400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Жаңа әліпби-болашаққа бағдар" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Материалда ата-аналар жиналысында оқылатын баяндама, латын әліпбиі жайлы түсінік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тақырыбы: Жаңа әліпби-болашаққа бағдар.

Мақсаты:

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта

компьютер.

Барысы:

І Кіріспе бөлім. «Баяндама»

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты...

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі.  Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс.   Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.

Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.  Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын.  Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас  түркі  халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ...

Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы болатын. Ал  рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті жайт.

Былтырғы жылы Түркия мемлекетінде студенттерге дәріс беріп қайттым. Сондағы байқағаным, түріктермен, ондағы қырғыз, өзбек, ажербайжан ағайындармен аудармашысыз-ақ  түсінісіп  кетуге болады. Себебі – бәріміздің түбі бір түркі тілінде сөйлейміз. Мені қинағаны – ойларымызды қағаз бетіне түсірсек, кімнің не жазғанын оқи алмай, аман-саулықтың өзін ағылшын тілінде жазуға мәжбүр болғанымыз. Түркілерге ортақ әліпбидің жоқтығы туысқан халықтардың интеграциялануына  қаншалықты кедергі болып тұрғанын өз басымнан өткердім десем болады.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі өткен ғасырдың 90-жылдары көтерілді де тез басылып қалды.  Тілші ғалымдар латын әліпбиіне көшудің  тиімді жақтарын жан-жақты дәлелдеп берген болатын. Солардың басты-бастыларын атап көрсетейік:

  • шет елдердегі (Қытай, Монғолия, Түркия т.б. ) қазақтармен мәдени, рухани байланысты нығайту үшін қажет;

  • қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды мүмкіндіктер туады, ол өз кезегінде тіл үйренушілерге жеңілдіктер береді;

  • қазақ тілінің әуезділігі, орфоэпиялық заңдылығы қалпына келеді;

  • түркі тектес мемлекеттердің интеграциялану үрдісіне оң ықпал етеді;

  • ағылшын тілін меңгеру оңтайлана түседі;

  • Кеңес заманында жазылған, қазіргі заманға қажетсіз дүниелерден арылу үшін, қажетті рухани жәдігерлерді елеп-екшеп алуға мүмкіндік туады.


Ендеше, «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында өткізілгелі отырған ашық микрафон алаңын бастаймыз.


ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрафон»

Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы слайд көрсетіледі.

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.


І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары. Пікірталас.

  1. Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?

  2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...


ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары:

Ата-аналалардан латын әрпі үлгісі бойынша аты-жөндерін жазып беруі сұралады


  1. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?

  2. Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едіңіз?

ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары:

  1. Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

  2. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Ата-аналар не дейді?..

ІҮ Рефлекция. «Дауыс беру»

Оң жақ: қолдаймыз (ақ)

Сол жақ: қолдамаймыз (қара)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі