400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Жаңашылдық - заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман талабына арналған жаңашылдықты пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңашылдық – заман талабы

« Дарынды оқушылар - талантты ұстазды талап етеді».

В.А. Сухамлинский

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз етуге, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесін құруды» міндеттеген болатын. Заманымыз алдыға жылжыған сайын уақыт талабы күшейіп, білім нәрімен сусындатып отырған шәкірттерімізді білімді, талапты, ойшыл, дарынды да талантты тұлға болып қалыптасу үшін, оқыту үрдісінде жаңа идеяларды қолдана отырып, үздіксіз ізденіспен оқушылардың білімін, таным-талғамы, ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту ұстаздар қауымының басты міндеті болып отыр.

Қапшағай қаласы «№ 5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде ұйымдастырылған «Желілік қауымдастық аясындағы ІІ қалалық фестивалі» аталып өтілді.Бұл фестивальге қалалық, аймақтық мектептер арасынан келген ұстаздар қауымы қатыстырылды. Фестиваль «Мектептегі жаңашылдық: келісемін немесе келіспеймін», «Қазақстандағы білім беру жүйесі заманауи тұлға қалыптастыруға дайын ба?» деген тақырыптарды негізге ала отырып, екі тілде қатар жүргізілді. Екі тақырып та ой қозғайтын, орынды мәселелер жөнінде талқыланды.

Мұндағы мақсатымыз – жаңартылған білім берудегі атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, қоғамдағы түрлі көзқарастарды саралап, жүйелеу болатын.Бұл мұғалімдердің пікірталас барысында ортаға салып, талқылау арқылы жүзеге асты.

Қазіргі дамыған заманда мұғалімге артылған жүк өте салмақты болып отыр. ­Өйткені оған үнемі ізденісте жүріп, өмір ағымына ілесу міндеті қойылған. Мұғалімдеріміз әлемдік танымал ғалымдардың педагогикалық технологиясын меңгеріп, оқушыларымызды сындарлы ойлай алуға, өз ойын жеткізе білуге, алған білімдерін өмірде қолдана алатын жан-жақты заманауи тұлға қалыптастырады.

Яғни, «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген К.Д. Ушинскийдің сөзіне саяды.

Пікірталас қос тілде жүргізілгендіктен екі топ өздеріне тақырыпты алып, сол бойынша дайындалуға уақыт берілді. Пікірсайыс барысында сертификатталған мұғалімдердің ұйымдастырған тренинг жұмыстары жүргізілді. Жүргізушілер пікірсайыстың өткізілу шарттарын таныстырып, белгілі бір критерийлерге сүйене отырып, бөлінген уақыт мөлшерін сақтау сұралды. Осыдан кейін ғана екі топтағы алғаш сөзге шыққан спикер топ мүшелерін таныстырып барып, берілген тақырып аясында топтың аргументтерін көрсетіп, қорғауға көшті.

Пікірсайыс барысында дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың арасындағы айырмашылықтың бары да назардан сырт қалған жоқ. «Мектептегі жаңашылдық: келісемін немесе келіспеймін» тақырыбындағы алғашқы топтың сайысында даттаушы топтыңпікірі бойынша жаңашылдыққа қарағанда дәстүрлі оқытудың тиімді жақтары ұшан - теңіз болып шықты. Өзіндік олқылықтары мен кедергілерін атап айта отырып, өмірде болып жатқан іс-әрекеттердің орын алуы, өмірмен тығыз байланыстылығы, өз тәжірибиесінде болған дәлелдемелермен нақты қорғап шықты. Екі жақ та өз пікірлерін жүйелі жеткізе білді.

Ал екінші тақырып бойынша сайысқа түскен топтың жақтаушы спикерлері«әлем өзгерсе, бізде өзгереміз» деген қағидасында тұрды.

Бүгінгі пікірсайыс көптің көңіліндегі күмәнді сұрақтарды, орын алған мәселелерді толық қамтып, өз деңгейінде өтті деп ойлаймын.

Өткізілген шараның соңына қарай сарапшылар қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, өз ойларын білдірді.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Кашмуратова Гаухар Пірлепесқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі