400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Колледжде математиканы оқытудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
мүғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Колледжде математиканы оқытудың ерекшеліктері:

проблемалары, жетістіктері, перспективасы.


Особенности преподавания математики в колледже:

проблемы, достижения, перспективы

Ғылыми- техникалық прогрестің жедел дамуы, өнеркәсіптің жаңа техникамен қайта жабдықталуы ой еңбегін әрі жалғастыруды талап етеді. Себебі , ғылыми-техникалық өсуі кезінде оқушылардың жалпы даму деңгейі , олардың ойлауы мен өздігінен білім алу іскерлігі, алған білімін іс жүзінде қолдана алуы ерекше маңызға ие. Сондықтан ғылым негіздерін оқып үйреткенде оқушылардың творчестволық белсенділігін дамыту, олардың өздігінен білім алу іскерлігін қалыптастыру және оны одан әрі жалғастыру , алған білімдерін практикада қолдана білу машықтарын шыңдау бүгінгі таңдағы зор міндет болып тұр. Сондықтан білім беруде, оқыту әдістері мен оқу тәрбие жұмыстарын барынша жетілдіруді талап етеді.

Математикалық білім барлық студенттер үшін жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретінде қажет. Математиканы оқып үйрену тек ақыл- ой гимнастикасы болғандығынан емес, керісінше, әрбір математикалық есептерді өмірде қолдану қажеттілігіне туатынын көрсету. Колледждерде математиканы оқытудің міндеттерінің бірі- оқушылардың жалпы математикалық мәдениетін көтеру, алған білімдерін практикада , мамандығына ұштастыратын әр алуан жағдайларға қолдану іскерлігін шыңдау. Осы ретте колледждерде математика пәнін оқыту үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оқып жатқан білім алушылардан «Математика және менің болашақ мамандығым» деген тақырыпта шығарма жаздырдым.Онда мынадай сұрақтар болды:

1.Математиканы оқу керек пе?

2.Не үшін керек?

3.Не үшін керегі жоқ?

4.Қандай пайдасы бар?

72 студент қатысты :оның керек 64 -88 %,8 керегі жоқ -12 %



Бұдан шығатын қорытынды білім алушылар қай мамандықты таңдаса да математикалық білім керек.

Колледжде математиканы оқыту орта білім негізінде ары қарай жалғастырады яғни, алгебра және анализ бастамалары мен геометрия пәндерінен құрылады және жалпы білім беретін программалық материалдарды түгел қамиды.Қысқа мерзімде, бір жылдың ішінде, оқу жоспарына бөлінген уақыт ішінде, 10-11 сыныптардың математика көлемінде бағдарламалық материалды оқып үйрену керек.

Мысалы : Мектепте 10 сынып

«Алгебра және анализ бастамасына» 102 сағат

«Геометрия» 34 сағат

11 сыныпта

«Алгебра және анализ бастамасына» 102 сағат

«Геометрия 34 сағат

Қолданбалы курс 68 сағат

Барлығы: 272 сағат берілген.

Демек, математика курсына бөлінген сағат орта мектеп курсына бөлінген сағатына қарағанда қысқартылған.

Колледжде математиканы оқытуда өзекті мәселелер :

1. Сағат саны аз.

2. Колледжге түскен оқушылардың базалық математикалық дайындық деңгейлері әр түрлі. (Әр оқушы өз қабілетінің мүмкіндігіне қарай оқу материалдарын әр қилы меңгеретінін психологтар дәлелдеп берген)

3. Математикалық білім беру ісін кәсіби техникалық білім берумен ұштастыру, яғни тоериялық және өндірістік даярлықтарын үйлестіру болып табылады.

Мектептерде және орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде) математиканы оқытудың міндеттері бірқатар айырмашылықтарға ие. Егер мектепте математика курсын оқып үйрену нәтижесінде оқушы өзінің болашақ мамандығына байланысты емес математикалық білімнің, қабілеттердің және дағдылардың белгілі бір жиынтығын игеруі керек болса (дәл осындай талаптар бағдарламамен ұсынылған), колледж студенті үшін математиканы оқып үйренудің ерекшелігі - бұл оның болашақ өміріне әсер ететін, арнайы пәндер оқытылуы , арнайы пәндерді әрі қарай оқу үшін база құру керек және оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту керек.

Шынында да, арнайы пәндерді оқудың сәтті болуы мамандарды даярлаудың сапасын анықтайды, ал болашақ мамандарды даярлау сапасын жоғарылату, әсіресе қазіргі кездегі еңбек нарығындағы қатал бәсекелестік жағдайында, оқытудың негізгі міндеті болып табылады. Арнайы білім, дағдылар мен қабілеттерге ие болу деңгейі түлектің одан әрі жұмысқа орналасуы мен мансапына тікелей әсер етеді.

Осы мақсаттарға жету үшін теорияны оқып, практикада қолдана білу қажет. Теорияны білмей тапсырмаларды шешу мүмкін емес. Тапсырмаларды шеше отырып, оқушы жаңа білім мен дағдыларға ие болады, табандылықты дамытады, математикалық шығармашылыққа қосылады. Мақсат студенттің тапсырманы шешуі емес (яғни жауап алу), бірақ бұл тапсырмадан пайда алу, яғни ол математиканы игерудің ұзақ баспалдағымен бір сатыға көтерілді. Мақсат жауап емес, шешім қабылдау процесінде.

Колледжде оқылатын мамандықтарда математикалық шығармашылықты барлық кезеңдерден байқауға болады.

Мысалы, «Менеджмент» мамандығы бойынша топтарға заттың пайызын табу, материал мөлшерінің ең жоғары және төменгі мәндерін есептеу үшін тапсырмалар ұсынылады. «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша топтар үшін кірістер мен қарыздың мөлшерін анықтау, кірісті есептеу, төлем, кәсіпорынның жалпы кірісін есептеу , «Нан пісіру және кондитер өндірісі» мамандығында өндірісте кездесенін есептерді алу, процент есептерін шығару, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтарына комбинаторика есептері мен ықтималдық теориясы және т.б. есептер ұсынылады. Осындай мәселелерді шешкеннен кейін студенттер таңдалған мамандықтың ерекшеліктері мен маңыздылығы, жұмыстағы қиындықтар туралы толығырақ біледі.

Колледжде математиканы оқып қана қоймай, оқудың келесі кезеңіне көшкенде жоғары оқу орындарында жоғары математиканы оқуда бірден сұранысқа ие болатын біліммен де жабдықтау қажет.

Ғылым негіздерін оқытып үйреткенде білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың өздігінен білім алу іскерлігін қалыптастыру және оны одан әрі өрістету, шыңдау бүгінгі таңдағы зор міндет болып тұр.Осыған орай соңғы кездері колледжде оқу конференциалары мен семинарлар , ғылыми жобалар қорғау оқушылардың өздігінен ізденіп, білім қорларын байытып, ғылыми фактілерді талдап, қорытуға бейімделетіні, басқалардың ой-пікірлеріне сын көзбен қарауға икемделетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр.Осы оқу конференциалары мен семинарлар, ғылыми жобалар білім алушылардың оқулық пен қосымша әдебиеттерді өздігінен оқып үйренуді,ізденуді қажет етеді. Осы ретте 25.11-31.11 аралығында жаратылыстану математика бірлестігі апталығында колледж студенттері арасында Жастар жылына арналған«Жастар және ғылым : бүгіні мен болашағы » атты ғылыми студенттік конференция болып өтті. Конференция мақсаты – студенттердің назарын ғылыми-шығармашылық және зерттеу жұмыстарына тарту, мақала және баяндама жазуға дағдылантыру, оларды қолдау және ғылыми біліктілігін дамыту. Конференцияның мәнді өтуіне колледждің 1-ші және 2 курс студенттерi атсалысып, 11 студент баяндама жасады.

Ғылыми конференцияға эксперт мүшелері:

1.Доштаев Күнтуған Жұбанышұлы кандидат технических наук,профессор кафедры «IT инженеринг» КазАТК им.Тынышпаева

2.Жантлеуов Кенжебек Кожанович, кандидат физико -математических наук,ассоцированный профессор, КазПУ им.Абая. қатысты.ғылыми конференция қорытындысы бойынша:

«Ең үздік жоба» Додаев Мухтар, ВТиПО А мамандығының,2 курс студенті жетекшісі Әбдісана Ұ.Ә.

1 орын - Хайбуллин Ильхам, ВТиПО Б мамандығының 2 курс студенті жетекшісі- Жумагалиева А.Ж.

2 орын- Ярмохамедова Индира Тех Д ,

Кирикбаев Дамир ВТиПО Б , 1 курс студентері.

Жетекшісі - Оразбекова С.Т.

3 орын - Кебирова Шахида, Фархулина Наргиза,1 мен Б тобы студенттері.

Жетекшісі - Ингайбекова Г.А. иеленді. . (Слайдта орын алған оқушыладыың ФИО) көрсету.

Математикалық оқыту тиімділігін арттырудың бірі пәндер олимпиадасын өткізу. Осы ретте колледж ішілік пәндік олимпиада откізіліп 46 студент қатысып, 15 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.(Слайдта 1-3 орын алған оқушыладыың ФИО көрсету)

Туран Университеті ұйымдастыратын пәндік олимпиадаға қатысамыз.

Математиканы алға қойған перспективамыз:

  1. 2020-2021 оқу жылында қабылданатын 1 курс білім алушылары жаңарту бағдарламасымен оқуға қабылданады жаңарту бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курстарынан өтеміз.

  2. Жаңа оқулықтарға тапсырыс беру.

  3. Бағалау критерилары бойынша жұмыстар жүргізу.

  4. Туран Университеті ұйымдастыратын пәндік олимпиадаға қатысу.

  5. Туран Университеті ұйымдастыратын ғылыми жобаға қатысу.


Математика пәні оқытушысы: Әбдісана Ұ.Ә.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі