400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Инновациялық технология негізінде қазақ тілін оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Инновациялық технология негізінде қазақ тілін оқыту тәсілдері


Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Адамзат қоғамы аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылым мен білім беру жүйесі озық елдердің Ыбырайша айтқанда, "өнер-білім бар жұрттардың" қатарында боламыз десек, заман талабын ескеріп, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз.

Сонымен арада өткен он шақты жыл уақыт ішінде:

-заман ағымы, уақыт өлшемі едәуір өзгереді;

-жаһандану үрдісі қарқын алды;

-білім беру экономиканы дамытудың басты факторына айналды.

Қазақ халқы қай кезде де білім мен ғылымнан, мәдиниеттен кенде болған емес. Солай десек те әрбір дәуір безбенінің қояр өз талабы бар. Жаңа ғасыр табалдырығын әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған Қазақстанның болашағы-білім мен ғылымда.

Біз рухани ізгілікті, мәдени құндылықтарды жаңғырту мен қалыптастыруда, білім мен ғылымды дамытуда сапалы серпіліс жасауға тиіспіз. Сан мың ұрпақтың ортақ мұратын ту етіп, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дәл сондай дамыған, білімді, қуатты ел болуы керек.

Үшінші мыңжылдықта оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін- өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша құруды көздейді. Мұғалімнің жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге ұмтылысымен сипатталатын инновациялық іс-әрекетке бағытталған инновациялық дайындылығын қалыптастыру қажет-ақ.

Мұғалімнің инновациялық-дидактикалық іс-әрекеті жалпы әрекеттің реттілігімен, нақтылығымен сипатталады. Педагогтің инновациялық-дидактикалық іс-әрекетке қатысуы жаңалыққа көзқарасы, педагогикалық біліктілік деңгейі, жеке педагогикалық іс-тәжірибесі, педагогикалық теориялық дайындылық деңгейлерімен сипатталады.

Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашалықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді.

Мұғалімнің инновациялық дайындылығын қалыптастыру дегеніміз – әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамды дамытудағы үлесін арттыру; жалпы орта білім беретін мектептердегі инновациялық өзгерістерді, оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық, коммуникацилық технологияларды кеңінен пайдалану және т.б.

Педагогтің инновациялық дайындылығын қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік береді және өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін білімдер жиынтығын құрайды

Инновациялық іс-әрекет оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісіне ықпал жасайды. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша, мұндай нәтижеге жету үшін педагогтің инновациялық іс-әрекеті келесі талаптарға сай болуға тиісті.

  • өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау;

  • жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірбиеге енгізе алу;

  • педагогикалық инновациялық жаңа әдіс-тәсілдерін өз бетінше жасау.

Мұғалім-философия, педагогика, психология ғылымдарының негізін терең меңгерген, қоғамдағы, білім беру саласындағы болып жатқан инновациялық өзгерістер мен реформаларды жүзеге асыратын, өзіндік көзқарасы, белсенділігі қалыптасқан озат, шығармашыл, жаңашыл зерттеуші.

Инновациялық іс- әрекетке дайындаудағы мақсатымыз:

  • Инновациялық іс- әрекет арқылы заман ағымына сай, заманауи технологияны меңгерген тұлға қалыптастыру;

  • Жаңа технологияны пайдалана отыра өз сабақ беру әдістемесін қалыптастыру;

  • Мұғалімнің инновациялық дайындық көрсеткішін анықтау.

Мұғалімнің инновациялық даярылығын қалыптастыру мазмұнын 3 бағытта қарастырамыз:

  • теориялық: кәсіби даярлық;

  • тәжірбиелік: кәсіби білім;

  • әдістемелік: инновациялық білім;

Мұғалімнің теориялық даярлығы педагогикалық практика кезінде өз білімін шыңдауымен ерешеленеді.

Мұғалімнің тәжіребиелік даярлығы арнайы әдістемелік жұмыстар барысында білім мен біліктілікті меңгерумен сипатталады.

Әдістемелік даярлығы педагогикалық оқу, инновациялық курс нәтижесінде инновациялық білім мен біліктілікті меңгерумен бағаланады.

Мұндай дайындықты қалыптастыру құралдары төмендегілер:

  • авторлық бағдарлама;

  • компьютерлік, аудио-видео, мультимедиалық құралдар

Көбінесе оқытудың интерактивті әдістері пайдаланады:

  • миға шабуыл;

  • пікір талас;

  • педагогикалық тренинг;

  • педагогикалық форум және т.б.

Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, төмендегідей әдістемелік ұсыныстар жасаймыз:

  • оқытушыны инновациялық іс- әрекетке, инновациялық ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналасуына бағыт- бағдар беретін инновациялық оқу- әдістемелік, ғылыми- әдістемелік кешенін әзірлеу.

  • оқушыны оқу орны қабырғасында –ақ инновациялық педагогикалық технологиямен қаруландыру;

  • жалпы білім беретін орта мектеп, арнайы кәсіби және жоғары педагогикалық білім беретін оқу орындарының оқу- тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны толықтай енгізуді қолға алу. Ол үшін оқытушының инновациялық білімді игеру мен инновациялық іс- әрекетті жүзеге асырудың ұдайы ынталандыру шараларын қарастырған жөн.

ХХІ ғасыр білімді, тәрбиелі, қабілетті ұрпақты тәрбиелеуді мақсат етіп отыр. өйткені, бүгінгі жас- ертеңгі маман, ел болашағы. Сондықтан да әр оқытушы жаңа оқыту технологиясын тиімді де орынды пайдалануы керек.

Жаңа педагогикалық технология оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты роль атқарады.

Мысалы, «Саралап деңгейлеп оқыту» технологиясын пайдаланғанда оқушы жұмысының нәтижесін өзі бағалай алады. «Тірек-сызба» технологиясы арқылы ойлау белсенділігі артып, сенімділік туып, нұсқау арқылы дәл жауап беруге үйренеді. Шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Бес жолды өлең» технологиясын алсақ, оқушы тапсырманы орындау барысында грамматиканы да, әдебиетті де пысықтайды. «Жуан, жіңішке сұрақ» қою арқылы бір-бірінің білімдерін тексереді[4].

Қазақ тілін оқыту барысында, сонымен қоса, «Әңгіме- диолог», «Сауаттылық ашатын хаттар» , «Түртіп алу» жүйесі», «Қабырғаға қарап оқу» (яғни, мәтінді өз бетімен дауыстап оқыту, жол тастап жазу, қайта өңдеу), «Топтастыру», «Кубизм» (неше қыр болса, сонша тапсырма даярлап келу) сынды т.б. жаңа технологиялық әдістерді пайдаланамын.

Бұдан шығатын нәтиже:

  • оқушының оқуға деген қызығушылығы артады;

  • ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекеті қалыптасады.

Баяндамамды қорытындылай келе, барлық педагог мамандардың мақсаты- көзі оттай жанған, жүрегі «Отаным» деп соққан, салауатты өмір салтын ұстанатын шәкірттерді даярлау болса, ол- жаңа заманауи технологияны меңгерген жаңашыл ұстаздардардың еңбегі болмақ.

Жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден басталады дегендей, кездескен қиындықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімізді дамытып, Елбасы Н. Назарбаевтың: "Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу",- деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі