Интеллектуалды
даму деңгейі төмен балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің ерекшеліктері
Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында:
«Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне:
білім бағдарламаларын меңгеру үшін
жағдайлар жасау және жеке адамның
шығармашылық, рухани, және де дене
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік
пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының
дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты
байыту» деп атап көрсеткен.
Қазіргі
кездегі Қазақстандық қоғамдағы жеке
тұлғаға деген қызығушылықтың жоғарылауы
бала құқығы туралы мәселелерді
қарастыруға, мүмкіндігі шектеулі
балаларға әлеуметтік психикалық және
медициналық-педагогикалық көмек
көрсетумен және оны зерттеу мәселесіне
байланысты жаңа мәселелерді белсенді
қарауға мүмкіндік береді.
Жалпы
орта білім беретін мектепте үлгерімі
төмен балалар тобында психикалық дамуы
тежелген балалар көптеп кездеседі.
Психикалық дамудың тежелуі бұл баланың
интеллектуалды қабілетінің жасына
сәйкес келмеуі. Психикалық дамуының
негізгі бұзылыстары интеллектуалды
даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы,
ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен
болып келеді. Осы себептерге байланысты
психикалық дамуы тежелген балалардың
оқу үлгерімі төмен болады. Оның негізгі
белгілері: сабаққа белсенділігі
байқалмайды, берілген тапсырмаларды
үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай
алмайды, сыныптастарымен аз араласады,
өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу,
есептеулерде көп қателер жібереді, тез
шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады.
Психикалық
дамуы тежелген балалардың тіл байлығы
әдеттегі балаларға қарағанда 20-30 % төмен
деңгейде болады. Сондықтан зерттеу
нәтижелері бойынша ойлау, сөйлеу тілінде
және шығарманың мазмұнын айтуда
қиындықтар кездесетіні, сонымен қатар
есте сақтау қабілетінің артта қалғаны
да анықталады. Осы себептерден баланың
тапсырманы орындауында көп қиындықтар
кездеседі.
Білім
беру мекемесінде оқитын психикасының
дамуы тежелген балалар әр уақытта
нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс
қалмауы тиіс. Ол үшін психолог, тәрбиеші,
ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда
баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі
болады, яғни баланың өз-өзіне деген
сенімділігін арттыру арқылы түзете-дамыту
жұмыстарын жүргізу тиімді болады.
Балаларға
психологиялық түзету жұмыстарын мына
бағыттар бойынша өткізуге болады:
Жеке
баламен арнайы жұмыс жүргізу немесе
балалар тобымен арнайы жұмыс жүргізу;
тәрбиелік іс-шаралар бағытында; баланың
ата-анасының және басқа туыстарының
қатысуын қажет ететін формада өткізуге
болады.
Сонымен
қатар, ПДТ балалармен жүргізілетін
психологиялық
түзету-дамыту
жұмыстарын жүргізудің принциптері:
Баланың
жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
Шаршап
кетпеуін қадағалау
Оқу
әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру,
кеңістікті бағдарлауын дамыту
Сыныптан
тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру
Ойын
дағдыларын оқу әрекетіне аудару
Арнайы
әдістемелерімен оқытуды ұйымдастыру
Жылдық
диагностикалық даму деңгейін салыстыру
Психикалық
дамуы тежелген оқушылардың таным
процестерінің, жас ерекшеліктерін,
сөйлеу деңгейін ескере отырып, халық
ауыз әдебиетінің ішінен: мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер,
аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер қолдануға
болады. Сонымен қатар оқушылардың сөздік
қорын дамытуда - халық ауыз әдебиеті
үлгілерінің ішіндегі ертегілер ең
негізгісі болып табылады.
Психикалық
дамуы тежелген балалардың ұсақ қол
қимылдарын дамыту, сонымен бірге, тіл
байлығын дамыту, баланың логикалық
ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін
дамыту мақсатында түрлі ойын сабақтарды
пайдалануға болады. Мысалы, түзету-дамыту
ойындарына «мәтіндегі қателерді табу»,
«сөздер арасындағы қателерді түзеу»,
оқушылардың есте сақтау, ойлау, қиял
элементтерін дамыту мақсатында «ертегіні
аяқта», «рұқсат етілмейтін түстер» т.б.
жүргізу қажет.
Түзетушілік-дамытушылық
оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыты
ретінде мына заңдылықтарға сүйене
отырып, түзету-дамыту жұмыстарын жүзеге
асыру қажет:
1.Тәрбиеленушінің
интеллектуалдық, жан дүниесінің және
физикалық жағынан дамуын қамтамасыз
ету. Мысалы, Жалпы мектеп оқушыларымен
салыстырғанда, арнайы (түзету)
мектептерінің оқушылары мұғалім қойған
талаптарды әрдайым түсінбейді де, оларға
берілген әрбір жұмыс қиын, орындалмайтын
сияқты көрінеді. Сондықтан да түзете
дамыту жұмыстарын ұйымдастыру барысында,
баланың қоршаған ортаға бейімделуіне,
мінез-құлық ерекшеліктеріне, өз-өзін
төмен бағалауына, қоршаған ортаға
сенімсіздікпен қарауына, белсенділігінің
төмендігіне, өз күшіне сенімсіздігіне
көп көңіл бөлген жөн. Ол үшін баланы
оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында
сабақ алдында, сенімділік деңгейін,
эмоционалдық еркіндікті, топта
бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын
психологиялық жаттығу, тренингтер
өткізу керек.
2.
Баланың қажеттіліктерін ескеру. Әрбір
бала бір нәрсені істеуге, жасауға ынта
білдіреді. Біреуі ойнағанды жақсы
көреді, ал екіншісі пирамидадан үй
құрастырғанды т.б. ұнатады. Осындай
жағдайда тәрбиеші әр баланың қызығушылығын
ескере отырып, түзетушілік-дамытушылық
жұмысты жеке немесе топтық түрде жүргізу
қажет. Әр баланың жетістігін ерекше
көрсетіп, жұмысына көрме жасап, әр
баламен оның индивидуалды әлемінің
ерекшеліктерін талдау қажет. Соның
нәтижесінде болашақ өмірі үшін қажетті
нәтижеге қол жеткізудің мотивациясы
қалыптасады.
3.Тәрбиеші
мен тәрбиеленуші арасындағы байланыс.
Мұғалім балаға өз қатынасын білдіруі
керек, яғни оның барлық іс-әрекетін
құптап, құрметтеуі. Сонда ғана бала
(тәрбиеленуші) тәрбиешінің оған әрдайым
көмекке келетінін, оны қорғайтынын,
әрдайым мейірімді бола алатынын түсінеді.
Оқушының іскерлігіне мұғалім баға беруі
қажет. Бұл мадақтар мен ынталандыру
жүйесімен көрінуі қажет (мысалы,
«жарайсың», «сенің қолыңнан келеді»
т.б.). Бұл арқылы тәрбиеші оқушының
сәтсіздік алдындағы қорқынышын
төмендетіп, сенімділігін арттырады.
Яғни,
осы заңдылықтарды жүзеге асыра отырып,
мұғалім оқушының қалыптасуы үшін жағдай
жасайды.
Қорыта
келгенде, психикалық дамуы тежелген
балаларды дамыту барысында жұмыс
нәтижелі болу үшін, әр баланың
физиологиялық, психологиялық жас
ерекшеліктерін ескере отырып, жеке
тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және
тиімді ұйымдастыру болып табылады.