жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама Жаңаша білім беру- жаңа жетістіктер көкжиегіне жол көрсету
Жаңаша білім беру- жаңа жетістіктер көкжиегіне жол көрсету
Бастауыш сынып мұғалімі: Сейлова Айнур Ибрагимовна
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Абай ауылы
№59 орта мектеп
Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауышта берілген білім – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңде өтеді. Сондықтан бастауышта алған білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заман талабына сай педагогтардың алдында тұрған әртүрлі проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылып отыр, олар:
Баланы ойлауға үйрету;
Баланы оқи білуге үйрету;
Баланың өзін – өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалім қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әрбір ұстаздың міндеті – оқушының шығармашылық қабілетіне бағыт беру, шығармашылық ізденістеріне қолдау жасау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.Сенімді серігіне айналу. Оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсетуге көмек беру.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым – қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді жәнеоны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс – тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегияларын) қолдану болып табылады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі:
Пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі. Яғни, пән мазмұны қарапайымнан күрделенуге өтуі.
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының нақтылығына сүйену, күнделікті қолданысымызға енгізу.
Бір білім беру аясындағы және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі.
Оқу үдерісінде ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы сабақ өткізу.
Оқытудың тәрбиелік бағытын арттыру, оқушының адамгершілік – рухани қасиеттерін қалыптастыру.
Білім беру деңгейлері арасында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою.
Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы.
Оқытудағы жүйелі – әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатыстыру).
Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам ,табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру; рухани адамгершілік құндылықтарын дамыту ; оқытудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білуге баулу, себеп – салдарлы байланыстар орнату.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, дене шынықтыру сынды білім салаларын аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде күтілетін нәтижелерді көре отырып меңгеруге талаптанады. Бағдарламаның мәні баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде жүзеге асыра білуі керек. Сол үшінде бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Ата – бабамыз «Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, жан – жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» - деген Әл – Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.
Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруғабағытталған жаңа үлгіні жасауда жүргізілетін жұмыстардың ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой – санасын дамытып ойлануға үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз» , «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмалар берілген жөн.
Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды.
Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегіненөткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.(МАН)
Бірінші кезең- қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып,оқушыларды сабаққа тартамыз. Әр түрлі тренингтер жүргіземіз.
Екінші кезең- ой толғаныс. Бұл кезеңде оқушыларды жаңа сабаққа дайындау мақсатында сыни тұрғыдан ойлау тапсырмалары көптеп жүреді. Мысалы: «Видеоролик» көрсету арқылы жаңа сабаққа көпір салынды. Сабақтың тақырыбыноқушылармен бірге ой қозғай отырып ашамыз.
Үшінші кезең- мағынаны ашу. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар-болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқыту, т.б. Осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырамыз. Топтарға тапсырма беріп, жаңа тақырыпты жеке, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар арқылы іске асырамыз.
Төртінші кезең– «рефлексия» -ой толғаныс, білім алудың қорытындылау кезеңі. Оқушылар сабақ бойы алған білмдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең болып есептеледі. Бұл сабақ мақсатына жете алғанымызға көз жеткізетін кезең.
Бүгінгі
таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте
маңызды өзгерістердіңсатысында
тұр.
Білім беру мазмұнын жаңарту
арқылы оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудыңжаңа әдістері
мен түрлерін білу,жинақтаған
іс-тәжірибе негізінде жаңа заман
талабына сай берілетін ақпараттарды
пайдалана отыра,оқушының білімге
дегенқұлшынысын арттырып, өздігінен
ізденуге бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа
формаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.
Білім беру бағдарламасын
жаңарту критериалды бағалау жүйесі
оқушылардың, сонымен қоса мұғалімдердің
педагогикалық шеберлігін жетілдіреді.
Жаңаша білім беру мектептердің жоспарлары,
тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен
жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге
негізделген оқу, белсенді оқу деп
өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық,
рөлдік ойындар арқылы оқушылардың
қызығушылықтарын арттырып, белсенді
оқуға ұмтылдырамыз. Осыған байланысты
оқушылар арасында өзара түсіністік
және ұжымдық қарым – қатынасты орнатып,
оқушылардың мүмкіндіктерін арттыруға
жол ашатын критериалды бағалауды
жүргіземіз.
Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс – әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау бұл – білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу – танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Біздің мектебімізде осы оқу жылында «Үйден оқитын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардан көп мұғалім өздеріне әсерлі болған сабақтар мен сыныптан тыс өткізілген іс- шараларды көріп, көкейлеріндегі ойларымен бөлісті. Сол семинарда менде дамыту –түзету бағытындағы «Инклюзивті оқушыларды саусақ ойындары арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту»тақырыбымен өз сабағымды ортаға салдым. «Жаңаша оқыту –жетістік көзі» бола алатынына менде көз жеткіздім. Ерекше дамуы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың сау балалармен жүргізілетін жұмыстан айырмашылығы бар бола тұрса да, бала бойындағы қызығушылық, өмірге құштарлық, барлық ісіміздің табысты өтуіне себепкер болды. «Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жол көрсет» деген нақыл сөздің текке айтылмағандығын ұғындырды.Қол маторикасын пайдалану барысында, түрлі-түсті борларды пайдаланып ас тұзын бояп, сурет салған кездерінде, оқушыларымның ерекше ынтасы маған да шабыт беріп, сабағымның сәтті өтуіне көмектесті. «Гүл» бейнесін шегелер мен резиналардан жасау барысында да өздерінің қабілеттері жағынан ешқандай кем еместіктерін түсіндіре білді. Ерекше дамуы бар балалардың бір –біріне айтар ойы, тілектерінің өзінен өмірге сондай құштар, белсенді тұлға бола алатындарын байқадық. Семинардан алған әсеріміз, алдағы уақытта өткізетін сабақтарымыз бен жүргізетін жұмыстарымызға үлкен шабыт бергендей болды. Бастауыш сыныптардағы ерекше оқушыларымыздың алар асулары мен алдарына қоя білген мақсаттары біздің де жаңа дәстүрде, жаңаша мазмұнда сабақ беруімізге құлшынысымызды оятты. Мынау менің сөзімнің дәлелдемесі ретінде, өткізген сабағымның жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Инклюзивті оқушыларды саусақ ойындары арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту |
Мұғалімнің аты-жөні: Сейлова А. Күні: |
||||||
СЫНЫП: 2
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||
Сабақ мақсаты: |
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы мен қабілетін дамытып, ынтасын арттыру |
||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. |
||||||
Бағалау критерийі |
Жеке тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
Көрнекілік |
Сиқырлы қобдиша, |
||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Көрнекілік |
|||||
Басталуы 2 минут
10 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Сәлемдесу.
Бір, екі, үш Қарға болып ұш. Төрт, бес, алты, Қарлығаш болып қалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он Қайта орнына қон.
Мен сіздердің көңіл күйлерің керемет екендігіне сенімдімін және сіздердің әр күндеріне сәттілік тілеймін. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы Мақсаты: қатысушылар арасында жағымды көңіл күй қалыптастыру, бір біріне жақындастыру. Жүргізілуі: Қазір сендер мына қобдишадан өздеріңе сиқырлы затты аласыңдар. Қобдишадан сиқырлы затты алған адам жан жақты және қайталанбайтын, қайратты, өмірге деген құлшынысы жоғары бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларыңыз керек. Барлығы қарап болған соң сұрақтар қойылады. - Жан – жақты және қайталанбайтын бейне кім болып шықты? - Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізерге қарай қарады? - Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытынды ой түйіндеу. Сендердің әрқайсыларыңның өзіндік ерекшеліктерін бар жеке тұлғасындар. Жарайсыңдар балалар, енді бір сөзбен қорыта айтқанда «Әрқайсысымыз әлемді жарқын және шуақты етеміз».
|
Сиқырлы қобдиша, айна |
|||||
Жаңа білім 10 минут
|
«Дәмді коктейль» ойыны Мақсаты: қолдың, саусақтың қимылдарын үйлесімді дамыту. Жүргізілуі: қатысушыларды екі топқа бөлеміз. Орталарына плакат, әр түсті бор, үстіне бір қалта тұз беріп, сонымен жұмыс жасату. Ең алдымен топтағы қатысушылар тұзды бөліп алып, өзіне ұнайтын бордың түсін таңдап, сол арқылы тұзды бояйды. Әр түске боялған тұзды шыны құтыға салып коктель әзірлейді. Дайын болған дәмді коктельді жақсы тілек айтып бір – біріне ұсынады. |
Тұз, ақ қағаз, шыны құты, түрлі түсті бор |
|||||
Сергіту сәті 5 минут
|
Сергіту сәті: «Жаңбыр тамшылары» Барлығымыз орнымыздан тұрып, далада жаңбыр жауып тұрғанын елестетеміз. Алдымен алақанымызға бір саусақты, одан кейін екінші, үшінші, төртінші саусағымызды ұрамыз. Жаңбыр қатты жауып, найзағай ойнайды. (аяғымызды тарсылдатамыз). Күн шықты. Қолымызды жоғары көтеріп, күнді бейнелейміз. |
Жаңбырдың даусы |
|||||
Ортасы 2 минут |
Қолдану«Гүл тоқу» ойыны Мақсаты: кез – келген шиеліністен шығу. Жүргізілуі: түрлі түсті резеңкелермен гүл тоқимыз. Декаративті шегелерге резеңкенің бір ұшын алып, тусылғанша орап тоқу керек. |
Арнайы тақтайша, түрлі түсті жіп |
|||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 8 минут Кері байланыс 3 минут |
Ой қорыту Қорытындылау: - Бүгінгі сабағымыз қалай өтті? - Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе сабағымыздан алған әсерлерімізді «Отшашу» арқылы бейнелейік.
|
Тақырып бойынша түйген білімдерін шапалақтау арқылы көрсетеді. |
|||||
Үйге тапсырма: қайталау |
|||||||
Рефлекция |
Бағалау Қол белгісі арқылы Мадақтау
|
Пəнаралықбайланыс Музыка Қазақ тілі |
|||||
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бастауыш мұғалімге арналған нұсқаулық.
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
«Ұстаз үні» газеті № 13 – 14 (321 – 322), 30 тамыз 2018 ж
«Ұстаз мәртебесі» газеті № 28 (215), 2018 ж
«Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі» журналы № 2, 2018 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген