400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Жаңашыл ұстаз- шығармашыл тұлға кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқу ісі орынбасарларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Амирбаева Кымбат Сериккалиевна

«А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп» КММ директордың оқу ісі орынбасары


Жаңашыл ұстаз-шығармашыл тұлға кепілі


Жаңа формация мұғалімі –рухани дамыған, әрі әлеуметтік

тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық

түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым

жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.Ол жоғары

білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту

үшін жауапты.

Н.Ә. Назарбаев

Білім беру саласындағы кешенді өзгерістер ұстаздар қауымына көп жаңалық әкелді. Әлемдік білім беру үрдісіне теңелу үшін мұғалімдердің «Нені оқыту керек?» және «Оқушыларды қалай оқыту керек?»деген сұрақтар төңірегінде ойлануы заңды. Осы сұрақтар қазіргі кезде шешімін тауып, ұстаздар жаңа бағытта қызмет етуге бет бұрды.

Қазіргі қоғам өмірінің бар саласындағы қарқынды ғаламды бетбұрыстар оқушылардың іс-әрекетіне,қарым-қатынасына жаңаша талаптар қоя бастады. Оларға осы заман ағымына лайық тұлға болу үшін бейімделу емес, алдымен өзін-өзі жетілдіру, өзгерту, дамыту өзекті мәселе болып отыр. Еліміздің болашағы - бүгінгі шәкірт. Ал олардың қандай азамат болып шығуын қадағалау мұғалімге жауапты жұмыс. Сондықтан ұстаздар қауымының алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр.

Осындай міндеттерді шешу, жаңашылдыққа жету жолында деңгейлік бағдарламаның түйінді идеяларын кіріктіре отырып оқыту арқылы сапалы бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыруға болатынын дәлелдедім. «Сын тұрғысынан ойлау-өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу, ол кез келген субьект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті,білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін дамытуды көздейді»[1- 43б] деген идеяны жүзеге асыруды бастадым.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Қазіргі мол ақпараттар заманында оқушы өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті таңдап, талғай білуге дағдылануы керек. Әрі болашақта кездесетін қиындық пен кедергілерді де еңсеруге, кездескен проблемаларды шешуге байыпты, батыл шешімдер қабылдауға әзір болғаны жөн. Осыны түсіне келе, алдымдағы әр оқушыны қазіргі жалыға тыңдаушыдан белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналдыру жолындағы қадамдарымды бастадым. Жалпы, «тіл» дегеніміз- адамның сөйлеу тілі және жазу тілі. Менің мақсатым оқушылардың жазбаша сауаттылық деңгейлерін - грамматиканы дұрыс қолдану, яғни жазбаша сауаттылықтарын ережелерді үйреніп қана қоймай , іс-әрекетте дұрыс қолдану деңгейін көтеру болды. Практик-маман ретінде мен «мектеп үшін»жүргізілетін зерттеу нысанын өзімнің жеке тәжірибемді түсіну мен жетілдіру үшін жоспарлы түрде әрекет жасадым. Тәжірибені өзгерту- бұл істеп жатқан ісімізді өзгерту- бұл біз қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды өзгерту - бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіретіндігіне көз жеткізу. Белсенді тәжірибе жасап, ғылыми зерттеуге үлес қосып, шынайы сыныптарда болып жататын,өзара қарым-қатынастар туралы және ондағы өзгерістердің қарқыны туралы жаңа білімді қалыптастыруды мақсат еттім. Іс жүзінде шағын , жергілікті ауқымда болса да, мектепке тікелей қатысты және сыныпқа ықпал еттім. Менің іс-әрекеттерім методологиялық әдістерге негізделіп, «тәжірибеге бағынды». Сапаны жақсартуға бағытталған іс-әрекеттегі зерттеу - тәжірибелік сипаттағы үдеріс болды. Өз оқушыларымның бойында сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері, яғни ұтымдылықтың,сыңаржақтылықтың болмауы,пайым,өзіндік сана-сезім сияқты қасиеттерді сіңіре бастадым. Оқытуда оқушыларды ойлаудың үш түріне ( сыни ойлау, проблема шешуде қолданылатын ойлау, шығармашылық ойлау) ынталандыруға тырыстым.

Әр сабақта үйренушілер тақырып аясында ой қозғап, өзіне сұрақтар қойып, соларға жауап іздеп, жекелей және бірлесе ой қозғап оқуға үйренді. Ақыл-ой тек ойлану арқылы ғана дамитындығын ұмытпауымыз керек. Ал ойланудың ең қиын түрі- жазу. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. [1- 42-б]

Жоғарыда көрсетілген теориялық тұжырымдарға сүйене отырып, мектептегі жұмыс барысында мен төмендегі сұрақтарға жауап алғым келді:

  1. Тізбектелген сабақтар топтамасында қолданылған әдіс-тәсілдер оқушының шығармашылығын арттыруда қаншалықты тиімді болды?

  2. Сыни тұрғысынан ойлауға үйретуде оқушылар «ойлау туралы ойлануы» жүзеге асты ма?

  3. Оқушылардың сабаққа қатысуына мүмкіндік жасалды ма?

Оқу бағдарламасына сәйкес бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы тақырыптарды жаңаша жоспарлау- орта мерзімді жоспарлауға салдым. Бұл жоспардың жаңашылдығы – негізгі мақсаттар және оқыту нәтижелері, белсенді жұмыс түрлері мен АКТ-ны қолдану, оқыту үшін бағалауды қолдану, сыныптағы барлық оқушыларды қатыстыруды жоспарлау, пән бойынша дидактикалық қиындықтардың алдын алу, жоспарланған және күтілген нәтижеге барлық оқушылардың жеткенін анықтау жұмыстарының көрініс табуы. Орта мерзімді жоспарлауға енген тақырыптардың әрқайсысын қысқа мерзімді жоспарлауға салып, мақсат, күтілетін нәтиже және Блум таксономиясы бойынша әрекетті жаздым. Әр сабақ екінші деңгей бағдарламасының түйінді идеялары кіріктіріле отырып жоспарланды.Сабақта қолданылатын әдістер алға қойған мақсатымның мазмұнын ашуға бағытталды. Сын тұрғысынан ойлау ойлау үдерісінің анағұрлым жоғары деңгейімен байланыстырылатынына қарамастан, Блум таксономиясына сәйкес, барлық деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қарадым. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау және бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек. Оқушылар өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану үдерістерін барынша түсінуге көмек көрсетуді жоспарладым. Оқушылар оқыту үдерісінде жаңа ақпаратпен танысып алып, негізгі идеяларын түсіну, талдау, салыстыру және зерттеу арқылы қажетті білімді жинақтап алу керек. Соңынан тақырып бойынша білімін бағалап, қолданады. Қалай десек те оқытуда негізгі мәселелер мазмұн ( Неге үйрету керек?) , әдістеме ( Қалай үйрету керек?), нәтиже ( Не үшін үйрену керек? Үйренудің нәтижесі қандай болуы керек?) екені баршамызға аян. Бұғанға дейінгі қолданған дәстүрлі оқытуда оқушыларға ақпарат дайын күйінде беріліп, білім формалды тұрғыдан қабылданса, жаңаша оқытуда оқушылар белсенді әрекет етуден үйренеді. Оқушы өз қолымен жасағанды жадында сақтайды, осы әрекеттің негізінде туындаған білік пен дағдыларын қолдана алады. Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек: ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру. Әр сабақта тақырып бойынша оқушылардың ойын, пікірін, идеяларын, дүниетанымын, көзқарасын, ұстанымын, түсінігін, пайымдауын, уәждерін, дәлелдерін, ұсыныстарын білуге ұмтылу қажет. Менің алдымда оқушылардың оқу мотивациясын жоғарылатып, шығармашылық әлеуетін дамытып, әр оқушының өзіне деген сенімін ұялататындай ахуал туғызу міндеті тұрды.

Сабақ беретін 5 «Б» сыныптағы оқушыларды А,В,С оқушыларына бөліп, тапсырмаларды деңгейлеріне байланысты таңдадым. А оқушыларымның психологиялық көрсеткіштері төмендегідей: оқу мотивациясы ,пәнге деген қызығушылығы-жоғары,айналасындағылармен тез тіл табысады, бірлескен әрекетте өзін көрсете алады. В оқушыларымның оқуға деген қызығушылығы, таным деңгейі орташа, үлкеннің қадағалауын қажет етеді, ұжымда бірлесіп жұмыс істей алады. С оқушыларының танымдық деңгейі, оқуға деген қызығушылықтары төмен, оны мектепте сыртқы фактор ғана қызықтырады, бірлесіп жұмыс істей алады, алайда өзіне деген сенімділігінің төмендігінен тапсырма орындаудан қашады.

Осындай мәліметтермен қаруланғаннан кейін, жаңаша жоспарланған сабақтарда (тізбектелген сабақтар топтамасы) оқушыларымның бойындағы өзгерістерді бақылай бастадым. Оқушылардың шығармашылық құзіреттілігін арттыруда әр сабақта білім алушылардың ережелерді өмірде дұрыс қолдану деңгейлерін көтеру, сөздік қорларына енгізіп, жазылу емлесін сақтауға дағдыландыруға тырыстым. Тақырыптарды саналы игеріп, өз білімін бағалай білетін, шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті, білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін дамытуды мақсат еттім. Әр сабақта Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін қолдандым. Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты- оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру [1-43 бет].

Алдымдағы оқушылардың шығармашылығын, танымдық саладағы дағдыларын тақырыпты білу, түсіну мен сыни ойлау тұрғысынан қарадым. Блум таксономиясының ең төмеңгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңімен қозғалуды көздейтін алты кезеңін сақтай отырып, әр сабаққа қойылған мақсатқа жетуге тырыстым.Әр тақырыпшалар бойынша арнайы сипаттамаларды білуге; негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсетуге; игерген жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалануға; алынған ақпараттарды тексеру мен жіктеуге, қорытынды жасап, дәлелдерді анықтауға; ақпаратты жүйелеуге; пікірмен таныстырып, оны дәлелдеп, жұмыс сапасын бағалауға дағдыландырдым. Мұғалім ретінде сын тұрғысынан ойлаудың ең оңтайлы тәсілі – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандырдым. Сын тұрғысынан ойлау мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды көздедім. Сабақ сайын оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері: ұтымдылық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезімдерінің деңгейін бақыладым. Сын тұрғысынан ойлайтын оқушыларым белсенді, сұрақ қойып, дәлелдерді талдай алады, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолдана алады, олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, сол себепті олар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету білім игеру процесінің негізгі мақсаты болып отыр. Құрастырылған білім оқушының жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері, көзқарастары, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Сабақ сайын оқушылар рефлексия ( ой - толғаныс) арқылы өзін-өзі түрлендіруге, өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырылды. Сабақтағы ұстанымым оқушыларға сабақтағы тақырыптың оған қажетті нәрселер жайында болатынын сезіндіру болды. Өзімді бүгінгі күннің педагогына сай қызметтер ( ұйымдастырушы, менеджер, бағыт-бағдар беруші, қолпаштаушы) ретінде баулыдым. А.Эйнштейн айтқандай «Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» қағидасын ұстануға әрекет еттім. Жағымды психологиялық климат құруда сабақ басында оқушылардың көңілін көтеру үшін және олардың назарын сабаққа аудару мен жұмысқа ынталандыру мақсатында ойсергектер қолдандым. Сабақтарым оқытуды жетілдірудің ерекше тәсілі ретінде мәселені белгілеу, оны шешу шарттары мен жолдарын талқылау, зерттеуді жоспарлау, өткізу, алынған нәтижелерді талдау және қорыту, қорытынды жасау және ақпарат алмасудан тұрды. Блум таксономиясына салған сабақтарымда оқушыларға берген білім беру мақсаттарының жүйелілігін сақтадым. Жоғары және төмен деңгейде ойлауды талап ететін сұрақтар қарастырылды. Сабақтарда сын тұрғысынан ойлау үдерісі жоғары байқалған кезең талдау деңгейіндегі тапсырма кезіндегі оқушылардың талдау әрекеттерінің шарықтауы болды. А деңгейіндегі оқушылар әр сабақта өзінің топбасшылық қасиеттерін көрсетіп, тапсырмаларды орындауда жоғары белсенділік танытып отырады, В деңгейлі оқушылардың өз деңгейін сақтап қалғаны, бірақ атқарылып отырған жұмыстың нәтижесінде белсенділігі артып, топбасшылық қасиеттерін көрсеткісі келгендігін, сөйлеу мәдениетінің артқанын, тапсырмаларды орындауы бойынша сауаттылық деңгейінің көтерілгенін, С деңгейлі оқушылар алғашқы сабақтарда жеке факторларының есебінен ашыла алмаса, қазіргі сабақтарда топтық жұмыста араласып, сұрақтар қойып, дұрыс жауап беруге тырысатындығын, белсенділіктерін көрсетіп, шығармашылық тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындап, өзара бағалау нәтижелерінен оның өзгеріске ұшырағанын байқадым. «Менің отбасым», « Менің әжем», « Баланың бас ұстазы-ата-ана» т.б. лексикалықалық тақырыптарды оқытуда «Сұрақтар мен жауаптар» [3-82б]оқыта үйрету ойынын қолданып, қима қағаздардағы тапсырмалар мен топтық жұмысты қолдану тиімді. Тақырып бойынша 7-10 сұрақ таратып, берілген уақыт ішінде әр жұп оқулықтан жауап алумен айналысады. Уақыт біткенде оқушылар орын ауыстырып, жаңа жұптар пайда болады. Кезекпен сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты игереді. Тақырыпқа байланысты тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру жеке, жұппен, топпен деңгейлік тапсырмаларды орындау бойынша жүргізіледі.

Тәжірибемде қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдердің тағы бір түрі -«Инсерт» әдісі мен «Алгоритм» оқыта үйрету ойыны. «Алгоритм» оқыта үйрету ойыны арқылы [3-100б] «Зат есім» мен «Тәуелдік жалғау» сияқты грамматикалық тақырыптарды оқытуда қолдану ұтымды. Алғашқы тапсырманы оқушылар өз дәптерлеріне орындайды. Тапсырма жеңілдетілген деңгейлі болады. Орындап болған соң, сағат тілімен дәптерлерін ауыстырып, келесі тапсырманы орындап отырды. Барған сайын тапсырмалар күрделене берді. Соңғы турда тапсырманы үлгі қалай орындалғандығын бойынша тексеріп, әр оқушының дәптері өздерінің алдарына келді.

Әр жұмысты дұрыс, сауатты ұйымдастыру арқылы, әр ойлау деңгейі бойынша белгілі бір нәтижеге жету көзделеді. Топтық жұмыстар кездерінде оқушылардың өздеріне берілген тапсырманы орындау кезінде әр түрлі ойлау әрекеттеріне түсулері( ойлану,талқылау, топтастыру, қарсы шығу, идеяларды ұсыну, идеясының дұрыстығына топ мүшелерінің көздерін жеткізуге талпыну, ойын дәлелдеу, бір-біріне сұрақ қою) сыни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті. Жеке – топтық жұмыс формасы арқылы деңгейлік тапсырмалар орындап, тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысы қалыптастырылды. «Өз жартыңды тап» [3-102б] оқыта үйрету ойыны арқылы игерілген әр тақырыпқа талдау жасалып отырылады. Алдын-ала дайындалған жұп карточкалары арқылы жұптасып, тапсырмалар орындайды. « 2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы сабақ бойынша ойын сараптап, алған білімдерін бағалайды. «Даналық ағашы» [3-107б]оқыта үйрету ойыны арқылы септік жалғаулырының ерекшелігін жете танып, өз ойын жеткізуде сауатты қолданады. Меңгерілген тақырыптың деңгейін «Өрмекші» [3-88б] оқыта үйрету ойыны арқылы жалғастыруға болады.

Сабақтар барысындағы жеке, жұптық, топтық жұмыстарда әркім өз ойын, пікірін еркін, ашық айтуға дағдыланды. Сипаттау, салыстыру, дәлелдеу, бақылау, қорытындылау сияқты қасиеттері дамыды. Жоғары деңгейдегі оқушылар әр кез топбасшылық қасиеттерін көрсетсе, В деңгейлі оқушылардың сенімділігінің артқанын, ашылып, өз білгенін тобындағы қабылдауы нашар оқушыларға түсіндіре бастады. С деңгейлі оқушылардан сабақтар барысында Бандураның тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін факторының бірі- «жанама тәжірибесінде» көрсетілген « Өзгелердің қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деген ынта байқалды. Сабақтарда топтағы оқушылар бір-бірін тыңдауға, қарым-қатынас жасауға, түйінді идеяларды таба білуге, ойларын еркін жеткізуге үйренді. Тізбектелген сабақтар топтамасын жүзеге асыруда оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасы өзгерді. Осы арқылы оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, байқауларға сапалы дайындауға, топбасшылық қабілеті жоғары, әр мәселені шешуде сыни тұрғыдан ойлай алатын, ойын еркін жеткізіп, шығармашылықпен, ізденімпаздықпен, тапқырлықпен іс-әрекетті орындай алатын танымы биік тұлғаны тәрбиелеуге болады.

Әлемдік білім беру үдерісінде тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуда ұстаз әр кез білімін шыңдап, тәжірибесін ұштап тұру керек. Болашақты тәрбиелеудегі жауапкершілікті сезіне отырып, үнемі көшбасшылық қасиетті дамытып отыру қажет. Мен өзімді жаңашыл ұстаздар санатына қосамын және де қазіргі уақыттың мұғалімге қойған талабы мен жауапкершілігін есепке ала отырып, үнемі ізденіс үстінде болу керектігін сезінемін. Сол себепті осы деңгейлік бағдарламаның түйінді идеяларын жүзеге асыру арқылы төз тәжірибеме жаңаша бағыт-бағдар енгізудемін . Бүгінге дейінгі жұмысымнан әр оқушының дамуына мүмкіндік туғанын, өз ойын жеткізу мәдениеті мен жеке фактор көрсеткіштерінің артқандығы, шығармашылық әлеуетінің артқандығы байқалады. Оқушылар мұғаліммен және сыныптастарымен еркін қарым-қатынасқа түсіп, өздерінің тұлғалық ерекшеліктерін тани біледі. Сабақтарда белсенді әрекетті көру, оқушылардың тұлғалық және рухани тұрғыдан өсуін көру – мұғалімнің көңілін марқайтып, алдағы әрекетке рухтандырады. Бұл мақсат-міндеттердің жүзеге асқандығы, күтілетін нәтижеге қол жеткеннің дәлелі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші ( негізгі) деңгей. Үшінші басылым, 2014 жыл

  2. Жартынова Ж.А, Ким В.Н, Корнилова Т.Б, Қойлық Н.О, Орақова А.Ш

« Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» , Алматы – 2014.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
972
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі