Материалдар / Баяндама "Жақсылық пен жамандық" тақырыбы ,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Жақсылық пен жамандық" тақырыбы ,

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсылық пен жамандық тың не екенін айқындау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
401
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Есік гуманитарлық экономикалық колледжі





Shape1

РЕФЕРАТ












Тақырыбы: «Жақсылық пен жамандық»




Жетекші :Тұрсынова Сымбат Шынасовна

Топ:201 Юлдашева Малика







2020-2021 оқу жылы


Жақсылық пен жамандық — жеке адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға. Жақсылық деп белгілі бір қоғам (не белгілі бір топ) адамгершілік деп танып, жалпыға өнеге ететін іс-қимылдарды айтады. Жамандық деп, керісінше, адамгершілікке лайықсыз деп танылатын іс-әрекеттерді айтады. Осы екі ұғымның мәнін түсіндіру, олардың арақатынастарын айыра білуді іздеу барлық халықтар арасында ерте кезден-ақ басталған. Ислам дінінде Жақсылық пен жамандықтың адамның өз ниетіне байланыстылығы айтылады. Мұхаммед (с.ғ.с.): ...кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық сенің қолыңда” (Құран Кәрімде 3:26) Әйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі қошталынбайды: “Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді” (4:36). Жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік қағидаларға жат жамандық іс-әрекеттер қай уақытта да этикалық тұрғыдан айыпталынады. Солай бола тұра бұл категориялардың белгілі, тұрақты өлшемі де жоқ, әсіресе, жеке адамның субъективті ой-пікірі тұрғысынан келгенде Жақсылық пен жамандықтың аясы бірде тарылса, бірде ұлғайып отырады. Қатыстылық жағынан біреуге игілік болып көрінген іс-әрекет өзге біреуге қиянат болуы, сондай-ақ, керісінше, біреуге қиянат болып көрінген әрекет, біреуге игілік болуы ықтимал. Мұндай салыстырмалы түрдегі Жақсылық пен жамандықтың неғұрлым айқын да анық бағасы қалай болғанда да жақсылықтың — жағымды, жамандықтың — жағымсыз құбылыс екендігінде. Сондықтан жағымды жақсылыққа адам жаны әрдайым құштар. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Жақсылық пен жамандық мәңгілік тақырыпқа айналып, өнегелі іс пен өмірлік мәселелерде жақсылық алғы кезекке қойылған. 19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожа бұл туралы былай дейді: “Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас, Қолдан келсе етіңіз жақсылықты, Жақсылықты еткендер жаман таппас”. Қазақ даласынан шыққан ұлы ойшылдар: Қорқыт атаӘбу Наср әл-ФарабиҚожа Қожа Ахмет ЯсауиЖүсіп БаласағұнАбай, т.б. халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жақсылық, ізгілік ұғымдарына терең мән беріп, оларды әлемдік философиядағы түсініктер деңгейінде қарастырады. Олардың пікірінше, жеке адамның жақсылыққа ұмтылуы, ізгі іс-әрекеттер жасауға құштарлығы — әділетті қоғам құрудың басты шарты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!