жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
баяндама «Жаңа формат - биология сабағында»
Тақырыбы: «Жаңа формат - биология сабағында»
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы.
Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Осы курс арқылы көптеген жаңа тәсілдер мен әдістерді үйрене отырып, көптеген тәжірибелер жинақтадым. Биология пәнінен сабақ беру барысында жаңа форматтағы жеті модульді сабақ барысында жүйелі қолданып бастадым. Жеті модульді бір сабақ өткізген кездеде қолдануға болады, кейде екі сабаққа бөліп пайдалануға болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып келеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспары жаңа форматтағы әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Жаңа форматтағы жеті модульді жүйелі пайдаланудың өзі үлкен шеберлікті қажет етеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасақтап, өз пәніме жүйелі түрде қолдануды бастаудамын. Өз пәнім бойынша сабақ топтамаларында жеті модульді пайдалана отырып өткізген сабақтарым оң нәтижесін беруде.
Бұл бағдарламада стратегия түрі өте көп. Оны мұғалім өзінің ыңғайына, сабақ тақырыбына қарай таңдайды. Бұл бағдарламаның тағы бір пайдасы сыныптағы оқушылардың сабаққа толық қатысуы. Күнделікті жай сабақта 3-4 бала ойын ортаға салып, сабаққа белсене қатысса, қазір сабаққа үлгерімі төмен оқушы да өз ойын ортаға айтып, пікірталасқа түседі. Өздеріне өзі баға қойып, уақыт та үнемделеді. Стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсете білуге үйретеді.
Сабақ беру барысында биология пәнінен сабақ тақырыбына сәйкес қызығушылықты ояту бағытында, оқушылар білімдерін нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берулері керек екенін және ойлануға бір, екі минут берілетіні жайлы айтылды. Мысалы: «Өркендер мен бүршіктер» деген тақырыбымда оқушылардың зейінін сабаққа аудара отырып, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша «Ой ашар» мақсатында оқушыларға сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырмамен бастадым. Хат ішіндегі сұрақтар: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?». Өсімдіктің «Жасыл асхана» деп қай мүшесін айтады? Осындай сұрақтарды бере отырып, жауап алу кезінде диалогтық оқыту – арқылы (мұғалім — оқушы,оқушы-мұғалім) арасында байланыс « Ой қозғау » бөлімінде көктемде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады? деген тақырыпта ой тастай отырып оқушылардан тиянақты жауап алдым. «Кім жылдам?» бөлімінде әр топқа бес сұрақтан беріп отырып, жауап алдым.
Оқушылар өз пікірлерінің бағаланатынын жақсы сезінді. Өзіне деген сезімі аздау оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жұмысқа басқа оқушылармен бірлесе қатысуға көмегі тиді.
Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарыма жауап беруге қатысты. Ұсынған стратегияларым оқушыларыма өздерінің пікірлерін ашық айта отырып, берілген сұрақтарға жауап беруге белсене қатысты. Сұраққа жауап берген кезде кейбір оқушылардың жауабы мені таңқалдырды. Бұрын сабақта көп сөйлей бермейтін оқушылар сабақ барысында өз ойларын ашық айтты. Оқушылар ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылары мен қасиеттері – ұстаздар үшін ынталандыратын күш болып табылады. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген тақырыптағы сабағымда Блум таксономиясы бойынша «Көпір» тапсырмалары арқылы сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап берді.
«Түсіну» жүйесі бойынша «Менен — сұрақ, сізден — жауап» тапсырмасы бойынша оқушылар бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.
Мысалы: Сабақ қандай қызмет атқарады?
-Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды ата?
-Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
Өзек қандай қызмет атқарады?
Бір-біріне сұрақтар беру арқылы жауаптарын тыңдай отырып, пікірлерін толықтырып отырдым. «Талдау» жүйесінде зертханалық жұмыс орындады. Зертханалық жұмыста оқушылар әр түрлі сабақ түрлерін ажырата білді. Зертханалық жұмыста берілген нұсқаулықтағы тапсырмаларды жеке – жеке орындай отырып көз жеткізу арқылы табиғи материалмен жұмыс жасады.Зертханалық жұмысты орындау барысында жекеленген оқушылар зерттеп, талдап көз жеткізе білді.«Жинақтау» жүйесінде тестілеуге арналған сұрақтар арқылы немесе өткен материалды еске түсіріп, ынталандыру үшін, жауапты ойлауға бағытталған, жинақталған білім мен ұғымды қалыптастыра отырып толықтырдым. «Жапырақ» деген сабағымда оқушылардың қызығушылығын ояту «Ой ашар» бағытында мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар бердім:
1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?
2. Жапырақтың маңызы қандай?
3. Жапырақ жайлы не білгілерің келеді?
Бағыттаушы сұрақтар арқылы:
1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
3.Мәтінде не жайлы айтылған? деп сұрақтар беру арқылы, үй тапсырмасын пысықтап алдым.
Оқыту мен оқудағы ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану АКТ (Салыстыр. Айырмашылығы неде?) деген бағытта оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасады.
“Жинақтау” жүйесі сынып оқушылары тақырыпқа байланысты “Менен — сұрақ, сізден жауап”сұрақтарды бір-біріне қоя отырып оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту жүзеге асты. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтары бойынша өз бағаларын қойып бағалап отырды.
Әрине, біз ұстаз баладан көп нәрсені күтеміз. Барлық оқушыларымыздың сабаққа қатысуын қаласақ та, кей оқушыларымыздың тыс қалып жататыны рас. Әр сабағымда барлық баланың білімі көрініп, бағаланып, бар баланың сөйлегенін менде қалаймын. Ал жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсында үйренген жеті модульді сабақтарға енгізу осы келеңсіздіктерді шешуге көп көмек береді деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген