Материалдар / Баяндама «Физика сабақтарында жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Физика сабақтарында жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі».

Материал туралы қысқаша түсінік
«Физика сабақтарында жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі» баяндамасы физика пәндерінің мұғалімдеріне арналған. Бұл материалда мұғалімдерге арналған әдіс-тәсілдер жазылған. Сабақта қолданылатын керекті әдіс тәсілдер тиімді пайдалану мақсатында жазылған баяндама болып келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
2475
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.











Баяндама:

«Физика сабақтарында жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі».






Пән мұғалімі: А.М.Зейнетуллаев

ІІ санатты физика пәнінің мұғалімі.
























Физика сабақтарында жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі. 
Кіріспе

«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер » Жүсіпбек Аймауытов. 
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – нәтижелі білім беру, білім сапасын арттыру және рухани дүниесі бай жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, оқытудың жаңа технологиясын енгізу,білім беруді ақпараттандыру. Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Физика сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. 

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру

Мақсаты:

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын зерделеу жайлы мағлұмат беру

Күтілетін нәтиже:

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын зерделеу жайлы мағлұмат алады

І.Ұйымдастыру

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу «Жылы сезімдер» тренинг

    3. Түгелдеу

1.4. Топқа бөлу ( конфет арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Ток күшін өлшейтін құрал?

  2. Электр тогы дегеніміз не?

  3. Вольтметрдің шартты белгісі? (Бұл сұрақтар оқушыларға берген кәмпиттердің ішінен шығады, сұрақтарды қоя отырып өткен тақырыптарды және үй тапсырмасын еске түсіреміз сонымен қатар уақытты тиімді пайдаланамыз.)


ІІІ. Жаңа сабаққа көшу.

Оқушыларға берілген сөзжұмбақтан жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Осы уақытта оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері және әр топтың ұйымшылдығы байқалады. Әр топ мүшелері кітаппен жұмыстана отырып зертханалық жұмысты орынндайды. Оқушылардың бойында өз-өзіне деген сенімділігі, көшбасшылық қасиеті байқалады, бұл жерде мұғалім тек бақылаушы және бағыттаушы қызметін атқарады. Бағдаршам әдісі қолданылады. ( Бағдаршам әдісінде - Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар болады, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті деген бағытта қолданады).

ІV. Бекіту

  1. «Ыстық орындық» арқылы оқушылар бүгінгі тақырыпта не білгендерін айтады. (Ыстық орындық – бір оқушыны ортаға орындыққа отырғызып бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды, оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды.)

  2. Шын жүректен (Не қиын болды, не ұйрендім?) сұрақтарға жауап беру.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Бәрімізде осындай сабақтар өз тәжірибемізде көп болсын дегім келеді....  



Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер.

І. Үй тапсырмасын тексеру:

  • «Бинго»

  • «Стикердегі диалог»

  • «Қапшықтағы фасоль»

  • «Серпілген сауал»

  • «Ыстық орындық»

  • «Коктель таяқшасы»

  • «Джокер»

  1. « Стикердегі диалог»- Түрлі әдістері көп –қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін жазады; 3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе түсіндіріп,кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек.

  2. «Қапшықтағы фасоль» - Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

  3. « Ыстық орындық» - Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

  4. «Коктель таяқшасы» - оқушылардың қолында коктель таяқшасының қиындылары болады. Сол қиындылар арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп түсінгендерін айтып коктелдің ұзын таяқшасын құрастырады.

  5. «Джокер» - мұғалімнің қолында джокер карта болады , мұғалім сол джокер картаны қай оқушыға берсе сол оқушы үй тапсырмасын бастайды.


ІІ. Тұсаукесер:

  • «Сиқырлы шаршы»

  • «Сөзжұмбақ»

  • «Бейнежазба»

  • «Топтастыру»

  • «Ой қозғау»

ІІІ. Мағынаны тану

  • «Пицца»

  • «Ойлан, жұптас, бөліс»

  • «Ыстық картоп»

  • «Галерея»

  • «Өкіл»

  1. «Ойлан , жұптас , бөліс» -Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (жұптас) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

  2. «Өкіл әдісі» - Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасайды

IV. Қорытынды

  • «Он сұрақ»

  • «Бес жолды өлең»

  • «Эссе»

V. Бағалау

  • «Формативті бағалау »

  • «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

  • «Смайликтер арқылы»

  • «Бағдаршам»












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!