15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама. Интербелсенді әдіс-тәсілдердің функционалдық сауаттылықты арттырудағы маңызы
Баяндаманың тақырыбы: «Оқушылардың биология пәнінде функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»
Мақсаты:
Биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызын баяндау;
Функционалдық сауаттылықты арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерімен бөлісу;
Әдіс-тәсілдердің тиімділігін саралау;
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А.Биология пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы
Б. Биология пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылықты арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
«Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»
Ж.Аймауытов
Қазақстан жаңа ғасырға дүниежүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл - қыздары ешқашан да жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз – білім.
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей де жатады. ОЖСБ әсіресе, ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай да қалатыны жоқ емес. Осындай жайттардың алдын алу қағидалары функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі.
Биология
пәнінен функционалдық сауаттылықты
арттырудың маңыздылығы.
Биология пәнінен функционалдық
сауаттылықты арттырудың маңыздылығы,
биология - өсімдік, жануар, денсаулық
, қоршаған орта туралы ілімдігінде.
Оқушылар биология пәнінен алған ілімдерін
өз қажетіне жарата алғанда функционалдық
сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай
тұжырымдарманы ұсынуға болады:
1.Оқушыларды
бірінші сабақтан бастап сөйлесім
әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым,
тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте
білу
2.
Оқушылардың алған білімдерін өмірде,
кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада
қолдана алуға үйрету;
3.Әлеуметтік
талаптарына сай келу үшін оқушының
ақпараттық технологияларды қолдану
және проблемалардың шешімін таба алуға
үйрету;
4.
Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне
үйрету ;
5.
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін
дамытуы;
6.Оқушылардың
әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы
;
7. Өз денсаулығына, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етуі.
Функционалдық
сауаттылықты арттыруда әдіс-тәсілдер
және оның ролі.
Функционалдық сауаттылықты арттыру
сабақтың өн бойында жүргізілетін
әдіс-тәсілдерде қамтылуы керек.
Әдіс-тәсілдер қолданылуына қарай
ынтымақтастық атмосфера орнатуға, жаңа
білімді меңгертуге, бағалауға және
рефлексия алуға бағытталады.
Ынтымақтастық атмосфера орнату үшін 1. Мені бәрі біледі, бірақ ешкім білмейді...
2.Мен ұқсаймын...
Жаңа білімді меңгерту үшін 1. « Көп сөзден бір сөз» әдісі
2.«Жауапқа неліктен» әдісі
«Журналисттік зерттеу»
«Еркін әңгіме»
«Эссе»
Бағалауға бағытталған әдіс-тәсілдер 1. Шкала арқылы «Диаграмма»
2. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Рефлексия алуға бағытталған әдіс-тәсілдер «СВОТ» талдауы
«БББ» кестесі.
Бұл әдістердің қай-қайсында да оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, зейінін жинақтауға көмектеседі. Жеке тұлға ретінде сыни ойлауға, шешім қабылдауға, тыңдау, айту дағдылары қалыптасуына, қандайда бір мамандыққа баулуға, өзара оқытуға ықпалын тигізетіні айқын. Өйткені, әдіс-тәсілдер ең күрделі дүниені қарапайымдылықпен орындатуды білдіреді.
Мысалы, ынтымақтастық атмосфера құру үшін бағытталған әдіс «Мені бәрі біледі, бірақ ешкім білмейді ...» мәтініне салып, өткен сабақпен байластыру. Нақтырақ айтқанда «Қант топтары» тақырыбы болғанда, соған сәйкес оқушылар «Менің азиаттық нәсілге жататынымды бәрі біледі, бірақ қан тобымның І \+\ екенін ешкім білмейді» немесе « қан тобым бойынша универсалды донор екенімді ешкім білмейді » тағы сол сияқты оқушылар ойларын , зейіндерін жинақтап пәнге қызығушылықтарының артқандығын байқатты .
Білім меңгерту бағытында «Көп сөзден бір сөз» әдісі термин сөздердің мағынасын ашуға арналған әдістер. Бұл жерде оқушыларға тапсырманы термин сөздерді жаттау деп ғана беретін болсақ 10 оқушыдан 2 оқушы ғана орындауы мүмкін, ал « көп сөзден бір сөз» деп бағыт беретін болсақ, 10 оқушыдан 6 оқушы нақты орындап, қалған оқушыларда қызығушылықпен тырысу байқалады. Бұл әдісте көбінесе өзара оқыту, бір-бірін тыңдау жүзеге асады.
«Жауапқа неліктен» әдісі. Бұл әдісте оқушылар өзара жабық сұрақтар қойып, оның жауабына ары қарай неліктен деген сұраққа жауапты жалғастырып айтады. Мен бұл әдісті қолданғалы оқушылар барлық мәліметтің себебін білу керектігін түсініп, өз беттерінше оқуға, ізденуге тырысқандықтарын байқадым. Мысалы, 10Б сынып оқушысы Дүйсебек Дана
«Зиготаның көлемі қандай?» деген сұраққа 30секунт ойлануға уақыт сұрап, көлемін және оның себебін айтып бере алды. Қазіргі таңда мен 10 Б сыныбында бұл әдісті қолданып жүрмін, оқушылар меңгерген, дұрыс жауабын білмеген жағдайда өздерінің нұсқаларын айтып, ойлау қабілеттерін көрсетуде.
«Эссе» жаздыру әдісі жоғары сыныптардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр сабақтың соңында жеке тұлға ретінде өздерінше ой қалыптастыру керек деген оймен жүзеге асырып отырамын. Эссе жазу арқылы оқушыларды сыни ойлауға, өңірдің өзекті мәселесін айқындауға, олардың шешу жолдарын табуға, шешім қабылдауға, қандайда бір мамандыққа баулуына ықпал етемін деп ойлаймын. Эссе жазу арқылы дарынды және талантты балалар да анықталып отырады. Бұл әдісте ұсынарым, сабақтың соңында жүзеге асырылғаны дұрыс, өйткені, барлық ақпараттарды ой елегінен өткізіп ой қорытуы үшін, және үлгермеген оқушыларға үй тапсырмасы ретінде толықтыруды үйге тапсырғада да орынды болады. Оқушылардың ой жинақтауына көмектесу үшін белгілі бір мәтіндерді қолданған өте жөн болады деп есептеймін. Мысалы, «мені ойландырады...», «мен жауаптымын...», «егерде мен...» сөз тіркестерін пайдаланып шағын эссе жазыңдар деп тапсыратын болсақ, бұл ұтымды шығады. Эссені бағалауда адамның шығармашылығына ешқандай шек қойылмайтындықтан, тек мадақтама арқылы бағалаған дұрыс деп санаймын
Қорытынды
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысы нан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Елбасымыз Н. Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.
Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аттыру үшін мұғалім шебер болуы керек. Ол баланы қалай оқыту, оның сабаққа деген ынтасын қалай ашуға болады деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасауы тиіс. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді. Интербелсенді оқыту барысында оқушылар өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз қөзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.
Менің
қолданып жүрген интербелсенді
әдіс-тәсілдерімнің нәтижелігін
оқушыларымның пәнге қызығушылығының
артуынан, қашықтық олимпиадаларға
қатысуынан, пайыздық көрсеткішімнің
өсуінен көруге болады. 10Б сыныбы
І-тоқсанда сапа көрсеткіші 47
ІІ-тоқсанда 52%
ІІІ-тоқсанда 58% -ға өсті.
Болашақта
оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескере
отырып, жоғары сыныптар үшін «Денсаулық»,
7-8 сыныптар үшін «Экология» ұйымдарын
құрып, теориялық білімдерін тәжірибемен
ұштастырып отыруды жоспарлаудамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы
2. Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар
3. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А., 2006ж. \
4. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . 2
Негізгі бөлім . . . . . . 3
Қорытынды . . . . 5
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 7

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген