400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Ертегінің тәрбиелік мәні зор"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мектепке дейінгі мекеме педагогтарына әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертегінің тәрбиелік мәні зор.



Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды.Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын ролі өте зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып – терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.
Мінеки жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі ертегілер.
Мінеки шығармашылық жұмысының зерттелу аясын ертегіге орындауымның өзіндегі негізгі мақсат, оның білім беру мен тәрбие беру саласында маңызы өте зор. Мектеп жасындағы балаларға ертегілерді оқып беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Әрбір ертегіні оқып беріп, таныстыру арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады. Балабақшадағы жоғарғы топтарда өткізілетін әрбір оқу қызметтерінде ертегілерді негізгі динамикалық қозғаушы күш яғни дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануға болады.
Сонымен қатар өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әрбір әдіскер мен тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді әртүрлі сабақтарда өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Оқу қызметі барысында ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді.
Барлық пәндерде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады.
Енді ертегілерді сахналау әр оқу қызметтерінде орынды қалай қолдануға болатындығына тоқтаймыз. Мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» «Көркем әдебиет» оқу қызметінде осы ертегіні оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді «Қарапайым математика» оқу қызметінде осы ертегінің кейіпкерлерін пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады.
«Жеті лақ» ертегісінің сюжеті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйретуге болады сонымен қатар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді салыстыртуға болады. Жағымсыз кейіпкер қасқыр ол нешеу?(біреу), ешкі нешеу?(біреу)
- Ендеше екеуін салыстырамыз екеуі тең.
- Лақтар нешеу?Лақтар жетеу. Олар қасқыр мен ешкіден көп.
Сонда тәрбиеші бұл суреттерді «көп» және «аз» ұғымдарын тиянақтауда қолдануға болады.
«Тырна мен түлкі» ертегісін оқып беру арқылы «Қарапайым математика» оқу қызметінде «не артық» ойынын ойнатуға болады. Мысалы:

  • Балалар ертегіні оқығанда неше кейіпкердің атын естідік?

  • Тырна мен түлкі яғни олар бір-біріне қонаққа келеді.

  • Ендеше үстелде қай аң артық?

  • Аю.

«Қарапайым математика» оқу қызметінде ертегі кейіпкерлерін ойын ретінде қолдану балаларды естіген ертегі кейіпкерлерін есте сақтау, ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамытады.
Жалпы ертегілер арқылы балалардың ой өрісін дамыту арқылы «Сурет» оқу қызметінде балалардың заттардың бейнелеп көлемін, сызық түрлерін және бояу түрлерін ажырата білуге үйретеді.Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлердің суретін құрастыруға бояуға болады. Мысалы атап айтқанда қонжық көлемі сопақ, қисық сызықтар арқылы кірістіруге, мысық көлемін жарты дөңгелек , кішкентай үшбұрыштар арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады.

Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. «Көркем әдебиет» және «Тіл дамыту» оқу өызметтерінде ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады.
Сонымен қатар сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қаблеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелейді.
Балабақшада жоғарғы топтардың тәрбиеленушілерінің даму сатысының іргетасы міне осы мезгілден қалыптасып, түзелу процестері жүргізіле бастайды. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі