ЕРЕКШЕ
БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Кілттік
сөздер: ерекшелік,қажеттілік,білім
беру,сүйемелдеу,кәсібилік,әдістер.
Аннотация:
Қазіргі
қоғамның заманауи дамуы кезеңінде бір
жағынан алып қарағанда
кіріктіруге
бағытталған (техникалық және технологиялық
жүйелердің,ақпарат тық -коммуникативтік
құралдардың дамуы), екінші жағынан
қарағанда адамзат тың дербестікке
ұмтылып қоғамнан оқшаулана бастауы
анық байқалатын, жалпы әлеуметтік
өмірдің қарама-қайшылықтарға толы
динамизмі нақты көрініс беріп отыр.
[3]
Көптеген
күнделікті мәселелер, нақты өмірдің
тауқыметі, қоғамның өзгеру деңгейлерінің
жылдам алмасуы адамдардан жоғары
белсенділікпен қатар алға ұмтылуды,
ізденімпаздықты және де үлкен
жауапкершілікті талап етеді.Сондықтан
болар, заманауи әлеуметтік жағдай өмір
мен тұрмыстың бітпейтін мәселелерін,
әрбір жаңа буынның, әрбір жеке адамның
алдында
тұрған
және жалпы адамзатта қалыптасқан
мәдени-тұрмыстық түсініктер мен
шешімдерге
тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда қайтадан
ой елегінен өткізудіалдыңғы орындардың
біріне шығарып отыр.
[3]
Балаларды
психологиялық-педагогикалық қолдау
бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке
қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі
бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен
мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның
адами қасиеттері мен құндылықтарын
сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне
өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі
тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына,
өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі
келтіретін қиындықтарды жеңуіне
көмектесу болып табылады.
Қазіргі
заманда өмір сүретін балалар үшін
іс-әрекеттің екі саласы бар,және де олар
бала тәрбиесіндегі негізгі институттар
болып келеді - бұл, отбасыжәне білім
беру жүйесі.
[3]
Сапалы
білімнің барлығы үшін қолжетімді болу
шартын қалыптастыруға бағытталған
білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің
бірі инклюзивті білім беру болып
табылады. Инклюзивті білім беру дене
бітіміне, психикалық, интеллектуалдық,
мәдени, этникалық, тілдік және өзге
ерекшеліктеріне қарамастан ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды
жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді,
олардың сапалы білім беруде кедергілерді
жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін
және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім
беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балалар;
мигранттар мен оралмандар отбасыларының,
аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік
бейімделуде қиындықтары бар балалар
жатады. Кеңейтілген мағынада инклюзивті
білім беру дегеніміз кедергілерді жою
мен ерекше білім беруге қажеттілігі
бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге
бағытталған білім беру процесі және
олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін
қамтамасыз ету болып табылады.[1,3б]
Инклюзивті
оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар
балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда
қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту
негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық
адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы
жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті
білім беру дегеніміз – балалардың
жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық
тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және
ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық
жағдайына қарамастан, сапалы білім алу
және өздерінің потенциалдық дамыту
мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту
– барлық балалардың мұқтаждықтарын
ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар
балалардың білім алуын қамтамасыз
ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті оқыту балалардың оқу
үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің
жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер
инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ
беруге енгізілген өзгерістері тиімді
болса, онда ерекше қажеттіліктері бар
балалардың жағдайлары да өзгереді.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде
оқыған балалар адам құқығы туралы білім
алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар
бір - бірімен қарым - қатынас жасауға,
танып білуге,үйренеді.
[2]
Инклюзивтік
білім беру - барлық балаларды жалпы
білім үрдісіне толық енгізу және
әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу
тегіне, дініне, жағдайына қарамай,
балаларды айыратын кедергілерді жоюға,
ата - аналарын белсенділікке шақыруға,
баланың түзеу - педагогикалық және
әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы
қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас
ерекшеліктеріне және білімдік
қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай
қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру
сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат.
[2]
Қолданылған
әдебиеттер
Инкюзивті
білім беру жағдайында қызмет ететін
мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне
қойылатын талаптарды дайындау.
Әдістемелік ұсыным.
Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы» РМҚК.Астана,2016
bilim-all.kz
«Инклюзивті білім беру - өмір қажеттілігі»
Байгазина
Г.Т.
Ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды
оқыту, тәрбиелеу,
дамыту
және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық
қолдау моделі Әдістемелік
ұсынымдар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2016