жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама" Жаңартылған білім-дамудың бастауы"
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ-ДАМУДЫҢ БАСТАУЫ
Минапова Кулаим Барлыбайқызы
№229 «Абызтөбе» орта мектебі
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы
Халықты халықпен, адамды адаммен
теңестіретін- білім.
М.Әуезов
ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры.Осы орайда бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Өйткені қай заманда , қай ғасырда болмасын білім мен ғылым-қоғамның қозғаушы, дамытушы көзі.
Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындауды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі екені даусыз.
Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда[3,6]. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Ұстаздар құзырлығының негізгі көзі-жеке тұлғаға әлемдік деңгейде білім беру, дағды қалыптастыра отырып, табысты оқушы даярлау болып табылады. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Үстіміздегі жылы, елімізде орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы ретінде кәсіби білімімді жетілдірдім. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар,педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары қарастырылды.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.
Осы реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы жаңартылған білім мазмұнының «алғашқы баспалдағы» деп санаймын. Өзім де биылғы оқу жылында 1 сынып оқушыларымен жаңа білім беру бағдарламасының алғашқы баспалдағын аттап отырмын .
Оқу бағдарламасына үңілсек:оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан.Құндылықққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процессі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылған.
Сондай-ақ,оқушының өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді меңгеруге ықпал етеді. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
Пәндердегі бөлім тақырыптары бірдей және бір -бірін толықтырып,байланыста жүргізіледі. Мұның өзі баланың білу, түсіну,қолдану,талдау,жинақтау және бағалау дағдыларын жетілдіруде зор ықпалын тигізеді.
Сабақтарда топтық, жұптық және жеке жұмыстар жүргізіп, қалыптасу, ойлау деңгейлерін арттырып отырамын.Оқу мен оқытуда қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүзеге асырып, оқушының өзін-өзі бағалуы мен өзара бағалауын жүзеге асырып келемін. Оқушыларға кері байланыстар беріп, нәтижеге жетуіне көмектесемін.Қиындықтар да кездеседі.Алайда қол жеткен нәтиже де баршылық.Сыныптағы 21 оқушы сауаттанған және алған білімдерін қолдана білуде.«Көш жүре түзеледі»-дейді дана халқымыз.Ендеше, көшіміздің табысты болатынына сенемін.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
« Білімдінің қолында – алтын шырақ» -дейді.Ендеше, алтын шырақты алып жүрер шәкірттеріміз, жаңашыл ұстаздарымыз көбейе берсін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген