400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Ерте жастан ағылшын тілін оқыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мектепке ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану.


Алписбаева Жанылай Сакитовна.

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қопа жалпы орта білім беретін мектебі.


Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізісімен,шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды.Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де,ықылас та жылдан жылға артып,оны оқытудың тиімді әдіс тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары,оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.Бүгінгі таңда ұстаздардың алдында туындайтын бір сұрақ: оқушыны ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушының тіл үйренуге деген ынтасын көтеру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн? Қазіргі заман талабына сай құзыретті тұлғаны қалыптастыру мақсатында көптеген заманауи технологияларды сабақ барысында қолдануға болады, соның ішінде ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында (3-бап)белгіленгеніндей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мелекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады.Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолданубасты мақсат болып отыр.Ол теқ қана техникалық құрал емес , сонымен бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. XXI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу қажеттігі туындады: телекоммуникациялық желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды , мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Компьютер желісін және мультимедиялық электронды құралдарды қолдану яғни нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық электронды оқулықтарды сабақта терең қолдану.Ағылшын тілі сабағында компьютерді мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: - Лексиканы оқып үйренеді, сөйлеу ырғағын қалыпқа келтіреді, диалог, монолог және рөльдік ойындарды ойнауға,хат жазуға үйренеді,грамматикалық құрылымдарды түсініп,есте сақтауға көмектеседі.Сабақ барысында АКТ-ны пайдалану оқушылардың білім алуына,мұғалімнің көп ізденіп,сабақты түрлендіруіне мол әсерін тигізеді. Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығаны белгілі.Сабақ барысында видеофильмдер,электрондық пошта, мультимедиялық презентация,анимациялық суреттер көмегімен оқушының монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығулар орындатудың пайдасы зор. Шетелде болмай ақ , сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес.Сондықтан мұғалімнің негізгі тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын пайдалана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану, сабақты оқушыны зеріктірмейтіндей, оқушының осы пәнге деген қызығушылығын оятатындай қызықты өткізуге көмектеседі. Мысалы сабағымның ең басында оқушылардан сауалнама аламын “Мен...жалығамын” деген сұраққа оқушылардан “Мен жазған кезде жалығамын”, “Мен оқыған кезде жалығамын” деген оқушылардың жауаптарын көре отырып,осы жауаптарды қорытындылап, сабағымды түрлі әдіс-тәсілмен өткізуге шештім.Сабағымда аудио-видео тыңдату,интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу, оқушыларға мол әсерін тигізді.Мысалы мотивацияларын ояту мақсатында интерактивті тақтаға сөздерді тауып жазу, фильм тақырыбында кинолар көрсету және музыканы тыңдап, атауларын табуда оқушылар белсенділік танытып,пікірталасқа түсіп отырды. АКТ-пайдалануда мұғалім сабағын қызықты өткізумен қатар, сабақ уақытын да үнемдеуге де оң әсерің тигізеді. ХХI ғасырдың ағымына қарай бүгінгі таңдағы оқушылар ақпараттық технологиялардың жаңалығына құштар, сол үшін де мұғалім үшін ақпараттық технологияны игеруге аса назар аударып, көп еңбектенуді талап етеді.Сондықтан да қазіргі таңда педагогикада мұғалімге АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың интеллектуалдық, өзіне сыни көзқараста қарауын,сабақты жаңаша жүргізуге талап етеді. Мұғалім сабағында АКТ-ны қолдану барысында білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмысын біраз жеңілдетеді. Мұғалім сабағында АКТ-ны пайдалануда оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді,ақыл-ойын дамытады,шығармашылық белсенділігін арттырады,ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді,тіл байлығын жетілдіреді.Жан-жақты ізденушілігін арттырады.АКТ-ның негізгі мақсаты-оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай,өзінің өмірлік іс-әрекетіне дербес компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.Білім беруде АКТ-ны пайдаланумен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру,қазіргі заман талабына сай АКТ-ны,электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа,нақтылыққа,берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай ақ АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға,дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш –карталарына салып берудің тиімділігін жоғары. Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильмдер, электрондық пошта,мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыстыратын жаттығуларды құрастырумен айналысуда.Видео сабақтарды қолданумен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды,оқытылатын оқыту материалына және пәнге қызығушышылықты арттырады Презентациялар(иллюстрация,фотосуреттер,бейнелік, дидактикалық материалдар т.с.с) көрнекті құралы болса, екінші жағынан , мұғалімге осы сабақты меңгертуді жеңілдетеді.Сабаққа қолданылатын бейнефильмдер: документалды, көркем фильм,комедия, тіл меңгеруге арналған болып бөлінеді. Фильмдерді қолданғанда ескерілетін жағдайлар: жоспарға сай іріктелген,тақырыпқа сай таңдалу, көлемін ескеру, фильм сюжетінің қызықты әрі берік логикасы болуы шарт.Бейнефильмдер оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды жақсы меңгеруіне , оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар артықшылықтарына тоқталсақ:

1.Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация,бейнеклиптер,слайдшоу.

2.Жүйенің басқару құрылымы оқытушы қз ойын, өз көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылыным, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады.

3.Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді,электронды оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: лексиканы оқып, үйренеді.Сөйлеу ырғағы жақсарады. Сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді. Дербес компьютерді пайдалану арқылы яғни интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электронды пошта арқылы оқушылар хат ,хабарлама алмасу,өзінің ойын еркін еркін жеткізе алатын жағдайға ие болады. Диалог,монолог және рольдік ойындар ойнау арқылы оқушының есте сақтау қабілеті жақсарады. Хат жазуға үйренеді,грамматикалық құрылымдарды түсініп,оқушының есте сақтау қабілеті жақсарады. Қорытындылай келе, ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы төмендегілерден көрінеді: 1)Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктері. 2) Мультимедиялық және видеофильмдер арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын пайдалану. 3)Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы шет тілін меңгертудің жаңа әдіс тәсілдерін меңгерту.4)Флипчарттар арқылы сабақты дәстүрлі емес түрде өткізу.5)Интерактивті тақтаның жаңа сабақты оқушыға меңгертуге,сондай ақ күрделі тақырыптарды меңгеруде уақытты үнемдеуде тиімді пайдалану.6)Ақпараттық технологияны пайдалана отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. ХХI ғасыр – озық технологиялар ғасыры.Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың шетел тілін үйретуде маңызы зор. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып табылады.Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігі өте жоғары. Дегенмен басты мәселе компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген білім ордасында оқытушының оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра білуі өте маңызды. Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани, азаматтық және басқа да адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында , соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Р.С.Кустубаева “Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны пайдалану“ Мектептегі шет тілі. журналы.№4 2013 ж.

2. Г.Азимханова “Шетел тілін үйретуде электронды оқулықты пайдалану” Мектептегі шет тілі.№3 2011 ж.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі