жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
баяндама "Электрондық оқыту жүйесі"
|
Коучинг тақырыбы: |
Электронды оқыту және интернет желісін пайдалану-оқушылардыі пәнге деген қызғушылығын арттыру |
|
|
Өтілетін күні: |
27.03.2018 ж |
|
|
Сілтеме: |
Нұсқаулық, слайд, Kahoot.com, bilimland.kz сайттары |
|
|
Мақсаты: |
Ұстаздарға сабақ беру барысында АКТ-ні пайдаланудың тиімділігін арттыру. |
|
|
Оқыту нәтижесі: |
АКТ аббревиатурасын түсінеді. АКТ-ні оқытудың қай кезеңінде пайдалануға болатындығын, сонымен қатар сабақта оқушылардың АКТ-ні пайдалану қабілетін тиімді пайдалану, АКТ құралдары мен көп түрлілігімен танысады |
|
|
Негізгі идеялар: |
Қазіргі қоғам коммуникацияның көпшілік түрлерін қолданады. АКТ-ні қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады және оқушылардың шығармашылық потенциалының қарқынын арттыруға мүмкіндік туғызады. |
|
|
Тапсырмалар-дың түрлері: |
Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер. (пікірлесу, ой бөлісу, талқылау) |
Уақыт |
|
Психологиялық тренинг |
«Мұғалім айтады» сергіту сәтін өткізу. Бұл мұғалімдердің топта бірлесіп жұмыс жасауы мен ойларын жинақтауға көмектеседі. |
5 минут |
|
Топқа бөлу |
Фигуралар арқылы 5 топқа бөлу |
2 минут |
|
Тапсырма №1 Миға шабуыл |
Нұсқау. Kahoot программасы арқылы бірден тіркеліп Жаңартылған программа бойынша тест сұрақтарына жауап беру Сұрақтар:
|
10 минут |
|
Бағалау |
От шашу арқылы кері байланыс беру |
1 мин |
|
Таныстырылым |
Тақырыпқа сәйкес презентация көрсету. |
2 минут |
|
Тапсырма №2 |
Bilimland.kz әдістемелік кешен туралы ой бөлісу. Мүмкіндіктерін ашып көрсету |
10 минут |
|
Қорытынды рефлексия |
|
3 минут |
Kahoot — әр түрлі платформалар арасындағы қайышылықты сынып ішінде шешкен сервис болып табылады. Ол арқылы көптеген тест тапсырмаларын сурет, видео қойып жасауға болады. Онымен тест тапсырмасын құрастырып, тест өткізу үшін интернетке қосылу керек. Бұл сервис арқылы сондай-ақ сайыс өткізуге болады. Мысалы мұғалім компьютері арқылы бір мезетте бір тесті әртүрлі гаджеттермен қатыстыра аласыз.
Ең маңыздысы Kahoot — тегін білімді тексеруді ыңғайлы қызықты ресурс болып саналады.
-
Тіркелгеннен кейін сізді сіздің жеке акаунтыңызға жібереді. Өз акаунт парақшаңызда оқушыларыңызға қандай тапсырма құрасыз соны таңдау керек болады. (quiz, discussion, survey)
-
Мысалы біз“Quiz” дегенді, таңдаймыз. Атау беремізде ары қарай жылжыймыз. Одан әрі сұрақтарды құрастыруға жылжыдық. Сұрақ құрастыру мен бірге әр сұраққа қанша уақытта жауап беру керегінде енгіземіз. Сұрақта иллюстрация (сурет) және видео қосып жасауға болады. Сұрақтаға дұрыс жауапты (қызылды басамыз “Incorrect“) ары қарай (save&continue) кнопкасын басамыз.
-
Одан ары публикацияны баптау керек. ( тілін таңдау , приватность, деңгей, сипаттама, тегтер)

Осымен сіздің сұрақтарыңыз дайын Қосылу
Өзіңіздің тапсырмаларымызды ойынға қосамыз (Play now)

Сіздердің мониторларыңыздан ПИН шығады. Бұл ПИН кодты оқушыларыңыз тапсырмаларға кіру үшін қолданады.
Оқушыда интернетке ноутбук, смартфон немесе басқа гаджет болу керек. Тегін маркеттерде Андроид пен айос үшін арнайы (kahoot) деген тегін қосымшаларды жүктеп алуға болады. Смартфонда қосымшаны қосамыз бізден ПИН енгізуді сұрайд.

(сайтта көрсетілген пинді енгіземін) ары қарай аты жөнімізді енгізуді талап етеді (ник)

Сайт берген пин кодты енгізіп nickname (аты-жөніңізді енгізгеннен кейін) осындай парақта сұрақтар тұрады. Сұрақ жауаптары әр түрлі түстегі тік төртбұрыштар үстінде орналасқан.

оқушы смартфонда, планшетте, нетбукта, ноутбукта, дербес компьютермен жауап бере алады
«BilimLand білім беру платформасын» (ЭЕМ-ға
арналған бағдарламасы), «iTest» – ҰБТ-ға дайындау бағдарламасы
бойынша виртуалды оқыту кешенін (ЭЕМ-ға арналған
бағдарламасы), «iMektep» дыбыстау-бейнелеу туындысын –
анимациялык фильмін ОНЛАЙН пайдалану қызметі
бойынша
1.
Анықтама
Оқыту
порталдары – «iTest» – ҰБТ-ға дайындау бағдарламасы бойынша
виртуалды оқыту кешені (www.itest.kz), «iMektep» дыбыстау-бейнелеу туындысын –
анимациялык фильмі (www.imektep.kz), «BilimLand білім беру
платформасы» ЭЕМ-ға арналған бағдарламасының
(www.bilimland.kz) біріктірілген
анықтамасы.
«BilimLand білім беру платформасы» (ЭЕМ-ға
арналған бағдарлама) – мектепке дейінгі және инклюзивтік білім беретін
интерактивтік электрондық курсынан, сондай-ақ негізгі мектептің
виртуалды зертханалық жұмыстары мен симуляторлар кешенінен
құралған, электронды оқытудың әлемдік көшбасшыларының алдыңғы
қатарлы жетістіктеріне
негізделген, әмбебап, көп тілді білім беру
платформасы.
«BilimLand білім беру платформасы» әр түрлі сабақтардан, жаттығулардан, тестілік тапсырмалардан, сондай-ақ виртуалды зертханадан құралған.
«iTest» – ҰБТ-ға дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешені (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама) – «Математика», «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «География», «Биология», «Ағылшын тілі», «Дүниежүзілік тарих», «Неміс тілі», «Француз тілі», «Химия», «Физика», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша сандық түрде ұсынылған оқыту контенті.
Бүгінгі күнде талапкерлердің ҰБТ мен ТКТ-ға нәтижелі дайындалуында iTest.kz сайтының орны ерекше. iTest виртуалды жаттықтырғышы жылдам әрі өнімді жұмыс істеп, қолдануға ыңғайлырақ бола түсті. Сонымен, сайтқа енгізілген жаңартуларға тоқталып өтсек: жаңартылған iTest.kz сайтын жасау кезінде бағдарлама тілінің ең жаңа PHP нұсқасы қолданылды. Басты бетте порталдың қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіретін блог жасалынып, барлық пәндер осы басты бетке шығарылды. Жаңартылған сайтымыздың профайл бетіне «Статистика» парақшасы қосылды. Аталған парақшадан тест тапсырушы орындаған тест тапсырмалары мен балл санын көре алады. Жаңартылған iTest-ті кез келген жерде, кез келген уақытта экранының көлемі әртүрлі құрылғылардан кіріп қолдануға болады. Сондай-ақ, оқытушылардың жаңартылған сайттан берілген конспектілер мен тест нұсқаларын PDF пішімінде жүктеп алу мүмкіндігі бар.
Оқыту контенті порталда, сондай-ақ тестілік сұрақтарда орналастырылған, мектеп пәндерінің негізгі бағыттары бойынша түсініктемелік материалдардан құралған. Тестілік сұрақтар негізгі тарауларға бөлінген, сондай-ақ «Толық тестен өту» бөлімі де енгізілген.
«iMektep» дыбыстау-бейнелеу туындысы – анимациялык фильмі - бастауыш қазақ мектебі бағдарламасының мультимедиялық курсы. Бастауыш мектептің математика, дүниетану, ана тілі, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері, музыка, еңбекке баулау, өзін-өзі тану секілді сегіз негізгі пәндерін қамтитын анимациялық бағдарлама 170-тен аса тақырыптан құралған.
Әр сабақ тақырыпты түсіндіретін, қысқаша анимациялық фильмнен құралған (титрлер көрсету мүмкіндігі бар). Фильмдер интерактивтік ойын тапсырмаларымен және тестермен қосталады.
2. Оқыту порталдарының мақсаттары мен міндеттері
2.1. Оқыту порталдарының міндеті – оқушының білім сапасын жақсарту мақсатында оқу пәнінің нақты курсын (тарауын) зерттеуді қолдау болып табылады. Қандай болсын түрдегі оқу материалының көлемі, білім беру үдерісін ұйымдастыратын және қолдайтын курс қажеттілігін өтеуі тиіс.
2.2. Оқыту порталдары оқушылардың орналасқан орындарына, оларды әлеуметтік жағдайы және денсаулықтарының жағдайларына қарамастан, оқушылардың сапалы білім беру қызметтеріне тең қол жетімділікті қамтамасыз ету есебінен, білім беру сапасын және мазмұнын арттыруға бағытталған. Осы міндет порталдарға қатысты онлайн қол жетімділікті ашу арқылы іске асырылады.
2.3. Оқыту порталдарының мақсаттары болып табылатындар:
− білімге деген тұлғалық-бағдарлану тәсілін іске асыру;
− оқушылардың танымдық қызметінің уәждемесін күшейту;
− білім беру қызметінің нәтижелерін бағалау, бақылау және мониторингтеу тиімділіктерін арттыру;
− бейнелік, теориялық, логикалық ойлауды дамыту;
− оқушылардың креативтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
− оқушылардың білім әлеуетін дамыту;
− функционалдық сауаттылықты дамыту;
− материалды қолайлы эмоционалдық қабылдау
үшін жағдай жасау.
3. Оқыту порталдарына қойылатын жалпы
талаптар
3.1. Оқыту порталдарын негізгі интернет браузерлерде пайдалану мүмкіндігінің болуы (Internet Explorer, Firefox, Mozilla, Opera, Chrome, Safari).
3.2. Онлайн пошталық сервистер арқылы пайдаланушыға қажетті ақпаратты хабарлау мүмкіндігінің болуы.
3.3. Оқыту порталдарының навигацияға арналған ыңғайлы интерфэйстері болуы тиіс.
3.4. Оқыту порталдары мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде қол жетімділікке бірдей мүмкіндік ұсынуы тиіс.
3.5. Оқыту порталдарының пайдаланушысына жылдам және ыңғайлы тіркелу мүмкіндігі ұсынылуы тиіс.
3.6. Порталдардарда пайдаланушының жеке талаптарымен танысу және реттеу үшін «Жеке кабинет» немесе «Личный кабинет» функциясы орналастырылуы тиіс (кіру интернет жүйесі көмегі арқылы болғанда):
3.6.1. Жеке ақпаратты өңдеу:
- Аты-жөні;
- Туған күні, айы, жылы;
- Жынысы;
- Телефон номері;
- Интерфейс тілі;
- Тұру орны (мемлекет/облыс/аудан/қала);
- Қызметі;
- Қызығатын оқу пәні;
- Мектеп атауы.
3.6.2. Фотосурет енгізу;
3.6.3. Кіру ақпаратын өңдеу:
- Логин;
- Электронды пошта;
- Құпиясөз.
3.6.4. Оқыған сабақтарын көру мүмкіндігі.
3.6.5. Жеке кітапханасына жекелеген сабақтарды қосу және өзіне ұнайтын пәндер мен сабақтардың тізімін жасау мүмкіндігі.
3.7. Оқыту порталдарында кері байланыс функциясы орнатылуы тиіс. Осы функция пайдаланушыға онлайн пошталық сервис немесе телефон байланысы арқылы, тәуліктің кез келген уақытында өзін толғандырған сұрақты қоюға мүмкіндік беруі тиіс.
3.8. Әр пән түсініктеме материалдан және тестілі тапсырмадан құралуы мүмкін.
3.9. Портал:
1) қағаз оқулықты/оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) немесе өзге де бұрын жарияланған материалды қайталмауы;
2) екі жақты түсініктемесінің болмауы;
3) анықтығы жылдам жоғалатын (ескіретін) материалдарға негізделмеуі тиіс.
3.10. Порталдарда орналастырылған бір пәнде келесідегідей компоненттер болуы мүмкін:
- Конспектілер (мәтіндік және/немесе графикалық материал);
- Пәнді түсіндіруге арналған мультимедиялық материалдар;
- Виртуалды тәжірибелерді жүргізуде мектеп материалын меңгеру қажеттіліктерін қанағаттандыратын виртуалды зертханалар;
- Оларды зерттеу мен оқу мақсатында объектілерді, құбылыстарды, үдерістерді модельдеу қажеттіліктерін қанағаттандыратын модельдеушілер;
- Мультимедиялық әсерлерді (анимация, дыбыс) пайдаланатын, үйрететін ойын оқиғаларын жасау қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқу-ойындар.
3.11. Әрбір порталдағы әр пәннің мазмұнды толықтығы қамтамасыз етілуі тиіс. Құрылымы жағынан әр пән, жеке парақтардан (нысандардан) тұратын, 3-тен (үш) кем емес тараудан құралуы тиіс. Әр тарау жеке құрылымдық және мазмұнды бірлік түрінде жасалуы мүмкін. Тараулар «сынып», «тақырып», «сабақ», «конспект», «тест» компоненттері незінде қалыптасуы мүмкін.
3.12. Пайдаланушы күрделілігіне, ерекшелігіне және тақырыбына, жас мөлшеріне және педагогикалық міндеттердің басымдылықтарын ескере отырып, пәнді оқытуды анықтайды.
3.13. Қазақстан Республикасында үш тілді білім беруді дамыту жоспарына сәйкес «BilimLand білім беру платформасындағы» контент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде болуы тиіс.
3.14. Оқыту порталдары «НЗМ» дербес білім беру ұйымы жүйесінде оқу үрдісіне енгізілген және апробациядан өткен, кемінде 3000 Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында пайдаланылатын, сонымен бірге «Өрлеу» БАҰО» АҚ мамандары қолданатын және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен «Ұлттық тестілеу орталығы» АҚ атынан ресми ұсыныс хаты болуы тиіс.
4. Оқыту порталдарына
кіру
4.1. Оқыту порталдарына кіру интернет жүйесі көмегі арқылы (онлайн) немесе әрбір білім беру мекемесінде интернет жүйесін қолданбай технологиялық шешім көмегі арқылы (офлайн) жүзеге асуы тиіс.
4.2. Оқыту порталдарына кіруді интернет жүйесі көмегі арқылы жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім беруші әрбір білім беру мекемесінің пайдаланушыларына (мұғалімдерге) логин мен құпиясөз беруі тиіс.
4.3. Оқыту порталдарына интернет жүйесін қолданбай технологиялық шешім көмегі арқылы кіру үшін әлеуетті өнім беруші әрбір білім беру мекемесіне шарттың арнайы ережелеріне сәйкес оқыту порталдарына кіру құрылғысын береді.
4.4. Оқыту порталдарына кіру құрылғысы қызмет көрсету мерзіміне уақытша пайдалануға беріледі.
4.5. Оқыту порталдарына кіру құрылғысы білім беру мекемесінің локальды жүйесіне қосылу мүмкіндігі болуы тиіс.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген