Материалдар / Баяндама химия пәні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама химия пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
балндама ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
791
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлт тағдыры- ұрпақ тәрбиесі Елбасымыздың Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аяында жер мен ел тарихына деген қызығушылықты жаңғырту, танымдық қызығушылықтары мен әлеуметтік белсенділіктерін арттыру « Ұлт тағдыры-ұрпақ тәрбиесі» атты ата-аналар жиналысында Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алдабергенова баяндама оқыды. Мақсаты:Ұлттық сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгіліерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда.Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанға алынып отыр. Ұлттық тәрбиенің міндеті- мәдени әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің дінгегі- ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін,салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациалық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім мен мәдени –рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу. Ұлттық тәрбие:
  • «Отбасындағы ұлттық тәрбие»
  • «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»
  • «Мектептегі ұлттық тәрбие» деп бөліп талқыланады.
Ұлттық тәрбиенің көздері: халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшіліктері: туыстық қарым-қатынас, жеті ана туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отан сүйгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Тұрмыс –салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады. Қазақта мынадай құнды өсеттер бар. Мысалы:Жеті қазына Бес қару Үш даусыз Жеті ата Бес өсиет Үш арсызЖеті жұрт Бес намаз Үш тәттіЖеті күн Бес жаратылыс Үш ғайыпЖеті ғалым Бес қатер Үш қадірліЖеті әулие Үш қуатЖеті жоқЖеті жетімЕндеше «Ел боламын десең, бесігіңдітүзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбие» балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн.Мақала авторы: Алдабергенова Алма АлмасовнаТ.Бигелдинов атындағы ЖОМ-де тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!