400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Елбасы Жолдауы - еліміздің жарқын болашағының жоспары"

Материал туралы қысқаша түсінік
2018 жылы 5 қазанда Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен сапасын арттыру" жолдауымен таныстыру. Ел дамуының 6 басым бағытына тоқталып түсіндіріп өту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елбасы Жолдауы – еліміздің жарқын болашағының жоспары


2018 жылы 5 қазанда Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты кезекті Жолдауы жарияланды.

Елбасының бұл Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналып отыр.

Елбасының әрбір игі батсамасы мен Жолдаулары – ел дамуының негізгі қозғаушы күші.Себебі әрбір Жолдау – егемен елімізді одан әрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы болып қарастырылады.

Өз Жолдауында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының 6 басым бағытын айқындап, оларды жүзеге асыру тектерін көрсетіп берді. Атап айтқанда:

1. Халық табысының өсуі

2. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру

3. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру

4. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат

5.Тиімді сыртқы саясат

6. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.

Осы күнге дейін жеткен жетістіктерімізді сақтап, оларды одан әрі күшейтудің үлкен мүмкіндіктерін көрсетіп берген "Президенттіміздің 6 бағыты"ел дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына бағытталған маңызды қадам болып саналады.Оның жүктеген міндеттері мен мақсаттары ауқымды өте зор.

Қай елді алып қарасақ та, білім беру жүйесі - экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістер мен дамуға әсер ететіндігі анық. Әлемнің кез келген елінде білім тұлғаның әлеуметтік үдеріске тиімді қатысуын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады.

Жолдаудың ІІ бағытының ІІ бөлімінде мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту мәселесінде Елбасы балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі кезеңде білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге баса назар аударып отыр. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру сапасын Елбасы түбегейлі жақсарту қажеттілігін атап өтті. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Сондықтан білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылып, Білім және ғылым министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, “Жол картасын” әзірлеу тапсырылды.

Орта білім беру саласында Назарбаев зияткерлік мектептерінің әдістемесін жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесіне енгізуге, жоғары сынып оқушыларын нарық сұранысына сәйкес мамандықтарға бейімдеуге, олардың білім сапасын бағалауды халықаралық стандарттарға негіздеуге, кәсіби диагностика жүргізу маңызды екенін айтты. Бұл мұғалімдерге жоғарғы сыныптарда бейіндік пәндерінің жүргізілу сапасын жоғарылатып, мамандыққа бағдар жұмыстарын жоғарғы дәрежеде жүргізу керектігін міндеттейді. Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, жүз процент барлық оқу орындарын бейнебақылау жүйесімен қамтуға, психолог мамандардың жұмысын жандандыруға көңіл бөлді.

Ұстаздық қызмет - ауыр еңбек дей келе, жаңа буын жастарын тәрбиелеп, білімді ұрпақ өсіру үшін Елбасы ұстаз мәртебесін заң жүзінде бекітуді қоғамдағы маңызды мәселенің бірі деп көрсетті. «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс»- деді Елбасы.

Жолдауда айтылған міндеттемелерге сүйене отырып, біз жастарымыздың білім алуына, ғылымға ұмтылуына, өндіріспен айналысуына барынша жағдай жасауымыз керек.

Біз, педагогтер қауымы, Президент саясатын қолдаймыз. Біздің білім беру жүйеміз әлемдік стандарттарға сәйкес келіп, нақты жетістіктерге жететін әрі Қазақстанды жаңа деңгейге шығаратын заманауи ұрпақ тәрбиелеу үшін түбегейлі өзгеруі керек.

Елбасының жаңа Жолдауы ел ішіндегі ырысты арттырып, ынтымақты нығайтуға орасан зор ықпал ететіндігі белгілі. Мақсат - айқын, міндет - асқаралы. Сол үдеден табылу - баршаның борышы деп білемін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.06.2019
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі