400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Ертегілер"

Материал туралы қысқаша түсінік
МДҰ педагогтарына қажетті материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгерту, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуына көркем әдебиет шығармаларының ең кіші түрі –тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Ертегі балаларды ана тіліміздің асыл нәрімен сусындатып, сөз байлығын игеруге жетелейді. Қоғамның әлеуметтік мәнін түсініп, өмірді танытады, ойлы көзбен қарауға үйретеді. Оларды еңбекке, ерлікке, адамгершілікке, тамаша мінез-құлық пен тәртіпке баулиды. Сонымен бірге шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып, оларға тәрбие беру міндетін де орындайды және балалардың шығармашылық қабілетін дамытады.

Ертегілер – халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бола алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары. Ертегі соңы кейіпкердің бақытқа, көздеген мақсатына қол жетуімен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екенін сезіп, өмірге жігермен қарауға үйренеді.

Ертегілер қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері деп бөлінеді.

Ерте, ерте, ертеде... Жазу-сызу, кітап болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, өздерінің шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады. Ертегілер халық ауыз әдебиетінде мол орын алады. Өйткені тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі, қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай, ақыл ойын жетілдіру арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, тілдерін дамытады. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан жиренеді, адал болуға үйреніп, әсем сөйлеуге үйренеді.

Тәрбиеші ертегі - әңгімелерді оқи отырып, балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, адамгерілікке баулумен қатар ол сол ертегідегі кейіпкерлердің образына кіру, соны актерлік сомдауға үйретеді.

Ертегілер еліне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.

Ертегі кейіпкерімен бірге қуану, қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдардың көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім, қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ ертегілеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылады. Мысалы: 2-3 жаста5ы балаларға ертегілерді ауызекі әңгімелеп, 2-3 рет қайталайды. Соңынан ертегі мазмұнын еске түсіру үшін жаттығу жүргізіледі. Ертегі оқудан бұрын айқындық жұмыстары жүргізіледі.

Мысалы: «Лақтар мен қасқырлар» ертегісі қалай оқылса, лақтар сияқты секіру, маңырау т.б қимыл қозғалыс жасау. Ертегі сюжеттеріне арналған суреттерді орын ауыстырып көрсету, балаларға түзеттіріп, дұрыс орналастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде балалар білетін ертегі, әңгіме, шығарма сюжетіне орай көріністер жасау, рольдерге бөліп орындау, көлеңке театрын көрсету, балаға таныс ертегіні көрнекі құралсыз айтып беріп, есте сақтауға үйрету сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Балалардың ертегілердегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы қабілеттерін дамыту, мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тілдерін дамыту.

Олардың дауысын салып, жағымды жағымсыз мінез құлықтарын түсінуге үйрету.

Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын сезімін ояту арқылы достық, адалдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
974
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі