Жаратылыстану
бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде
кіріктіре оқыту
«Басқаларды
үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз»
Луций
Анней Сенека
Бүгінгі
таңда қазақстандық мектептерде үштілді
оқыту енгізілген. Әрине барлық үш тілдің
де: қазақ, орыс, ағылшын – Қазақстанның
болашағында маңызды рөл атқарары анық,
сол себепті біздің оқушыларымыздың бұл
тілдерді жетік меңгеруі аса маңызды
міндет болып табылады.
Бүгін
қазақстан қоғамы инновациялық мектептер
мен жаңашыл ұстаздарды қажет етеді.
Оқушылардың бойында ХХІ ғасыр талабына
сәйкес дағдыларын дамыту үшін бұрынғы
білім беру және оқыту жүйесін жаңарту
қажет. Біздің мектептерге заманауи
педагогикалық технологиялар мен
қарым-қатынас өнерін жетік меңгерген,
оқушылардың болашақта өз орнын табуға
және дербес әрекет етуге үйрететін,
шығармашыл әрі өзіне сенімді ұстаздар
керек. Осындай білімді мамандар заман
талабына сәйкес білім беру саласындағы
жаңаша оқытуды жүзеге асырары анық.
Заман
өзгеріп, заман талаптары да өзгеруде.
Соған сай білім беру жүйесі де жетіліп,
жаңа қырынан ашылуда. Жаңартылған білім
беру мазмұны бойынша білім беру жүйесін
дамыту бағдарламалары әзірленіп, оларды
жүзеге асырып, оқытуда дәстүрлі емес
жаңа әдіс-тәсілдер қолданылып, сонымен
қатар түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту
жүзеге асырылып жатыр.
Кіріктіріп
оқыту бұл - ең алдымен сабақта пәнаралық
байланыстарды дамытуды қарастыру
маңыздылығы. Тіл мен пәнді оқыту арқылы
пәнаралық байланысты жүзеге асырып
оқыту танымдық міндеттерді, ұсыныстар
жасауды, оқушының шығармашылық әлеуетін
жүзеге асыруға көмектеседі.
Қазіргі
таңда келешек ұрпақты интеллектуалды
тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту –
білім беру жүйесінің өзекті мәселесі.
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын
жүзеге асыру аясында «Теміртау қ. №4
ЖББОМ» КММ жаратылыстану-математика
бағытындағы пәндерін оқытудағы мақсаты
оқушылардың
білім алуға қызығушылығын арттыру,
олардың ғылыми тіл дағдыларын дамыту,
жаратылыстану бағытындағы
пәндердің терминдерін ана тілінде
ғана емес, сауатты түрде ағылшын тіліндегі
баламасын қолдануға үйрету. 2017
жылдың наурыз айынан бастап бір жыл
көлемінде оқытылған жаратылыстану
бағытындағы пәндерді оқыту курсының
мақсаты да осы өзекті мәселені меңзейді.
Курс барысында мектептің бірқатар
жаратылыстану-математика бағытындағы
пән мұғалімдері орта
білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің
бірі, үштілді білім беруде заманауи
CLIL әдісі (“CLIL
әдісі:
арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту
процесінде пән мен тілді кіріктіре
оқыту) бойынша курс оқып, тілдік білім
деңгейі бойынша төрт түрлі тестілеу
кезеңдерінен өтіп, арнайы сертификаттар
алған.
Ағылшын
тілі арқылы жаратылыстану-математика
бағытындағы пәндерін, атап айтқанда,
физика, информатика, биология, химия
пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдары
мен тәсілдерін қазіргі білім жүйесінде
кеңінен ауқымды түрде қарастырып жатқаны
мәлім.
Осы
негізде 2018-2019 оқу жылынан бастап біздің
мектебімізде ағылшын тілі физика,
информатика
және биология пәндері 8-сынып оқушыларына
0,5 сағат кіріктіріліп оқытыла бастады.
Пәндерді оқыту барысында 25% ағылшын
тілінде оқушыларға тілдік білім берілді.
2019-2020 оқу жылында әрі қарай осы курстар
жалғастырылып, сабақтың 30% ағылшын
тілінде өткізіле бастады. Қазіргі
уақытта да аталған пәндерден терминология
курстары жүргізілуде. Алдағы уақытта
пәндердің тілдік білім көрсеткішін
50%-дейін көтеру мақсаты қойылып отыр.
Сабақ
барысында қосымша берілетін пәндік
терминдер сөздігі оқушының сөз қорын
қалыптастыруда өз көмегін тигізері
анық. Себебі, оқушылар сөздік қорларын
толықтыру арқылы сөйлеу дағдыларын
қалыптастырады. Себебі, бір терминді
жаттау, ол дегеніміз кемінде 10 сөз жаттау
деген сөз. Яғни, дәл сол оқушылар жыл
сайын аталған курсты жалғастырып, оқу
арқылы ағылшын тілін белсенді меңгереді.
Қазіргі
уақытта қолданып жүрген физика, биология
және информатика пәндеріндегі көптеген
терминдер мен негізгі атаулар кірме
сөздер. Осы жағдайға орай оқушыларға
көптеген сөздерді түсініп, оларды
естерінде сақтауы оңайға түседі деп
ойлаймын. Мысалға, информатика пәнін
алып қарасақ бағдарламалық тілдегі сөз
тіркестері, командалар мен операторлардың
атаулары ағылшын тілінде берілген, яғни
оқушылар алдағы уақытта компьютердегі
жұмыстарын біреудің үйреткен қадамдары
бойынша емес, қаріптермен командаларды
түсініп, қолданатын болады.
Қорыта
келгенде, мектеп жұмысы мен оқушы
жетістіктерін өрістетудегі негізгі
тұлға – мұғалім екендігін айтқым келеді.
Сондықтан, мұғалім жаңашылдыққа бейім
болып, әрдайым ізденісте болуы тиіс.
Дәл осы жобаны жүзеге асыру үшін
мұғалімдер біліктілігін арттырып, үнемі
оқу-іздену үстінде. Яғни, «Басқаларды
оқыту үшін, өзімізде оқудамыз». Қоғамда
ағылшын тілінің өзіндік алатын орны
ерекше. Сол себептіб оқушыларға
бәсекелістікке қабілетті болуы үшін,
заман талабына сай білім берілу керек.