Жолдыбай
Нұрлыбаевтың өмір жолы
Жолдыбай
Нұрлыбаев 1922 жылы дүниеге келген, туып
өскен жері – 1930 жылы іргесі қаланған
«Өнімкер» колхозы. «Болар бала басынан»,
– деп халқымыз айтқандай, Жолдыбай
жасынан-ақ пысық, алғыр, әрі жұмысқа
ұқыпты қарайтын, тіл алғыш бала болып
өсті. Ол «Өнімкер» колхозындағы жеті
жылдық мектепті, кейін «Бірлік» орта
мектебін үздік бағамен бітірді. Жолдыбайды
ағайыны Мәміш Бекботаев (ол уақытта
колхоз бастығы еді) 1939 жылы Алматы
қаласындағы мұғалімдер даярлайтын
қысқа мерзімді курсқа түсіреді. Оны
1939 жылы бітіреді. 1939–1941 жылдары (Ленин
колхозы) «Земля и труд» колхозындағы
Қызылабад орта мектебінде мұғалім болып
қызмет етеді. 1941 жылы Алматы қаласындағы
Киров атындағы университетінің
журналистика факультетіне оқуға түседі.
1941 жылы желтоқсан айында Алматы қалалық
әскери комиссариаты арқылы өз еркімен
майданға аттанады.
Жолдыбай
соғыста батарея командиріне дейін
көтеріліп, капитан шенін алады. Ж.
Нұрлыбаев Ұлы Отан соғысында Сталинград,
3-ші Оңтүстік, 4-ші Украина, 1-ші Белоруссия
сияқты соғыс майдандарында шайқасқа
қатысады. Висла-Одер шайқасында дайындық
кезінде 1-ші Белоруссия майданының
құрамындағы генерал Николай Эрастович
Берзаринның (Берлинның тұңғыш коменданты)
басқаруындағы 5-екпінді армияның
жауынгерлері ерекше көзге түсті.
Магнушевский әскери алаңының қорғаныс
шенін бұзып өтіп, 1945 жылдың 14-қантарында
елеулі табыстарға жетті
19
қаңтар күні Скорневица, Варшава-Познань
елді мекендері, 2000-нан астам фашистер
жайғасқан елді мекендер, Кола қаласы
7-сағаттық соғыстан кейін азат етіліп,
Варта өзеніне өтетін жол ашылды.
21 қаңтар күні 2-гвардиялық танк
армиясының жау қарсылығын ерлікпен
бұзып өтіп, Несе өзені арқылы Германияның
шекарасына басып кіреді. Міне, осы
шайқастарда № 507 танкіге қарсы оқ ататын
артиллерия полкінің жауынгерлері
немістердің тоғызыншы шабуылына тойтарыс
берді. Мұнда Нұрлыбаевтың батареясы
ерекше көзге түсті. Одер өзенінен өту
үшін болған ұрыстардан 5-екпінді армия
шайқастың 18-ші күні 570 километр жерді
азат етті.
Жолдыбайдың
соғыста армия қатарына бірге қызмет
еткен өмірінің соңына дейінгі жолдасы,
казіргі отставкадағы капитан Ростов-Дон
облысы, Белая Колитва қаласы, Комсомол
поселкесінде тұратын Симонов Алексей
Парфенович өз күнделігінде былай деп
жазады: « ...1945 жылғы 31 қаңтар күні
еді, әдеттегідей жау шабуылға шықты.
Бұл Лукен Крейц қаласының іргесіндегі
шайқаста Нұрлыбаев батареясы жаудың
миномет батареясын талқандап, қолма-қол
шайқаста елуден астам гитлершілердің
көзін жойды. Сондай-ақ гитлершілердің
ауыр машиналары мен танкілері біздің
батарея орналасқан жерге жақындап
қалды, сол кезде Жолдыбай екі қолына
екі граната алып, жау танкесіне қарай
ұмтыла жүгірді. Біреуін от құшағына
орандырды да екіншісіне граната лақтыра
бергенде өзі де жау оғынан құлап түсті».
Жолдыбайдың ұрыс майданындағы көрсеткен
ерлігі мен батырлығы үшін 5 – УД армия
командирі генерал-майор Косенко 1945
жылғы 7 ақпан күні қайтыс болғаннан
кейін Кеңес Одағының Батыры деген ең
жоғарғы атаққа лайықты деп бірінші рет
ұсынды. Армия соғыс Кеңесінің қорытындысы
оны Кеңес Одағының Батыры атағына
лайықты деп шешім қабылдады.
1975
жылы совхоз жұмысшылар кооперациясына
Ж.Нұрлыбаев
есімі берілді. Сол жылы «Славян»
совхозының селолық амбулаториясына да
Жолдыбай Нұрлыбаев есімі берілді.
Республика Үкіметінің
1991
жылғы 24 маусымдағы № 394 қаулысымен
«Словян» совхозына да Жолдыбай Нұрлыбаев
есімі берілді. Қазіргі уақытта ауылдық
әкімшілік Жолдыбай Нұрлыбаев есімімен
аталады. Ауыл әкімшілігінің Кеңсесі
алдына 1995 жылы мүсіні орнатылды.