15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы"
Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Бастауыш сынып мұғалімі:Алимбетова Л.Т
Шымкент
Жоспар:
-
Жаңартылған білім –болашақтың кепілі
-
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы
3. Ұстаздар алдындағы міндет
3.1 Тиімді әдіс-тәсілдер
4. Қорытынды.
Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы
«Бұған дейін жасалғандардың
бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады».
Генри
Форд.
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазіргі таңда аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным шамалы. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттеу үшін арнайы курсқа баруымыз керек .Расында да осы уақытқа дейін бірнеше курстар мен тренингтердің тыңдаушысы болсам да, жаңартылған білім бағдарламасының толық нұсқасын түсініп кетудің сәті түспепті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы» атты курстың толық нұсқасын меңгеруіміз керек деп ойлаймын. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы іске қарай бет бұрып отырмыз.
2.Қазақстандағы қазіргі тілдік жағдаят қоғамдық келісімді нығайтудың басты тетігі ретінде үштұғырлы тілдер жөнінде айтуға мүмкіндік береді. Тіл мен мәдениеттің әр түрлілігі, олардың бірдей қолданылуы-біздің еліміздің жетістігі. Ал, жүргізілетін тілдік саясат барлық этностардың тілдік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етумен қатар қарым-қатынас жасауда, білім алуда, шығармашылық қажеттілігін өтеуде тілді таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді.Президентіміз «Тілдердің үштұғырлылығы» жобасында қазақ тілінің мемелекеттік тіл, орыс тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілінің жаһандық экономикаға табысты интеграция жасау тілі ретінде атап өткені мәлім.Президентіміз «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында ағылшын тілін -жаңа технология , жаңа индустрия , жаңа экономика тілі ретінде көрсетеді. Себебі, қазіргі кезде 90 пайыз ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі екі есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогресске жете алмайды. Үш тілді оқуға кезең –кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін, -деді.
3. Дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибиені жетік меңгерудің маңызы зор.Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
3.1 «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта сабаққа тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Өз тәжірибиемде «Сахналық қойылым», «Сен маған, мен саған», «Киімдер дүкені», «Көңілді доп» әдістерін қолданудамын. Бұл әдістер қазіргі таңда өз нәтижесін беруде.
Мысалы: Сабақ жоспары бойынша мәтінмен жұмыста топтық жұмыс ретінде мәтінді бөліктерге бөл, әр бөлікке ат қой деген сияқты тапсырмалар берсем. Оқушыларым сол мәтіннің әр бөлігі бойынша немесе ертегі желісі бойынша сахналық қойылым да жасайықшы деген ұсыныстарын айтып отырады.Қазақ тілі сабағында көбіне суретпен жұмыс тапсырмасы келеді. Бұл тапсырмада да оқушыларым сахналық қойылым жасайық деп отырады. Бір сурет бойынша әр топ әртүрлі мағынадағы сахналық қойылымдар қойып береді. Білім игерудің бірлескен әрекеттерден толыға түсетініне көзім жетті. Оқушыларымның шығармашылық қабілеттері былтырғы жылмен салыстырғанда біршама өскендігі байқалады. 2-сыныпта тапсырмалар бергенде бағыт бағдарды көбіне өзім беретін болсам, биылғы жылы өздері ұсыныстар айтатын дәрежеге жетті.Ералы Рабиға, Налибаева Мадина , Сапарова Аяжан деген оқушыларым кереметтей қойылымдардың авторы десем де болады.Осы әдіс-тәсілдердің арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артты. Немқұрайлық көзқарастары жойыла бастады.Оқушыларым менің сабағымда ғана емес, басқа пәндерде де белсенділіктерін көрсетіп жүр.
4.Сөзімнің соңын қорытындылай келе, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің түйгенім: Мұғалім оқушыға еркіндік беру керек, тыңдау керек. Және де әдіс-тәсілдерді әр сабақта тиімді қолдану қажет. Соның нәтижесінде кереметтей жетістіктерге жетіп, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті ұрпақ өсіріп шығаратынымызға сенімдімін!
Әріптестер! Сіздерге тілерім:
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, жүректі ұстаз болайық!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Астана.28 сәуір, 2010
2. Қазақстан мектебі: Шетел тілінің маманының кәсіби ерекшелігі, № 5,2013
3. Ұстаз нұры газеті №07 (285) 13.04.2017ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген