жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама «Google Classroom» платформасы арқылы қашықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»
«Google Classroom» платформасы арқылы қашықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байшева Альмира Асылхановна
Қашықтан оқыту дегеніміз — оқытушы мен білім алушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту болып табылады. Сонымен қоса, қашықтықтан оқыту ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) оқытушы мен білім алушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы. Мұндай оқу үрдісінің негізінде кейбір білім мекемелерінде өзіндік жекелей оқыту платформасы қарастырылғанымен, көпшілікке қолдануға оңтайлы, қаражат тұрғысынан тиімді және пайдаланушы үшін функциялары күрделі емес интернет-платформаларында жұмыс жүргізу қажеттілігі туындады. Осы орайда, Google Classroom платформасын қолдану оқытушы үшін де, оқушы үшін де орын мен уақыт, жағдайды таңдамайтын бірден-бір платформа ретінде қарастыруға болады. Google Classroom интернет-платформасын пайдалануды толықтай негіз етіп алмаса да, әрбір оқытушының білімді жеткізу, білім алушының қаншалықты деңгейде игергендігін тексеру және бағалау мақсатында осы платформада балама ретінде жұмыс жүргізуіне болады.
“Google Classroom” бұрыннан танымал Gmail, Docs және Drive сияқты білім беру үшін қолдануға болатын тағы бір Google қызметі ретінде құрылды. Google Classroom қолданушыларға Google Drive-пен жылдам интеграцияны, интерфейсті және оқытушыларға қажет жаңа мүмкіндіктерді біріктіре отырып, жұмыс жасауға ыңғайлы.
«Google Classroom» негізгі ерекшеліктері:
-
Сыныпты баптау (Настройка класса). Әр сыныпта оқушылардың қоғамдастыққа қосылуы үшін қолдана алатын өзінің коды болады. Бұл процесс алдын-ала тізілімдерді құру қажеттілігін жояды.
-
Google Drive-пен интеграция. Мұғалім Google Classroom қолданған кезде, әр сынып үшін жаңа қосымшалармен бірге Google Drive-да Сынып бөлмесі (папка «Класс») автоматты түрде құрылады.
-
Ұйымдастыру. Оқушылар Google Classroom қолданған кезде, олардың Google Drive (Google-диск) парағында оқушылар қосылатын «Сынып» (Класс) папкасы құрылады.
-
Автоматтандыру. Google құжаты түрінде тапсырма жасағанда платформа сыныптағы әр оқушыға құжаттың жеке көшірмелерін жасайды және таратады.
-
Уақыт. Тапсырма құру кезінде мұғалім жұмыстың орындалу мерзімін көрсетеді. Оқушы тапсырманы белгіленген мерзімнен бұрын тапсырған кезде, оқушыда «Көру» құжатында пайда болады, ол мұғалімдерге сұрыптауға мүмкіндік береді.
-
Жұмыс / Түзету. Оқушылар жұмысын бастаған кезде мұғалім оқушы «Қарау» («Просмотр») күйінде болған кезде кері байланыс жасай алады. Жұмыс оқушыларға қайтарылған кезде, студент тағы да «Редакциялау» күйіне ауысады және құжат бойынша жұмысын жалғастырады.
-
Ыңғайлы шолу. Мұғалімдер де, оқушыларға да барлық тапсырмаларды Google Classroom үй экранынан көре алады. Бұл бірнеше сыныптағы жұмыстарды бірден басқаруға мүмкіндік береді.
-
Байланыс. Мұғалім жасаған сынып хабарландыруларымен және тапсырмаға түсініктеме берудің біріктірілген мүмкіншіліктерімен мұғалімдер меноқушылар әрдайым байланыста болып, әр тапсырманың мәртебесін біліп отыруға мүмкіндік алады.
.
“Google Classroom” оқыту және оқу үрдісінде ұсынған функциялары көп-ақ. Соның ішінде кері байланыс құралы ретінде таптырмас интернет-платформасы екенін айта кету керек. Оқытудағы кері байланыс дегеніміз — оқытылатыннан оқытатынған және одан оқытылатынға (сыртқы кері байланыс) немесе өзіне оқытылатыннан баратын, үйрету үрдісі мен нәтижелер барысы туралы ақпарат өтетін байланыстар кері байланыс деп аталады.
“Google Classroom”-да Сіз оқытушы ретінде барлық түсіндірме мәліметтеріңізді (презентация, видеоматериал, қарастырылуы керек әдебиеттер) жүктеп қоя аласыз. Білім алушы кез — келген уақытта онлайн, оффлайн режимде сол уақытта және кейін де бұл мәліметтермен таныса алады. Ия, мәліметтерді беруді кез-келген жүйеде жүзеге асыруға болады, бірақ та біз үшін ең маңыздысы - білім алушының берілген білімді қаншалықты деңгейде меңгергендігі, игергендігі болып табылады. Сіз талап еткен тапсырмалардың (баяндама, презентация дайындау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тесттік тапсырмаларды орындау) орындалуына ғана қарап бағалау, толыққанды кері байланысты қамтамасыз ете алмайды. Арада қашықтық болғаннан кейін жанында тұрып та бағалай алмайсыз. Бұл орайда, бағалаудың жүйесіне білім алушының өзін-өзі бағалау жауапкершілігін жүктеу қажет. Рефлексия - білім алушының сабақ бойына білімін қорытып талдау (анализ) жасауына, ақпарат арасындағы үзілістерді толықтыруына мүмкін беретін бірден бір таптырмас құрал. Дәстүрлі оқыту барысында оқытушы рефлексияны сабақ барысында еркін өткізе алатыны сөзсіз. Ал қашықтықтан оқыту барысында арнайы қосымша құралдарды іске қосуымызға тура келеді. Сондықтан әр сабаққа “Кері байланыс күнделігін” және “Өзіндік бақылау парағын” енгізуді ұсынамын. “Google Classroom”-да “Google Форма”-ны пайдалана отырып, әр сабақ соңында небәрі бес минутта қорытынды бағаланатын “Кері байланыс күнделігін” және “Өзіндік бақылау парағын” құрамыз.
“Кері байланыс күнделігі” келесідей сұрақтарды қамтиды: өзіңізді бүгінгі сабаққа қаншалықты атсалыстым деп есептейсіз?, бүгінгі сабақ бойынша білім деңгейіңізді бағалаңыз (сабақтың басындағы біліміңіз, сабақтың соңындағы біліміңіз, жалпы тақырып бойынша алған біліміңіз), оқытушыны бүгінгі сабақ бойынша бағалаңыз, бүгінгі сабақты «1» мен «5» аралығында бағалыңыз.
“Өзіндік бақылау парағы” (рефлексия пирамидасына сәйкес) келесідей сұрақтарды қамтиды: Мен үйренген төрт мәлімет, мен білген үш мәлімет, менің көбірек білгім келген екі мәлімет, есте сақтау керек бір маңызды мәлімет. Бұл оқытушы мен білім алушы үшін де тиімді, оңай және тез жүзеге асады. Біріншіден, білім алушының сыни көзқарасын қалыптастырып, осал тұстарын анықтай отырып сапаны арттыруға ықпал етеді. Екіншіден, оқытушы үшін әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Себебі, әрбір білім алушының күнделігі мен бақылау парағы оқытушының мұрағатында сақталады. Үшіншіден, қорытынды сабақта білім алушының бірінші сабақтан бастап “өсу қисығын” көріп, салыстырмалы талдау жасауға болады.
Кері байланыстың тиімді құралы ретінде қашықтықтан оқытуда “Coogle Classroom” интернет-платформасында “Google Форма” мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
-
“Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
-
Самеков М.Н, Избасаров Е.Х. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі — қашықтықтан оқыту технологиясы, Тараз қ. мақала http://zkoipk.kz/2016smart1/2543-conf.html
-
Сапарова А.Ж., Жупболова У.Т. “Сабақтағы кері байланыстың тиімді тұстары” мақаласы http://zkoipk.kz/kz/2016smart1/2500-conf.html
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген