жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама «Ізденіс-игілікті іс»
Алматы облысы Балқаш ауданы
«№1 Жамбыл атындағы орта мектеп» МКМ
Жанатова Айдын Исахановна география пәнінің мұғалімі
Баяндама
«Ізденіс-игілікті іс»
XXI ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен Ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену, білім беруді одан ары демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндетін туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.
Елімізде ғылым мен техника күннен-күнге қарыштап даму үстінде. Осындай салаларды меңгеру үшін білімді де білікті мамандар қажет. Міне осы орайда ұстаздар қауымының алдында көптеген келелі, шешімін күткен міндеттер тұр.
Үздіксіз білім беруде оқушы өзі ізденіп, тақырыпты оқып түсініп, тақырып аясын кеңейтсе, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижелі болып, сабақтың сапасының артқандығы деуге болады.
Білім сапасын арттыру-тұрақты даму мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету кепілі. Білім беру ісі-қоғамның айнасы. Білім-ұлттың ақыл- ойы мен ерік-жігерін қалыптастырушы тірек. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал-тек қана білім.
Бүгінгі ұрпақтарымыз-тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің егемендігін еншілеген, үлкен жауапкершілікті мойнына алған ұрпақ. Сол ұрпақтың оқу-білімге ынтасының жоғары, білім сапасының биік болуына сай нәтижеге бағытталған білім көзі болуы керек. Білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, ол сырттан келеді. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең.
«Біз қаншама білсек, соншама нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім-күш»,- депті ағылшын философы Френсис Бэкон.
Өзен қайтсе үлкейеді? Өзіне келіп құйған бұлақтардың бәрін қабылдай берсе. Білімділік те солай, құр оқып қана қоймай, бойыңа сіңіре білсең ғана, білімдар боласың. «Мектеп-кеме, білім теңіз» деген қанатты сөз астарында қандай терең сыр жатыр... Иә, мектептің қоғамдағы орнын дәл тауып айтқан сияқты. Қазіргі мектеп туралы ой өрбіткенде әлемдік өркениетке жүгіне отырып, өзімізде барға зер салуымыз керек.
Білім - ұрпақ тағдыры, ал сол ұрпақ тағдыры ұстаз қолында. Мектеп ұстаздары оқушы мен үлкен өмірді байланыстыратын алтын көпір. Ел ертеңі ұрпақ қолында болғандықтан, сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында бәсекеге қабілетті білімді де білікті оқушылар тәрбиелеу ұстаздықтың адал жүгі.
Бүгінгі оқушы - ертеңгі күнгі ел тізгініне ие болатын азамат. Сондықтан да, олар тұрмысқа, өмірлік тәжірибеге, жаңа заңдылықтар мен қатынастарға тез бейімделуі керек. Ал, оған жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын арттырып, қабілет - қасиеттерін дамытатын мектеп мұғалімдері болғандықтан да, оларға жүктелер міндеттер де ауқымды. Қазіргі білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін ғана емес сол білімнің сапасын қойып отыр.
Сондықтан да білім сапасын қамтамасыз етуге жаңа әдіснамалық көзқарас пайда болды. Жаңа көзқарастың басты ерекшелігі білімінің мазмұндық негізін құрылымдау обьектісі өзгерді. Ендігі жерде оқушыға ұсынылатын оқу материалдарының құрылымы мен көлемі емес, оқытудың нәтижелері обьектісі болып табылады. Кез келген ізденушілік қызмет шығармашылыққа алып келеді. Кәсіби қызметте шығармашылық қана қажетті нәтижеге қол жеткізеді. Нәтижеге қол жеткізу, ол-білім сапасын арттыру. Білім сапасын арттыру үшін: Сабақ мақсаты айқын, түсінікті, бала белсенділігін тудырып, білімді саналы түрде оқушыға меңгерте білуі қажет.
Бүгінгі таңда мектептерде дүниежүзілік тәжірибелерде өзін ақтаған оқыту технологиялармен қатар қазақстандық педагог-ғалымдардың да технологиялары белсенді түрде қолданып жақсы нәтижеге жетуде. Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаты айқын көрсетіледі. Сондықтан әрбір сабақтың мазмұны мен тақырыбына сәйкес оқытудың әдіс-тәсілдерінің элементтері іріктеліп алынары сөзсіз. Қазіргі таңда мектептерде пәндерді оқытуда жаңа технологияларды енгізу-оқушылардың білімін көрсетуде үлкен әсер етіп отыр.
Жаңа технологияларды қолданған уақытта оның әрбір кезеңдерін ұстаз өзі жақсы түсініп, оқушыларға жеткізе білуі қажет. Жаңа технологияларды күнделікті сабақта қолдану үшін ұстаз алдында отырған шәкірттердің жас ерекшеліктерін таңдап алынады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда ұстаз белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады. Кез келген жаңа технология жеке тұлғаның дамуына, нәтижеге жетуіне бағытталған.
Жаңа технологияның тиімділігі:
а) сынып оқушылары сол күнгі сабақта толық қамтылады
ә) оқулықпен жұмыс жүргізіледі
б) оқушы өзін-өзі бағалайды
в) пәнге деген қызығушылығы жоғары, ерекше дарынды қабілетті балалар анықталады.
Білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу үшін, оқушының пәнге деген ынтасын төмендетіп алмас үшін мұғалім де өзінің алдында мынадай міндеттерді қойғаны жөн:
-оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастыру
-оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қою
-мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты сақтау
-жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуына күш салу
-тақырыптарға сәйкес оқушыларды қызықтыра білу
-тапсырмаларды күрделендіру.
Оқу үрдісінің қай мәселесін алсақ та, оларды шешу, мұғалімнің танымына, білгірлігіне, ой-өрісіне, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Оқушыға берілетін білімнің мазмұны мен сапасы, оны меңгертудің көрсеткіші мұғалімнің іскерлік қабілетінің басты бейнесі. Ұстаз-білім беру ісіндегі шешуші тұлға. Оның біліктілігі мен кәсіби шеберлігі жас ұрпақтың дамуына, шығармашылығы мен қабілетіне әсер етеді.
Мұғалімдік мамандық бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шытырманы мол рухани жан-дүниесіне үңіле білу деген педагог ғалым В.А.Сухомлинский. Сондықтан мұғалім өзі оқытып отырған шәкірт кім деген сұраққа жауап бере отырып оқыту керек. Ол: жеке дара тұлға, ұлжанды азамат, туған тілін, әдеп-салтын бағалайтын адам, өз пікірі бар оқырман, ертеңгі ата-ана, тәрбиеші. Педагогикалық әдеп мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік мәдениеті. Ұстаз қоғам сенген ұрпақты білім нәрімен сусындататын адам болғандықтан сенім білдірушілік, төзім, сабыр сақтау сияқты қасиеттерге ие болу керек. Біздің басты міндетіміз жаңа заман үрдісіне сәйкес экономикалық әлеуметімізді молайту үшін қажыр-қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктеріне тұра алатындай маман тәрбиелеу. Ал ол маманды даярлап сапалы білім беретін мұғалім.
Қорыта айтқанда, білім сапасын көтеру үшін баланың бірінші орынға білім, білігі мен дағдысы емес жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қоюымыз керек.
Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету - өнердің де өмірдің де заңы» деген орынды пікірін білім беретін ұстаздың да, оны саналы түрде бойына сіңіретін шәкірттің де жадынан шығармауы сапалы білімге жетелер жол екендігі анық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген