жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Елбасының бейбіт бастамалары – барша әлемге үлгі"
"Елбасының бейбіт бастамалары – барша әлемге үлгі"
«Жетінші қазынамыз: Қазақ елінің абыройын асқақтатып, бүкіл әлемді мойындатқан жаһандық жауапкершілігі мен барша адамзаттық бастамалары».
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ,
(Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзден.)
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биыл- 30 жыл. Осындай аз уақыттың ішінде жас мемлекетіміз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жаһандық бастамаларының арқасында Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың сенімді мүшесі ретіндегі халықаралық беделі айтарлықтай артты. Халықаралық деңгейде Қазақстан қарусыздану және жаппай қырып жою қаруын таратпау үдерісінің көшбасшысы, аймақтық және аймақаралық интеграциялық үдерістер бастамашысы, мәдениет, дін және өркениеттер арасындағы пікір алмасудың модераторы ретінде танымал болды.
Еліміздің іргелес жатқан көрші елдер және сыртқы әлеммен арадағы белсенді, әрі бейбіт қарым-қатынасы Орта Азиядағы Қазақстандай табиғи байлығы және Еуропа мен Азияның арасындағы экономикалық
қатынастарға өте қолайлы еліміздің экономикалық тұрғыдағы дамуын жеделдете түскендігі анық. Осы орайда еліміздің жаһандық деңгейде тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікке ықпалын тигізген негізгі халықаралық бастамалары туралы тақырыпта әңгіме қозғағанды жөн деп санадым. Әлемдік саясатта біздің еліміз - талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. Қазіргі таңда Н. Назарбаевтың ұсынған
бастамалары әлемдік деңгейде мойындалып, жетістікті әрекет етіп келеді. Солардың бірнешеуінің жұмысына тоқталып өтсем деймін.
-
Президенттің бастамашы болуымен 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймак құру туралы шартқа кол койылды Осы аймақтағы мемлекеттерге БҰҰ шеңберiнде iрi ядролык державалар тарапынан күш қолданбау кепілдіктері берілді. Ал БҰҰ-ның 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы iс-қимылдың халықаралық күнi деп жариялағанын. Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі маңызды рөлінiн мойындалуы деп бағалаған жөн.
-
Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнiндегi бастама қазақстандық көшбасшының 1994 жылы Мәскеуде сөйлеген сөзінің негiзгi арқауы болды. 2014 жылғы мамырда Астанада ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылды, ал 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап осы интеграциялық бiрлестiк сәтті жұмыс iстеп келеді.
-
Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерi бiрiншi съезi 2003 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасымен өттi. Әлемдiк және дәстүлi дiндер лидерлерi съезi
Қазақстанның өзiндiк визит карточкасына айналды. Елбасының осы бастамасының арқасында Съез әр түрлi дiн, мәдениет және өркениет
өкiлдерi арасында ашықтық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлкен үлес қосады.
-
ЕҚЫҰ саммитi Астанада 2010 жылғы желтоқсанда өттi. Кездесуге
мемлекеттер мен үкіметтердің 30 басшысы қатысты. Қорытындылары бойынша астана декларациясы кабылданды, онда осы ұйымның негiзiнде жатқан нормалар, қағидаттар және мiндеттемелер расталды. Қазақстан ТМД мен Орталық Азияда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарған алғашқы ел болды.
-
ҚР Елбасының әлемнiң барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа карсы жаһандык жолдауы «Әлем. XXI ғасыр» манифесiн
барлық әлем мойындады. Манифес БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Бұл дүниежүзілік қоғамның Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан күшi мен жеке үлесін жоғары бағалауын білдіреді.
-
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру мақсатында «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясы 2012 жылдың 12 қаңтарында
www.group-global.orgсайтында G-Global ақпараттық-коммуникативтік интернет алаңы форматында зияткерлік желісін іске қосты. G-Global - бұл әлемнің сарапшылар қауымдастығына әлем экономикасы
мәселелерi жөнінде интерактивті, ашық және бұқаралық пікірталастар, пікірсайыстар жүргізуге жағдай жасайтын көпфункциялы
-
Елiмiздiң жаһандық бастамаларда алатын орны ерекше екендігін айқындайтын басты дәлелдердiн бiрi- елордамыз Астана каласында өткен Халыкаралык EXPO-2017 көрмесi. Елбасы Н.Назарбаевтын ұсынысы бойынша «Болашақтың энергиясы атты тақырыпта өткен көрме энергияның экологиялық таза және жаңартылатын көздерін дамыту жөнiндегi әлем ғалымдарының күш-жiгерiн бiрiктiрдi. Бұл көрме Қазақстанды тағы да бiр қырынан әлем назарына таныта білді.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, көптеген елдер Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту тәжірибесін зерделеуге ниет білдіруде.
Нигериялық сарапшы Коллер Шеху Мусаның ойынша, Солтүстік Корея мемлекеті халықаралық қауымдастықтан, аймақтық маңызды елдерден, бейбітшілік процесін басқаратындардан көп нәрсені талап етеді.
Сондықтан оларға өздеріне сенімді болу үшін осындай сұрақтар қою өте маңызды. Мұны сенім шаралары деп атайды. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы кезінде терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы жүзеге асырылды. 2018 жылдың қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев қол қоюшыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттейтін арнайы кодекс әзірлеуді ұсынды. 70-тен астам елдің басшылары осы құжатқа қол қойды. Осы және басқа да көптеген ұсыныстарды шетелдік сарапшылар жоғары бағалайды.
Халықаралық құқық фирмасын басқарушы Габриель Ланский: «Егер біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жақында атқарған рөлі туралы, ЭКСПО-2017 туралы, ДСҰ-ға кіру және басқа да маңызды мәселелер туралы айтар болсақ, Қазақстанның осы аймақтағы Еуразия үшін де, Еуропа үшін де болашаққа апаратын шешуші ойыншы екенін түсіну керек. Осылайша, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасында қажетті көпір салуға көмектесетін серіктесі бар болғанына біз өте қуаныштымыз.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның БҰҰ жүйесіне кіруі сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды қадам болған. Атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігі әлеуметтік-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа бағыттардағы көптеген салаларды одан әрі жетілдіруге және модернизациялауға қолайлы жағдай жасады», – дейді.
Канадалық медиа агенттік директоры Гарри Нанданың айтуынша, Қазақстан елі жас та болса, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып әрі оған төрағалық етіп те үлгерді. Саясаткер ретінде Н. Назарбаев Қазақстанды әлемдегі жаһандық ойыншылардың біріне айналдырды. Оның G-Global идеясы – бұл қазіргі уақытта 26 қатысушысы бар АӨСШК құруға бағытталған жас бастама. G-Global таяудағы жылдары, соның ішінде жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға
арналған үлкен алаңға айналуы мүмкін. Өйткені, Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартушы, бітімгершіліктің хабаршысы атанған мемлекет.
Осылайша Қазақстан Республикасының бітімгершілік аясындағы жаһандық бастамалары әлем назарын аударып отыр, ал даму жолындағы елімізге халықаралық сарапшылар оң бағасын беруде.
Ендігі кезекте ең алдымен әр Казакстан Республикасының азаматы ата-бабамыз аманат еткен ел Тәуелсіздігін сақтау керек. Тәуелсiздiк - бұл бүгiнгi өмiр ғана емес, ертенгi өмiрiмiз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкiндiктерi мен мақсаттары. Ендігі жерде біз аз уақытта әлем аренасында беделдi мемлекеттің егемендігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, «Мәңгілік ел» етуіміз қажет. Ол үшiн осы уақытқа дейiн жұдырықтай жұмылсақ, сын-қатерлер кезеңiнде де ауызбiрлiгiмiзден айырылмау-басты мiндет. Бүгiнгi бейбіт те шуақты кундердi бағалай отырып, жана биіктерге ұмтылу біздің буынның басты бағыты болуы тиіс.
Тарихта көрсеткендей, Қазақстанның егемен ел ретінде дамуға бет алған алғашқы күндерінен бастап жаһандық деңгейде де, республикалық деңгейде де маңызды саясат жүргізіп келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің тәуелсіздік пен кемел елді орнықтыру және дамыту жолындағы қадамдары нық. Елбасымыз ұйытқы болған жаһандық бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау табуы - Елбасының көреген саясатының арқасы. Атамыз қазақ «нар жолында жүк қалмас» деп бекер айтпаған. Демек, Нұрсұлтан Назарбаевтай ұлы тұлғасы бар, өзіндік көзқарасы, өзіндік ұстанымы, өзіндік даму жолы бар жас мемлекетіміздің шығар асуы әлі де биік болмақ.
Қазақстанның төл жаһандық бастамалары мұнымен әрине, таусылмайды. Оның бәрін тізіп, тере берсе, тұтас томдарға жүк болмақ. Ең бастысы, осы бастамалары мен жобалары арқылы Қазақ елі өзінің бейбітшілік, достық, өзара құрмет пен мәдениетке негізделген қағидаттарды берік ұстанатынын төрткүл дүниеге паш етеді. Сондай-ақ Қазақстанның бейбіт бастамалары қазіргі халықаралық қоғамдастық пен болашақ ұрпақ үшін ізгі, жақсы әлемді қалыптастыруға ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген