400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Баяндама «География пәнінен оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісінде жүйеленіп отырған жаңа талап, міндеттер мұғалімдерге қойылып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан Облысы

Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы

«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

География пәнінің мұғалімі: Аубакирова Раушан Толеугазиновна

Баяндама «География пәнінен оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары»

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісінде жүйеленіп отырған жаңа талап, міндеттер мұғалімдерге қойылып отыр.

Қазіргі уақыт талабы – әрбір оқушыға саналы да, терең білім беру. Әрбір мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларды оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Әрбір ұстаз оқытудың жаңа технологияларын қарастырып, өзінің әдістемелік шеберлігін арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау жолдарын үйрету сияқты тынымсыз ізденудің арқасында ғана нәтижеге жетеді. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, сабақтың ақпараттандыруға қанығуын күшейту, білімнің өмірмен сабақтастығын оқытуда нақты деректерді, мағлұматтарды пайдалану сабақтың білімділік деңгейін көтеріп, оқушының белсенділігін арттырады, шығармашылықпен ойлауына жағдай туғызады.

Әлемдік өркениетке ұмтылған елімізде оқыту мен тәрбиенің сан түрлі жолдары қарастырылуда. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығару үшін, даярлау кезінде шығармашылық жұмыс басты рөл атқарады. Бүгінгі таң да мұғалімнің ең басты міндеті дайын білім дағдыларын меңгертіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту бұл әрине оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.

Шығармашылық дамыту – адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиялар пайдаланған жөн деп ойлаймын. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

  • Сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағыттау керек;

  • Әрбір шығармашылық тапсырма жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек;

  • Оқушының шығармашылықпен айналысуын мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу керек.

Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз рөлі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауы, өздеріне деген сенімділік арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Адам бойындағы қабілеттерін оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қодануға болады. Өз тәжірибемнің барысында келесідей оқушының дарындылығын анықтаудың кешенді әдіс-тәсілдерді қолданған болатынмын.

Сауалнамалар, психо-диагностикалық, тренинг, проблемалық оқыту, көп деңгейлі тапсырма беру әдісі тірек-сызбалар, ойын элементері, шағын эссе жазу, сөзжұмбақ құру, венн диаграмасы, тест әдісі, дебат әдісі, АКТ. Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жанашыл әдіс тәсілдерге сүйеніп сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. География сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақты түрлендіре, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын. Сонымен бірге география сабақтарында оқушыларға мынадай талаптар қоямын:

-Үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу

-Тақырыпқа байланысты кесте жасау,

- Негізгі терминдерді жатқа айту

-Қосымша ақпарат көзде рін қолдану

Нәтижесінде оқушы кез келген географиялық зандылықтарға талдау жасай біледі, өзіндік пікір қалыптастыратын шешендік өнерді игерген тұлғаға айналады, сонымен бірге оқу, сөйлеу, жазу белсенділігі артады. Өз тәжірибемде осындай тәсілдерді пайдалана отырып шығармашылықпен жұмыс жасайтын балаларды анықтадым.

Зерттеу жұмыстарын жасату арқылы оқушылардың шығармашылылық қабілетін шындадым, нәтижесінде бірнеше оқушыларым ғылыми зерттеу жұмыстарын жазып ғылыми конференцияларда өз еңбектерін қорғап шықты. Атап айтқанда Муратова Мадина 2013 ж Семей қаласында өткен студенттердің ғылыми әдістемелік конференциясына қатысып мақтау қағазымен марапатталды. 2014 - 2015 оқу жылында Муратова Әдемі ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеніңде жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 - 2016 оқу жылында Муратова Әдемі «Жас ғалым» атты республикалық ғылыми жұмыстар сайысына қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қорыта айтқанда уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мектеп директоры Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.

  2. География, Биология, Экология орта мектепте журнал

  3. Биолог анықтамалығы журнал

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
3211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі