жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
баяндама Жолдауға қолдау
СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет».
Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.
"Тоқаев аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамды тартуға шақырды. Сондай-ақ, осы мақсатпен белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын атап өтті. Бұл кеңестің ротациялық тәртіппен жұмыс істейтіні туралы айтылды
Сондай-ақ, президент митингілерді ұйымдастыру тәртібін жаңарту қажет деген пікірде.
"Егер бейбіт акциялар заң аясынан шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс", – деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нақтылады.
Қ.Тоқаев: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.
"Президент өзінің уәдесін орындады және жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды",
"Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның өте жоғары екені жасырын емес. Мәселен, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 процентке артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?!", - деген еді президент өз жолдауында.
Жолдауда микро және шағын бизнес саласындағы жаңадан құрылған компанияларды негізгі қызмет түріне салынатын салықтан үш жылға босату Тоқаевтың ерекше резонанс тудырған тапсырмаларының бірі болды.
"2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енеді делінген.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтқан еді.
Қ.Тоқаев: Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз.
"Кәсіпкерлер өтінген тағы бір шешім – 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесі 2023 жылға дейін шегерілді. Осы уақыт ішінде ортақ шешім табу қажет. Зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесінде тағы бір жаңалық: мемлекет басшысы үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануына қатысты, мысалы баспана сатып алу немесе білім алу үшін жұмсау мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырды.
"Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет". Халық енді жергілікті билік жұмысының тиімділігін тікелей бағалай алады. Сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 проценттен астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл президент әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған проблеманы зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады.
Тағы бір өзекті мәселе. Бұл – оқулық сапасының төмендігі.
Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету – тиісті министрліктің тікелей міндеті.
Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды.
Сондықтан, мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады.
Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту.
Атаулы әлеуметтік көмекке қайта оралайық. Үкімет оны бөлу тәртібін реттеуі керек. Бұл жүйе ашық әрі әділетті болып, адамдарды бейқамдыққа емес, еңбек етуге ынталандыруы тиіс. Көмек, негізінен, жұмыс істейтіндерге берілуі тиіс.
Сонымен бірге, аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету керек. Олар үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмекті енгізу қажет. Бұл дегеніміз – мектеп жасына дейінгі балаларға үнемі қолдау көрсету, барлық оқушыға тегін ыстық тамақ беру, оларды оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз ету, медициналық, соның ішінде стоматологиялық көмек алу және қоғамдық көліктерде жүру шығындарын өтеу.
Осыған қатысты шешімдердің барлығы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс.
Еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына ерекше тоқталғым келеді. Мұнда да қордаланып қалған мәселелер жеткілікті.
Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын.
Жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру.
Пилоттық жоба ретінде тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу қажет деп санаймын.
Мысалы, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл Президент Әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған мәселені зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады.
Баяндама:
«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»
Дайындаған: Пірімбетов А.Қ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген