Материалдар / Баяндама "Географиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру технологияларын тиімді қолдану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Географиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру технологияларын тиімді қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінде білім беру технологияларын тиімді қолдану жолдары көсетілген. Пән бойынша деңгейлік тапсырмаларды сабақта қолдану түрлері айтылады. География сабағында "Үшөлшемді оқыту" технологиясын қолдану жолдары көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М. Сиранов атындағы орта мектеп









Географиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру технологияларын тиімді пайдалану жолдары









Турымбетова Жапырақ

Урынғалиқызы-

география пәнінің

І санатты мұғалімі















Жоспар:



І. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту


ІІ. Географиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру технологияларының тиімділігі


ІІ-1. Жаңа мазмұндағы білім беру жүйесін мектеп өміріне енгізудің қажеттілігі


ІІ-2. Географиялық білім түрлері және оны дамытудың жолдары


ІІ-3. «Үшөлшемді оқыту технологиясының»-оқушының танымдық іс-әрекет, белсенділігін арттырудағы маңызы.


ІІ-4 . Сабақ сапасын арттыруда сызба жұмыстарының ролі


ІІІ. Қорытынды




















Географиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру технологияларын тиімді пайдалану жолдары


Турымбетова Жапырақ Урынғалиқызы

І санатты география пәні мұғалімі



І. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру , өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін

әлеуметтендірудің маңызы зор . Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі , сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты –алынған терең білімнің , білік дағдыларының негізінде оқушылардың мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай жасау, оқушының өзін-өзі дамытуға және жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайында дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Сондықтан мектептегі географиялық білімнің құрылымы мен мазмұны адамзат өркениеті мен мәдениетінің деңгейіне сай болуы тиіс. Осыған байланысты мектепте географияны оқыту мынаны көздейді:

-оқушыға іргелі білім мен білікті меңгерту

-оқыту процесінде қолданбалы білік пен дағдыны қалыптастыру

Қазіргі заманға сай географияны оқытудың ғылыми дүниетанымдық міндеттері :

-географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерін зерделеу

-табиғат пен қоғам арасындағы байланыстарды түсіну

-ғаламдық,аймақтық және жергілікті процестердің мәнін түсіну

-қазіргі дүниедегі саяси экономикалық қарым –қатынастарды түсіну, болжау.

Осы міндеттерді орындап, білім беруде оқушы ізденіп, тақырыпты оқып түсініп, тақырып аясын кеңітсе, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін жүйелі түрде көпшілікке жеткізсе, онда ұстаз еңбегінің нәтижелі болғаны. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық роль берілсе, қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс.

Сондықтан да білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға бағытталуы тиіс.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің дамыту көзделетін мүдде – білімнің қоғам мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету, қарқынын үдету, қажеттілігін ұғындыру. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде тәжірибеде нәтижелі пайдалануы болып табылады. Яғни оқушының алған білімі өзіне қызмет етуі тиіс. Оқушы ақпаратты іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдері қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибе тағылымдары жөнінде оқытушының беретін білімі мен шектеліп қана коймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді танымдық іс-әрекет нәтижесінде игеруі керек. Осыдан кейін, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Академик Ю.Н.Бабанский өзінің "Оқу тәрбие процесін оптималдандыру" деген еңбегінде танымдық әдістерді екі топқа жіктейді.

I.Оқушылардың оқу таным қызметін ұйымдастыру әдісі.

II.Оқу таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктер мен логикалық сызбаларды, шартты – графикалық құралдарды қолдану-оқу үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін, іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың негізгі тәсілі болып табылады.

Оқу әрекеті-баланың дамуының басты шарты, оқыту үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі, оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділігін арттыру құралы.

Оқушының танымдық іс-әрекеті күрделі үрдіс. Оған мынадай құрамды бөліктерді қамтуға болады: Іс-әрекет мақсаты, мазмұны мен қорытындысы іс-әрекет түрлері мен әдістері, моноторингтері мен қарым-қатынасы, танымдық әрекет деңгейлері.

II.

1. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып,оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру,оны өмірге дайындау,мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің қатарында тұр.

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық»,-деген елбасы Н.Ә.Назарбаев.Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін,тәжірибесін пайдалана отырып,баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған.

Жаңа ақпараттық технология білім берудің стратегиялық мақсаттарына қызмет етеді.Атап айтқанда проблемаларды сараптай алатын жүйелі байланысты құра білетін мейлінше жетілген шешім қабылдауға қабілетті ойлауы шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның интелектуалдық-психологиялық дамуын қамтамасыз ететін болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай баланың тұлға ретінде қалыптасуына,ақыл-ойын дамытуға,белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа географиялық білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап көрсетілген.

Тиімді оқытудың мақсаты білімнің мазмұнын дәл,тиянақты анықтау.

Негізігі ұғымдар мен мәселелерді,теория мен фактілерді қажеттілі мен тиімділігіне сай іріктей білу өз бетімен оқи білуге,білім алуға тәрбиелеу.

2. География сабақтарында білім түрлерін берудің жан-жақты жолдары бар.Қазір география пәнін жүйелі оқыту әрбір мұғалімнің алдына үлкен жауапкершілік жүктеуде. Пәнді жүйелі оқытуда білімнің бірнеше түрі қамтылды.

Геологиялық-геморфологиялық білім беру арқылы оқушылар жер қыртысының тұрақты және оның даму барысында үздіксіз өзгеріп отыратыны жөнінде көптеген деректерден теориялық ұғым алады.Геологиялық білім халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылады.Осы білімнің арқасында мол кендердің қоры ашылып отыр. Ал,мектеп оқушыларына геологиялық-геморфологиялық білім географияның жаратылыстану курсында 5-ші сыныптан бастап беріледі. Мұнда оқушылар екі бағытта біріншіден,заттар мен денелердің сыртқы құрамын оқиды,екіншіден,тәжірибе жүргізіп,нәтижесін бақылайды.Оқулықтағы «Жер күн жүйесінің ғаламшары» тақырыбында бірінші бағыт бойынша жер туралы оның құрылысы туралы білім алады.Ал, «Тау жыныстары» тақырыбында пайдалы қазбалар жинақтамасымен танысады. Соларды көзбен көре отырып,ойлау қабілеті дамып,жақсы есте сақтайды.Мұғалімнің берген тәжірибелі білім сапасы оқушылардың өзіндік таным деңгейін дамыта түседі.Сондықтан оқушылар физикалық географиядағы геологиялық терминдерді жақсы сақтау үшін сабақта жұмыс дәптерін,кескін карта,сызбаларды пайдаланғаны жөн.

Климатологиялық білім физикалық география курсында жер климатын оқығанда беріледі. Жер бетінің климатын,оның ерекшеліктері мектеп оқулығында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқытылады. Ауа-райы құбылыстары мен күнделікті өмірде кездесеміз сондықтан,олардың климат ерекшелігі,құбылыстар мен өзгерістер туралы білу өте қажет.

Картографиялық білім оқушылар картамен жұмыс жасау кезінде беріледі.Әрбір географиялық картаның өзіндік маңызы бар. Картаны ғылыми зерттеулерде,халық шаруашылығында,әскери жұмыстарда,т.б. салада кеңінен қолданылады. Мектепте карта тек көрнекілік ғана емес,білімді нақты есте сақтау үшін қолданатын көмекші құрал деп білу қажет.

Номенклатуралық білім оқушы картамен жұмыс істегенде геогафиялық атауларды меңгеріп отырса,қалыптасады.Егер оқушы өзінің оқыған географиялық атауларының шығу тегіне тоқталып мән беретін болса,топонимикалық білім бекітіледі.

Тарихи білім Қазақстан территориясында жүргізілген зерттеулер ,жалпы дүние жүзіндегі географиялық ашылулар тақырыбын оқыған кезінде беріледі.

Экономикалық білім.Экономикалық және әлеуметтік география ұдайы екі жақты байланыста –адам қоғамы мен табиғаттың өзара әрекеттесуін зерттейді. Табиғат жағдайлары мен байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні бойынша жаңа мағлұматты,әр түрлі деректер,статистикалық мәліметтер қажет.Сондықтан,география сабағында жаңа ақпараттарды пайдаланып,интернет жүйесі техникасына сүйене отырып жүргізу,сабақты әр түрлі тәсілдермен түрлендіру қажет.Оқушылар үшін жаңалықтар,жаңа мағлұматтар мұғалімнің әңгімелеуі арқылы ғана емес,өз бетінше жұмыс жасауы арқылы да беріледі.

Қазақстанның экономикалық саласында жаңа қолданылып жүрген термин сөздерді,экономикалық ұғымдарды география пәнінде пайдалану қажет.

Білім берудегі басты міндет география пәнін оқытуды әдістемелік жұмыстарды қамтамасыз ету,жаңа талапқа сай шеберлікті арттыру болып табылады.Оқушының қажеттілігі мен қабілетін үздіксіз дамытуда жаңа технологиялық үлгілерді оқу-тәрбие үрдісіне енгізу,соның ішінде тек оқулықпен шектелмей техникалық құралдарды :слайдфильм,диафильм,видеофильм,электронды оқулықтарды пайдалану жас ұрпақтың нәтижелі білім алуына көмектеседі. Оқушыларға берілетін барлық оқу-тәрбие жұмыстары сабақ үрдісінде жүзеге асатындықтан,мұғалімнің сабақ барысында алға қоятын негізгі мақсаты оқушыларға терең де тиянақты білім беру.Сондықтан,мұғалім жан-жақты ізденіп,қазіргі заманғы озық тәжірибелер негізінде сабағын түрлендірсе,оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Ұлттық деңгейде қойылған мақсатты жүзеге асыруда географиялық білімнің алатын рөлі зор.Қазір пәнді оқытуда дәстүрлі оқыту жүйесінің басымдылығы әлі де байқалады.Бұл дәстүрлі оқыту жүйесінің жеткіліксіз жағы мұғалімнің авторитарлық рөлінің басымдылығы,яғни мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді,келесі сабақта оны оқушы қаншалықты меңгергенін тексерумен ғана шектеледі.Бұл жерде оқушы объекті ретінде қалыптасады,оқушының өз мүмкіндіктерін іске асыруға,өзін-өзі дамытуға,өздігінен ізденуге мүмкіндік берілмейді.Демек,географиядан білім сапасын қамтамасыз ету «Нені оқыту?» , «Қалай оқыту?» , «Алынған нәтиже» төңірегінде қалып қояды.Сондықтан,мектепте географиялық білім беруді жетілдіру,яғни оқыту мақсатына сәйкес күтілетін нәтижені жоспарлау қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай,болашақта географиядан білім сапасын қамтамасыз ету үшін оқу нәтижесін анықтау,оқу процесін ұйымдастыру,оқушының компетенттілігі «біліктілігі» алдыңғы орынға шығу керек. Географиядан білім берудің мазмұндық және процесуальдік негізін анықтаудың бұл жолы баланың оқу материалдарын дайын күйіндк алуға емес,өз бетімен ізденуге,өзіне қажетті білімді іздестіруге керек қасиеттермен қаруландырады.

Компетенттілік ұғымы «Білім,білік,дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды.Алайда,бұл білім,біліктілік,дағдының жай жиынтығы емес.Компетенттілік оқу нәтижелерімен қатар,оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерімен құндылық бағдарларының жүйесінде көрсетеді.

Сонымен,оқушы да география пәнінен мынандай компетенттілік жобасы болу қажет:

1.Картографиялық сауаттылығы.

2.Құбылыстар мен процестерді сипаттау (бақылау нәтижелерін мазмұндау,табиғат объектілері мен құбылыстарын салыстыру,кесте,диаграмма,сызбалар құрастыру).

3.Табиғи процестермен құбылыстар заңдылықтарының себеп-салдарлы байланыстарын орнату үшін басқа пәндерден алған білімдерін пайдалану.

4.Алған білімдерін нақтылы бір практикалық мәселелерді қолдана алу.

Картографиялық сауаттылықтың бірінші деңгейінде оқушылар топографиялық жалпы географиялық,түрлі физикалық және экономикалық карталардың түрлерімен танысады.Ал,екінші деңгейде оқушылар тақырыптық карта және оқушыларға арналған атластаға әр түрлі шартты белгілермен және олардың картада бейнелену тәсілдерімен танысады.Бірінші және екінші деңгейде оқушыларда қарапайым картографиялық сауаттылқ қалыптасады.

География пәнінде карта бойынша географиялық координаталарды,географиялық орнын,биіктік пен тереңдік,қашықтықтарынтемпература қозғалысын,өзен торларының конфигурациясын,атмосфералық қысымы мен уақыт белдеулері айырмашылықтарын,елдермен олардың астаналарын анықтау,халықтың орналасуы мен тығыздығы туралы білу керек.Бұның бәрі географияны оқытуда компетенттілік тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Өйткені картаны оқи,түсіне білу,онымен жұмыс жасау географиялық компетенттіліктің негізі.

Оқыту білім алу шеберлігіне іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгерту әдкстеріне тікелей байланысты.Оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы-сабақ.Сабақтың барлық құрылымы бір-бірімен тығыз ұштасуы шарт.Онда мына сызбадағы тұжырымдар басшылыққа алынады.















DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

Білім,білік,дағды,



DrawObject4 іс-әрекет

DrawObject5

ОDrawObject7 DrawObject6 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 й-өрісінің Оқу материалының

дамуы Білім беру мазмұны

DrawObject14 DrawObject13 технологиясы


DrawObject21 DrawObject20 DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject16 DrawObject15

Эстетикалық, Практикалық әрекет

адамгершілік,өнегелік ортасы ету ортасы


DrawObject23 DrawObject22




Оқытудың белсенді әдістерін енгізу сабақта оқушының жаңа білімді игеруге белсенді қатысуына ықпал етеді.Оқушылардың деңгейін дамытуда деңгейлік тапсырмалардың маңызы зор.Бірінші сатыда мұғалімнің көмегімен оқушы алдындағы мақсатты шешеді,орындайды,оқушыға бұрынғы білімі көмекке келеді.Екінші сатыда оқушы жағдай анық болғанда өз бетінше кетеді.Үшінші сатыда айқын жағдай түсініксіз болса да,оқушы өз еңбегімен жаңа мәліметтерді игеруі тиіс.Бұл-эвристикалық саты болмақ.

Сонымен, мұғалім алдындағы негізгі міндет оқушының таным,білім белсенділігін арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту.Ол үшін мұғалім шеберлігін құрайтын біліктіліктің критерийлерін іске асыру қажет.





DrawObject26 DrawObject24 DrawObject25

Мұғалім шеберлігін құрайтын біліктілік

критерийлері

DrawObject27 DrawObject32 DrawObject33 DrawObject31 DrawObject29 DrawObject30 DrawObject34 DrawObject28



Педагогикалық байқампаздық

Сабақтың ырғағын сезіну

Оқыту әдісін талдау және таңдау

Жұмыс істеуге өзіндік сезімін ояту

Қарым-қатынастың түрлі танымдық ырғақтарын ұйымдастыру


Танымдық, біліктілік, білім алу, анализ жасау



3. - Оқу процесін технологияландыру мәселелері қаншалықты өзекті болып табылады?

Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең. Дарынымен ерекшеленіп тұрған балаларға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігінің оқыту жүйесін құруға берік негіз болатын технологияларды басты тірек етіп алу керек. Сондай-ақ, жаңа педагогикалық технологияларды дамыту мен қолдану – дербес компьютерлер мен телебайланыс жүйелерінің мүмкіндігімен байланысты.

Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей. Оларды пайдалану барысында білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларын: білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларыбасшылыққа алынады. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайындалған адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы – білім берудің барлық мазмұнын терең ойластыруға ықпал етті. «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда бала өзiнiң ой еңбегін әлi ойлап та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген түрiнде, жаттап алуына тура келедi. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланың оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек» (В.А.Сухомлинский). Сабақта, жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болу керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімдi өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты – мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, iздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені шешетін технологиялардың бірі – «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі».

Сондықтан мен бірнеше жылдан осы «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын тәжірибеме енгізіп жұмыс жүргізудемін. «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясының талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі үш кезеңнен немесе екі бөлімнен тұрады: синектикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдерден.

Синектикалық бөлімде (ІІ-кезең) оқушы білімді өз бетімен алуға дағдыланады. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмыстарының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуіне қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді, әрине, мұғалімнің жетелеуімен. Негізінен, барлық белгілі педагогикалық технологиялардың (соның ішінде шет елдіңде) миссиясы осымен аяқталады. Ары қарай: бірнеше оқушы сабаққа белсенді қатысқаны үшін бағаланады, үйге (үлгірімі әр деңгейдегі оқушыға күрделілігі әр деңгейдегі) тапсырмалар беріледі. Мысалы «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясындағы » «Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы» тақырыбында жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқушылырға төмендегідей тапсырмалар беру арқылы жүзеге асты.

Сыныпты 4 топқа бөліп,Батыс Қазақстанның 4 облысы бойынша тапсырмалар беріледі: 1-топ-Атырау облысы,2-топ-Маңғыстау облысы,3-топ-Ақтөбе облысы,4-топ-Батыс Қазақстан облысы

Зерттеу бөлімі:

Тапсырма:

  1. Атлас карта мен оқулықты пайдаланып облыста қандай кендер өндірілетінін анықтау.

  2. Облыста қандай өнеркәсіп салалары дамыған,орталықтары қайда орналасқанын анықтау.

  3. Облыс ауыл шаруашылығының қай саласына маманданған?

  4. Облыстың сыртқы экономикалық қатынасында көліктің қай түрі маңызды?

Ә) Талдау бөлімі:

1) 1-тапсырма бойынша кескін картаға пайдалы қазбаларды шартты белгісімен түсіріп кен орнын жазу.

2) Өнеркәсіп салаларын кестеге толтыру

... облыс

Өнеркәсіп салалары

Орталығы

Отын-энергетика


Металлургия


Машина жасау


Химия өнеркәсібі


Құрылыс материалдары


Тамақ өнеркәсібі


Жеңіл өнеркәсіп











3)Карта бойынша ауыл шаруашылығын сипаттау (ауызша)

4)Картадан көлік желісін көрсету.

Оқушылар тапсырманы орындай отырып жаңа сабақты өз бетімен меңгеруге мүмкіндік алды,ал мен тақырып бойынша оқулықтан тыс мәліметтер беру арқылы оқушы білімін толықтырдым.

Мұндай амалдың тиімділігі,жоғары дәрежедегі білім сапасын қамтамасыз ету. Ол біздің елдегі жауабын күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Білім сапасын көтеру үшін оны әділ өлшейтін сенімді бағалау құралы керек және білім беру саласында жаппай қолданыс тапқаны жөн.

Жоғарыда аталғандай сенімді бағалау құралы ҮӘЖ технологиясында қарастырылып, жасалған, оның мәні технологияның мазмұнында кеңінен талданып, қолдануға ұсынылып отыр және бұл бағалау құралы жаңа тақырыпты меңгеру үрдісінің нәтижеге бағытталған бөлімінде (ІІІ-кезең) қолданыс табады. Мысалы жоғарыда аталған сабақта төмендегідей деңгейлік тапсырмалар беріліп оқушы білімі бағаланды.

1-деңгей

Анықтаңыз:

1.Батыс Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыты қайда орналасқан?

2.Қазақстандағы АЭС қай қалада салынған?

3.Рентген аппараты қай қалада шығарылады?

4.Ферро қорытпа зауыты бар Батыс Қазақстандағы қала?

5.Мия зауыты қай қалада

2-деңгей

1.Атырау,Ақтөбе,Орал,Ақтау қалаларының географиялық координатасын картадан табу.

2.Ақтөбе-Орал,Атырау-Ақтау қалаларының арақашықтығын картадан есептеу.

3.Кескін карта бойынша анықтау.Бұл қай облыс?

3-деңгей

Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан экономикалық ауданын салыстыру.

Жоспар

Батыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Жер көлемі



Табиғаи жағдайы



Халқы,тығыздығы



Өнеркәсібі



Ауыл шаруашылығы





Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесіне негізделген педагогикалық технологияны қолдану жағдайында бағалау «қосынды» әдісімен жүзеге асырылады, оның негізіне жалпы білім дайындығының ең төмен деңгейі алынады. Әр оқушы алдымен міндетті түрде осы деңгейге жетуі тиіс. Тұлға дайындығының бұдан жоғары деңгейлерін бағалау критерийлері меңгеру тереңдігіне қарай олардың минималды деңгей негізінде мазмұнды қосылуы арқылы қалыптасады.

Оқушылар еңбегін «қосынды» әдісімен бағалау, оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырып, арттыратын құрал ретінде «ашық журналды» қолдану аталмыш технологияның оқушыларды бағалаудың ынталандыру жағын күшейтетін ұтымды бөлігі болып табылады, мұндайда баға оқу жетістіктерін бағалаудың шынайы объективті құралы қызметін атқарады да, бұл біз дайындаған үшөлшемді әдістемелік оқыту жүйесі технологиясының оны басқа қолданыстағы технологиялардан ерекшелендіретін айрықша белгісі болып табылады.

Берілген ведомості біз «ашық журнал» деп атаймыз, мұнда тез және көрнекі түрде бүкіл сынып үшін деңгейлік тапсырмаларды жүйелі орындауына қарай оқушылардың оқу жетістіктері тіркеледі. Осы технология тәжірибеден өтіп жатқан эксперименталды сыныптарда арнайы дайындалған кесте түрінде тақтаның шетіне «ашық журнал» ілінеді. Әр оқушының орындаған тапсырмасын осы журналға тіркеу барысында олар бір-бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігіне ие болады және деңгейлік тапсырмаларды орындау дәрежесі туралы ақпарат ала алады. Нәтижесінде шынайы жарыс рухы пайда болады. Тәжірибе көрсеткеніндей, оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын басқа одан табыстырақ оқушылармен салыстыра отырып, олардан қалғысы келмейді, оның табысқа итермелейтін ынта-жігері артады, ол өзін жақсы жағынан көрсеткісі келеді, сөйтіп сабақ ойын сипатында өтеді:

. «Ашық журнал»

Р/с

Аты-жөні

1-деңгей

5-ұпай

2-деңгей

4-ұпай

3деңгей

3-ұпай

Сынып

та жинаған ұпай

Үйде орындау

Барлық ұпай

Баға

1

2

3

4

5

1

2

3

4

1

2






1


















2



















Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесіне негізделген педагогикалық технологияны қолдану жағдайында оқушылардың еңбегін бағалаудың аталған барлық жағымсыз жақтарын кешенді түрде шешуге болады. «4» пен «5»-ке оқитын оқушылардың саны арқылы «білім сапасын» дәстүрлі түрде анықтау дұрыс болып табылмайды, біріншіден: оқытудың мақсатын нақты көрсетпеудің салдарынан оқушылар репродуктивті іс-әрекетті жүзеге асыра отырып, тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын таба отырып, ұқсас тапсырмаларды қатесіз орындай отырып, оқу материалын және т.б. әңгімелеп бере отырып, жоғары бағаны жиі алады; екіншіден, қолданыстағы жүйеде оқытудың дамытушы жақтарын өлшеу қиынға соғады. Сондықтан да білім деңгейін, біліктілік пен дағдыны бағалаудың нақты эталондық жүйесінің қажеттілігі туындайды.

.

«Үшөлшемді оқыту технологиясының » тиімділігі:

1) оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін (1-деңгейде)

100 пайыздық үлгеріммен қамтитынына кепілдік алады;

2) қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады;

2)әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады (мектепте орындап бастаған деңгейлік тапсырмаларды үйде қабілеті жеткенше аяқтап келу мүмкіндігін алу арқылы). Сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешімін табады;

3) дарынды балалар дер кезінде анықталынып, дами алады;

4) оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы, оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі;

5) оқытуда ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланылады


4. География пәнін оқытудың ерекшелігі-бұл пән бойынша арнайы құралдардың көмегінсіз сапалы білім беру мүмкін емес. Сондықтан мен сабақта «Үшөлшемді оқыту технологиясы »негізінде орындалатын тапсырмаларды географиялық сызбалар арқылы жүргіземін.Себебі осында әдісдерді қолданған кезде біріншіден, білім негіздерін терең меңгеруге (фактілер, заңдылықтар, түсінік, ұғымдар), екіншіден, оқу жұмыстарының тәсілдерін меңгеруге, (қашықтықты өлшеу, координаталарды табу, уақытты айыра білу, бағдарлай білу, масштабты табу), үшіншіден, оқушылардың танымдық ынтасын тұрғызуға және ақыл ойын дамытуға бағытталады.

География пәнін оқытуда сызба жұмыстарының алатын орны өте зор. Өйткені әр түрлі типтегі сызба жұмыстар оқушылардың байқағыштығын арттырып, ойларын дамытып, оқып отырған тақырыптарын көз алдарына елестетіп, осы пәнге қызығушылығын арттыра түседі.

География сабақтарында қолданылатын әр түрлі сызба жұмыстары төмендегідей жіктеледі:


1. Географиялық сызбанұсқалар мен карта сызбалар.

2. Диаграммалар мен графиктер.

3. Кестелер, т.б.

Мұғалім графикалық сызба жұмыстарын іріктеп алып, оларды орындатуға жаттықтыра білуі қажет.

География сабақтарында тірек сызбанұсқаның маңызы зор. Түсінуге ыңғайлы, әрі басы артық сөзге тосқауыл болады.

1. Мысалы, 9-сыныпта "Отын – энергетика кешені" тақырыбын өткен кезде отын-энергетикасының сала аралық байланысы сызбанұсқасы арқылы тақырыпты түсіндіруге болады.(1)

Қазақстан энергетикасын ауыр өнеркәсіптің жетекші саласы екенін ұғындырып, отын-энергетика кешенінің сала аралық байланысының сызбасын көрсету арқылы осы өндірістің маңыздылығын ашып, отын түрлерінің орналасқан орнын оны өңдеу орталықтарына тасымалдау арасындағы туындайтын мәселелерді шешудің жолдарын оқушылар өздері түйіндейді.

Карта сызбалары.

Жер бедері, геологиялық құрылысы тақырыбында жер бетіндегі биіктік айырмашылықтар, физикалық картамен салыстыру, геологиялық картамен салыстыру жұмыстары негізінде жүргізіледі.

Мысалы:

Жер бедеріне жүргізілген профиль (2сызба)

Мұндай сызба жұмыстары сабақтың білімділік деңгейін көтеріп, оқушы белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқу еңбегін күшейтіп, пәнге қызығушылығын арттырады. Білімді меңгеру көздеріне қарай оқушыларды өз бетінше іздену тұжырым жасау дағдыларын қалыптастырады.

2. География сабақтарында график құру үшін, ең алдымен, кесте түрінде берілген материал, сандық көрсеткіштер пайдаланылады. График тұрғызу үшін, мына жұмыстар жүргізіледі.

а.Шкаласы бар координата жазығы сызылады.

ә.Горизонталь түзуге белгілі бір кезең, уақыт өлшемі, қашықтық тағы басқа белгіленеді, вертикаль бағытқа берілген мәліметтің өзгеірісі көрсетіледі.

Графиктердің құндылығы сонда оған бірнеше процестің сәйкестігі түсіріліп, салыстырулар жасалады. Оқушы өзі ой қорытып тұжырымдайды.

1)Жауын-шашын.(3сызба)

2)Жел кестесі. 4 сызба






Айлар

Температура (С°)



Алматы

Атырау

1

Қаңтар

-3

-7

2

Ақпан

0

-8

3

Наурыз

6

-6

4

Сәуір

10

4

5

Мамыр

14

6

6

Маусым

20

15

7

Шілде

24

20

8

Тамыз

22

17

9

Қыркүйек

19

10

10

Қазан

15

4

11

Қараша

17

-2

12

Желтоқсан

-5

-6



Жел кестесі.

Желдің бағыты

Осы бағыттан басым желдер соққан күндер саны.

С

4

СБ

3

СШ

2

Б

3

Ш

4

О

1

ОБ

2

ОШ

2


Диаграммаларды география сабағында математика пәніндегідей шеңбер, бағана, квадрат, т.б. геометриялық фигура түрінде қолданылады. Диаграмма грек тілінде аударғанда "көрінісі, бейне, сызба" ұғымын білдіреді. Диаграммаға әр түрлі аймақтардағы табиғат ресурстарының қоры, жауын шашыны, еңбек ресурстары, табиғат құбылыстары мен объектілердің өзгерісі түсіріледі.

Бағаналық график-бұл диаграмманың ең қарапайым түрі. Негізгі элементтері графиктегідей. Айырмашылығы шеткі нүктелері бекітіледі, қарастырылып отырған соңына қарай бір немесе бірнеше түскен іші штрихталады не боялады. Мысалы, жауын-шашын, жеке елдердегі халықтың жастық құрамы, жеке елдердегі адамның өмір сүру жасы ұзақтығы.





АҚШ-30%

Жапония-35%

Италия-32%

Үндістан-14%

Монғолия-25%


Берілген мәліметтен өнеркәсіпте жасайтын адамдар саны бойынша көбінен азына қарай бағана түрінде диаграмма құрастыру.

2.Секторлық немесе шеңбер диаграммалар түрлі нысандар мен құбылыстардың құоылысы туралы ұғым қалыптастыру үшін түсіріледі. Мұндай диаграммаларда материктегі өзендерді мұхиталаптарына бөліну мөлшерін, халықтың ұлттық құрамын, жер қорын, өнеркәсіп салаларын, отын балансын түсіру тиімді.


Шеңбер диаграмма түсіру үшін:


1) Сандық материал қажет.

2) Сандық материал өңделеді.

Жеке компоненттің пайыздық мөлшері, пропорция құру арқылы есептеледі.

3)Пайыздық шама градустық өлшемге айналады.

4)Шеңбер көлемі қажетті мөлшерге байланысты.

Мысалы, Қазақстанда 0-14 жас-25%, 15-59 жас 64%, 60 жастан жоғары-11%.(5)

Диаграммалар мен графиктер мынандай жағдайда құрылады:

1)Нысандардың көлемін салыстыру кезінде.

2)Уақыт ішіндегі сандық және сапалық өзгерістердің кескіндемесі.

3)Құбылыстардың құрылысын салыстыру кезінде.

Дұрыс көрсетілген диаграммалармен графикалық кескіндемелермен оқушылардың сандық мәліметтерді жақсы меңгеріп, есте сақтауларына көмектеседі.

3.Кесте – ең қарапайым көрнекілік. Кесте белгілі бір құбылыстың немесе нысанның графикалық сызба түріндегі көрінісі. Кестеде оқу материалдарының басты бөлігі көрінеді. География сабақтарында кестелерді мынандай топқа жіктеуге болады.

Құрама кесте. Кестенің графикалық кесінділерінің басқа формалары мен үйлестірген жағдайда зерттеліп отырған нысанның бейнесі көрінеді, әрі жіктеледі.








Пайдалы қазба

Шартты белгі

Кен орны






Оқу бағдарламасының негізгі мазмұнына сәйкес жасалынған кестелер оқушылардың тез есте сақтауына, негізгі ұғымды игеруге, заңдылықтармен құбылыстардың байланысын ашуға, ережелерді жинақтауға үйретеді.

Сабақта мен оқушыларды жоғарыдағыдай тапсырмаларды орындатып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретумен қатар ақпараттық сауаттылығын арттыруға көңіл бөлемін.

Сондықтан сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын компьютерлік құраушыларды үнемі пайдаланамын.


ІІІ. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған келелі әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі оқушыға тиянақты білім беру. Тиянақты білім беру дегеніміз – жаттанды емес белгілі жүйесі бар, тұрмыспен, күнделікті өмірмен тығыз байланысты оқушының ой-өрісінің дамуына көмектесетін ұғымдар жиынтығы. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда біздер ізденімпаздықпен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүргізудеміз. Жұмыстың нәтижелі болуы мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен білім көлемін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру – жақсы нәтиженің негізі. Оқушы білімнің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін көрсетеді.

Бұл білім берудегі, яғни оның бағытындағы, оқыту мақсатындағы, білім мазмұныныдағы маңызды өзгерістер пәндік және түйінді құзіреттердің дамуы арқылы білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өз әлеуетін жүзеге асыруға бағыт береді. Құзыреттілік білім беру жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі «География» пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілгендей білім беруді күтілетін нәтижелерге бағдарлау болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандартындағы оқыту сапасын көтеру мен оқушыларды тәрбиелеу талаптарымен сәйкестендіріліп қойылған.

Оқытудың күтілетін нәтижелері оқушылардың білімі мен біліктерін бақылау жүйесін реттеуге, ақпараттануын көтеру мен объективті түрде бағалауға, мұғалімнің әрбір оқушының оқу жетістіктерін шынайы суреттеуіне және оны қорытындылауына мүмкіндік береді, яғни оқушыда төмендегідей құзіреттіліктер қалыптасады:

Ақпараттық құзырет (АҚ)

Қоршаған орта мен адамның біртұтастығы және бірлігі туралы өзінің түсінігін кеңейту үшін ғылыми-жаратылыстану ұғымдары мен терминдерін, заңдары мен заңдылықтарын біледі

Табиғатты және ондағы өзінің орнын саналы түрде танып-білу үшін ғылыми-жаратылыстану білімнің негізін құраушы табиғи құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың мәнін түсінеді

Әртүрлі өмірлік жағдаяттарда жан-жақты хабардар бола отырып шешім қабылдау үшін игерген ғылыми-жаратылыстану білімін қолданады

Әлемнің ғылыми бейнесі туралы өзінің түсінігін кеңейту үшін ғылыми-жаратылыстану білімін пайдалана алды

Коммуникатив тік құзырет (КҚ)

Әртүрлі тұрғыда бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін процестер мен құбылыстар туралы ғылыми-жаратылыстану ұғымдар мен терминдерді пайдалану тәсілдерін біледі

Әртүрлі коммуникация түрлерін жүзеге асыру үшін ғылыми-жаратылыстану білімнің құндылық мәнділігін түсінеді

Әртүрлі тұрғыдағы ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін ақпараттық-технологиялар негізінде ғылыми-жаратылыстану білімін қолданады

Бірігіп жұмыс жасау үшін жаратылыстану пәндерінің ақпараттық-ұғымдар өрісінде бағдарлана алады

Проблемаларды шешу құзыреттері (ПШҚ)

Белгілі-бір тұрғыдағы жағдайды бағалау және тиімді шешім қабылдау үшін ғылыми-жаратылыстану білімін пайдалану тәсілдері туралы түсініктері болады

Экологиялық, техногендік және ақпараттық факторларды ескере отырып жауапты шешім қабылдау үшін қоршаған ортаның шынайылығын танып-білудің құндылығын түсінеді

Қоршаған орта шынайылығымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру үшін ғылыми-жаратылыстану білімін қолданады

Адамгершілік нормаларға сәйкес ғылыми-жаратылыстану білімін шығармашылықпен пайдалану арқылы жасампаздық шешім қабылдай алады

Сонымен география сабақтарында инновациялық технологияларды дамыту мен қолданудың тиімділігі мынада:

1.Оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі.

2.Оқушының сызба белгі мағынасы мен мазмұнын түсіну үшін

ойлау, қайта жаңғырту салыстыру есте сақтау қабілеттерінің

дамуына мүмкіндік туады.

3.Оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдап білуді

үйренеді.

4.Таңдап алған танымдық білімдік түсініктерді бір бірімен

байланыстырып, жүйелеуге үйретеді.

5.Оқушы жұмысы тек қана жазу емес, сызу, сурет салу, өз бетімен

шартты белгі ойлау оның мәнін білуге мүмкіндік алады.

6.Оқушы топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйретеді.

7.Оқушы оқулықпен және басқа да қосымша әдебиетпен, картамен

жұмыс істеу дағдысын меңгереді.

8.Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі.


Оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Шығармашылық арқылы ойлауы, қиялдауы сана сезімі өседі.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Р.А.Заездный "Географическая наглядность в преподований

географий".


2.Л.Н.Картель "дидактические материалы по физ.географий".


3.Е.Каженбаев "Географияны оқыту әдістемесі".


4."География және табиғат"2002.№1,2.,2006№1


5."Білімдегі жаңалықтар" ақпартты- әдістемелік журнал.2006№1,2

6. Кобдикова Ж.У «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі»

педагогикалық технологиясының бағалау құралы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!