Материалдар / Баяндама химия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама химия

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама химия пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
621
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлт тағдыры- ұрпақ тәрбиесі

Елбасымыздың Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аяында жер мен ел тарихына деген қызығушылықты жаңғырту, танымдық қызығушылықтары мен әлеуметтік белсенділіктерін арттыру « Ұлт тағдыры-ұрпақ тәрбиесі» атты ата-аналар жиналысында Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алдабергенова баяндама оқыды.

Мақсаты:Ұлттық сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгіліерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда.Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанға алынып отыр.

Ұлттық тәрбиенің міндеті- мәдени әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің дінгегі- ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін,салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациалық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім мен мәдени –рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу.

Ұлттық тәрбие:

  1. «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

  2. «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»

  3. «Мектептегі ұлттық тәрбие» деп бөліп талқыланады.

Ұлттық тәрбиенің көздері: халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр.

Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшіліктері: туыстық қарым-қатынас, жеті ана туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отан сүйгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Тұрмыс –салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.

Қазақта мынадай құнды өсеттер бар. Мысалы:

Жеті қазына Бес қару Үш даусыз

Жеті ата Бес өсиет Үш арсыз

Жеті жұрт Бес намаз Үш тәтті

Жеті күн Бес жаратылыс Үш ғайып

Жеті ғалым Бес қатер Үш қадірлі

Жеті әулие Үш қуат

Жеті жоқ

Жеті жетім

Ендеше «Ел боламын десең, бесігіңдітүзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбие» балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн.

Мақала авторы: Алдабергенова Алма Алмасовна

Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ-де тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары

Picture 1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!