жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама. Жеке тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыруда өзін-өзі тану мұғалімінің рөлі
Адамгершіліктің бес құндылығы
1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным
тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат
бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.
2. Дұрыс іс - әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде
беріледі және іс жүзіне асырылады.
Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа
да зиян келтірмеу.
3. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан
тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
“Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым
деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек
ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған
шықпайды. Абай
4. Жан тыныштығы
Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық
болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады.
Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.
5. Ақиқатты тану
Рухани кәусар бұлақ \көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке
адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге
жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.
Қорытынды
Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі –
адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі
үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ...
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен
шығады.
Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды
білмейді және істемейді.
Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату
тұруында сөз жоқ.
Мектепте өзін-өзі тану пәнінің мақсатын толыққанды іске асыру үлкен ерекше сенімділік, ашықтық, құрмет пен жеке тұлғалық атмосферасы құрылады.
Сабақтарда бір ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, күрделі өмірлік жағдайларды шешу жолдарын іздеуге үйренеді.
Сабақ процесінде мұғаліммен, әлеуметтік –рөльдік ойындар мен тренингтерде ашық диалог жүргізуге, адамзаттық қарым-қатынас әлемін зерделеуге және өмірлік тәжірибелермен алмасуға болады. Түрлі интерактивті формалар, әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар пайдалануға болады:
Өзіммен-өзім әлемі, әңгімелесу, рөльдік ойындар, топтық өара әрекеттестік, жағдайларды шешу, жобалық іс-әрекет, т,б...
Мұғалім – бұл ақылдың
шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін
және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.
Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді,
ал егер оқытушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне
зиян келеді.
Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған
оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді
ұл-қыздарға ие болады.
Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.
Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы
Әбу-Насыр Әль Фараби
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әрбір өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің маңызды міндеттерінің бірі.
Бүгінгі таңда өркендеп жатқан еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын асқақ жетістіктермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрып отырғандықтан,еліміздің білім беру жүйесі де бүкіл әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс.Ал әлемдік білім кеңістігінде адам мүмкіндігінің шексіздігін,өзін-өзі дамыту қабілетіне сенімі мен ерік бостандығын мойындау, абыройын қорғау және адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен сұраныстарын қамтамасыз ету негізгі мақсаттардың бірі.
Қазіргі біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпен айналысуға қалыптасқан,алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру.
Ал, осы мүмкіндікті тиімді пайдалану «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізетін әрбір ұстазға жүктелген аяулы аманат.
Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның жалпыадамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларды, еліміздегі рухани-адамгершілік білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі,жер бетіндегі өмір сүретін барлық халықтардың арманы мен өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасы.
«Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты ұл-қыздарымыздың жеке өзі мен өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруге баулу.
Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіне өмірге,ата-анасына,ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік,махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.Рухани тереңдікті қалыптастыру мақсатында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі: Ақиқат; Сүйіспеншілік;Дұрыс әрекет; Ішкі тыныштық;Қиянат жасамау:
Абай атамыз «Біз өз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбепсіз ,көзбен көріп, ақылмен біліп» демекші ендігі кезеңде бұрыннан жасалған бар білімді ізденіп,толықтырып, әр мұғалім өз жүрегінен өткізіп,рухани тереңдігін байқап,бағамдап,әрбір материалды оқушының көкірек көзін ашатындай дәрежеде беру керек деп ойлаймын.
Әсіресе, мектеп жасындағы балалар өте қабылдағыш, үйреткеннің бәрін алатын, берілген тәрбиені де тез қабылдағыш болып келеді. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда мүмкіндік туады.
Мұғалім балалардың оқуын,еңбегін,ойынын ұйымдастырғанда олардың жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады.Сабақ үстінде мұғаліммен,құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынаста болған баланың өмірлік тәжірибесі молаяды, дүниені өзінше түсіну,сезіну сияқты қасиеттері қалыптасады.
Өзін-өзі тану пәні ең алдымен балаларды ізгілікке баулып,олардың жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауына ықпалын тигізеді.Мұғалім өнерлінің өрісін кеңейтіп,қабілетті балалардың әр қырынан танылуына жағдай жасау керек.Жоғарыда айтылып өткендей,оқушы бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз өз мәдениетімізді саралап, бағалаймыз.
«Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беретін мұғалім ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім шуағын шашып,балаларға жылы шыраймен,әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға болуы қажет.
Жеке тұлғаның айналасына ізгілік қатынасын қалыптастыруда мұғалім көп ізденіп,түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуі керек.
Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып,жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту,өзгеріс енгізу,жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі оқушы өздігінен білімді іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.



Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Н.Бекарыстанова «Өзін-өзі тану пәні бойынша рухани-адамгершілік білім беру» Самопознание.kz.№6 2014 жыл
-
Н.Ә.Хайрушева «Қазіргі заман талабына сай мұғалім қызметінің өзгеруі» Журнал. Педагогика мәселелері №1 2011жыл
-
А.Сисенова «Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгешілікке тәрбиелеуде мұғалімнің алатын орны» Өзін-өзі тану журналы №6 2014 жыл
‹›
-
Мұғалімнің жоғары рухы
Ы.Алтынсарин: «Мұғалім –білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан да қымбат».
Ш.Амонашвили: «Мұғалімді ойшыл, шығармашыл, еркін етіп тәрбиелеу керек. Мұғалімдерді балағаттаудың орнына оларды ұлықтау қажет. Олар өмір суретшілері ғой. Бүгінгі мұғалімдер ХХІ ғасырдың ортасын салып жатыр».
Адольф Дистервег: « Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да».
Мысал: Тереза шешей мен Януш Корчаг өмірлерінен мысал.
Ата – аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде
-
Белгілі педагог Симон Соловейчик келтірген статистика бойынша ата – аналар баласының тәрбиесіне күніне 17 минут арнайды.
-
Осы уақыттың ішінде қалайша жақсы адам тәрбиелеуге болады.
Педагогтің стилі
-
Авторитарлық стиль
-
Либаральдық стиль
-
Гуманды стиль
Мұғалімнің үш түрі
-
Шағымданушы
-
Түсіндіруші
-
Қанаттандырушы
Мұғалімдерге арналған екі ереже.1. Басқадарға үйреткеніңді алдымен өзің орында, 2.одан кейн барып басқалардан талап ет.
Жолдауды жеткізу
-
Сөйлеу - 10%
-
Мета-жолдау (жасырын жолдау)-90%
Мұғалімнің басты қасиеттері
-
6 жастан 14 жасқа дейін балаларда дене, ақыл –ой және эмоциялық даму жалғасады. 14 жаста бұл үдеріс тұрақтала бастайды.
-
Бір жасар баладағы әдеттердің өзгеруіне 2,5 ай; 3 жасар балаға – 11 ай; 6 жасар балаға – 8 жыл қажет болады.
-
Оқушының, мұғалімнің, ата-ананың өзара әрекеттестігі маңызды.
Мұғалімге қажетті екі қасиет: қарапайымдылық (бұл өз кемшіліктерін түсіну үшін қажет) және жетілу тілегі (ертеде мұғалім баланың алдына бармас бұрын өз ойын тазалап алған).
Адам өміріндегі ең басты жалпыадамзаттық құндылықтарды (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) оқушылардың бойына сіңірудің маңызды үлгісі болып осы құндылықтары бар мұғалімдер болып табылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген