Жолдауға
қолдау.
Қазақстан халқы Елбасының
«Қазақстан – 2050» Мәңгілік ел атты жолдауына үндестіктерін
білдіріп талқылауда.Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ атты үлкен
жолдауында Қазақстанның дамуы жастардың қолында екенін атап
көрсеткен. «Мәңгілік ел» болашағын болжайтын,алдыңғы кемелді ісіне
алдын ала жоспарлау арқылы мемлекет дамуына ықпалын тигізетін
бағдарлама.Көптеген табысты экономикасы дамыған
елдер,Қытай,Малайзия,Түркия ұзақ мерзімді жоспар бойынша жұмыс
істеуде.XXI-ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып
саналады. Ел басымыздың жолдауы әр тармаққа бөлініп,еліміздің
өзекті мәселелерін айшықтаған.Қазақ елі 22 жылда яғни екі
онжылдықта қыруар іс тындырғанын, әрбір отандастарымыздың еліне
деген сүйіспеншілігінің арта түскенін мақтаныш сезіммен айтатынын
тілге тиек етті.
Бұл «2050»-Стратегиясы барлық
саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін тәуелсіз
елімізді жаңғырту жолы.Әрбір азаматтың осы стратегияға ортақ болу
парызы,борышы.Жас ұрпақты тәрбиелеуде,білім сапасын арттыруда
мұғалімнің беделін көтеруге,жаңа балабақша салып мектепке дейінгі
жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән берді.Жолдаулар негізінде әр
міндеттелген жұмыстар өз сатысымен
орындалуда.
30 елдің қатарына кіруге әркім
үлес қосуға міндетті екенін атап
көрсеткен.
«Мәңгілік ел» Тәуелсіз еліміз
өз құқығына ие,сана – сезімін қоғам мүшесі ретінде қабылдауы
қажет.Бұл жолдау тарихи жолдау.Тәуелсіздік жолында көрген
қиыншылықтарымызды арқау ете отырып,тіліміз бен дінімізді
дәріптеп,ана тілімізді мемлекет деңгейін көтеру
қажет.
Ғылым мен техниканы дамытуда
Ел басының жолдауымен байланыстыруға болады.Өркениетті алпауыт
елдің қатарында болу үшін жеке кәсіпкерлерге жол ашу,еліміздің
болашаққа деген сенімін арттыра түседі.
Ел басының жолдауы ұрпақтарды
тәрбиелеуге балабақша қызметкерлеріне,ұстаздарға артқан жүгі
зор.Мектеп ауысымын екі ауысымға келтіріп,жетіспей жатқан мектеп
салу көзделіп отыр.Шәкірт ақысын,ұстаз бен дәрігер еңбек ақысын
көтеріп,дарынды балалар тәрбиелеп,еліміздің болашағына келелі үлес
қосуды талап етеді.
Жолдауда елімізде
бейбітшілікті,тыныштықты сақтау басты назарда көрсетілген.Елімізде
әрбір ұлт «Мен қазақстандықпын» деуге құқығы бар,қазақша
сөйлеп,мәңгілік ел,мәңгілік тіл – қазақ тілі десе ғана біз
мәңгіміз.Тілімізді білген адам ғана қазақ халқының өзінің
болмысын,жері мен елінің дархандығына көзін жеткізеді.Мәңгілік ел
тәуелсіздік еліміздің «2050» бағдарламасын жолдауына ойып тұрып
орын алатын бағдарлама.
Мәңгілік ел, қазақтың
берекесі,мерекесі,жойылмайтын тілі,болашағы.Біз армандарды ақиқатқа
айналдырдық.Ол мәңгілік ел, Тәуелсіздік еліміз мәңгілік болу әр
қазақтың қолында,санасында.