлтжанды деп танып, оларды мойындарына тағылған айыптан арашалап
алды. Бір өкініштісі олардың біразы бұл күнді көре алмады, бірақ
біздер
Президентімізді, елімізді
бүкіл дүние жүзі таниды. Өйткені, Елбасы өмірі мен қызметі елі мен
жеріне, оның болашақ дамуына арналған. Парижде өткен Халықаралық
көрме бюросының бас ассамблеясында өткен дауыс беру рәсіміне
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барып қатысуын сан саққа
жүгірткендер де жетерлік. «ЭКСПО – 2017» көрмесін Қазақстанда
өткізуге 103 мемлекет дауыс бергендігі – әлемге еліміздің танылғаны
емес пе және оны мақтанышпен айта аламыз. Халқымыз өз таңдауымен
Президентті сайлады және тәуелсіздік алғалы көптеген Нұрсұлтандар
дүниеге келд, яғни халқымыз ұлдарының ел қалаулысындай болғанын
қалайды. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Әрине, Елбасы жолы
оңай болған жоқ. Ол өз сөзінде: «Елді бастау - маған сын, мені
қоштау – елге сын» деп жуапкершілікпен айтты. Еңбек жолы
Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шыңдалған. Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған елге айналдырды. Ел
сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің
жетістігі деп есептемей «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында»,
т.б. еңбектерінде халықты өткеніне үңілдіріп, болашаққа нық қадам
басуға шақырды.
Қазақтың тұңғыш
президентіне:
Бақ қонған ғажап
елім.
Нұрсұлтан
Назарбаев
Артамыз сізге
сенім.
Елім деп, жерім
деп,
Адымдап
сенімменен.
Халқымның
көшбасшысы
Еңбектен ерінбеген, - дей
отырып, президентіміздің жыл сайынғы жолдауы - біздің адаспайтын
жолымыз, айқын да ашық бағдарламамыз екендігін айтқым келеді.
Елбасы өзінің жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,
- деп бізге үлкен сенім білдірді. Бүгінде жастарға үлкен қолдау
білдіріп, түрлі бағдарламалар ұсынып, жастардың болашаққа деген
сенімін арттырып, ғылым мен білімге ден қойған жастарға жол ашуда
отыр. Ең бастысы, Кеңестер Одағы құрамында жүргенде қазақша
сөйлеуге намыстанатын қазақтардың ана тілі, яғни біздің ана сүтімен
бойымызға дарыған тіліміз жоғалудың сәл-ақ алдында еді. Қазіргі
таңда елбасының елеулі еңбектерінің арқасында туған тіліміз
жанданып келеді.
Азаматтық ұстанымы жоғары, өз
келешегіне бей-жай қарамайтын елбасымызға үлкен рақмет! Міне,
еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр. Осы ширек ғасырда
Қазақстанның қол жеткізген жетістігі мол. Әрине, ол елбасымыздың
арқасында. Мен өз Президентіммен мақтанамын! Бүкіл елімді
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен шын жүректен
құттықтаймын.
Серпігенде бодандықтың
тұманын,
Жеті әлемге ұраным мен
жыр-әнім.
Өзің болдың көшбасшысы
елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан
қыраным.