жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Ақтөбе қаласы №51 гимназия
Информатика пәнінің мұғалімі: Байтубетова Гульнур Нурсултановна
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің білімдегі жетістігіне байланысты екенін ел Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында айтып келеді.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі
білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады.
Жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады.
Оқушылардың білім сапасын арттырады.
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы.
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін шығармашыл бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.
Бағалаудың мәні – бақылау, қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет. Мысалы, 4-сынып бойынша информатика сабағында «Презентацияларға арналған ақпарат» тақырыбын өту кезеңінде оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийін қолдандым:
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин
2 мин
1 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: І. Оқушылармен амандасу, түгендеу ІІ. Оқушылар сөз және сурет қиындыларымен 2 топқа топтастырылады. ІІІ. «Ой қозғау» оқушыларға жаңа тақырыпты және сабақ мақсатын айқындауға сұрақтар беріледі: Мадақтау арқылы формативті бағалау. |
Қима қағаздар
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы 34
5 мин
10 мин
2 мин
15 мин
2 мин
|
V. Топтық жұмыс ұйымдастырылады. «ЖигСО» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгертемін.Берілген мәтінді оқиды, талқылайды, постер дайындайды, қорғайды. 1топ Постер жасау үшін дискриптор:
2 топ Постер жасау үшін дискриптор:
Б VІ. Жұптық жұмыс ретінде практикалық жұмыс беріледі. «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында 3-4 слайдтан тұратын презентация жаса. Интернеттен суреттер алып, оны толықтыр. Презентацияға атау қойып, бумаға сақта.
Жұптар өзара ФБ жүзеге асырады (Критерий арқылы)
|
Плакат, маркер, бақылау парағы, оқулық
Компьютер
Бағалау парағы |
||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин 2 мин
1 мин |
VІІ. Үздік жобаны ұсыну.
Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма. 89 беттегі суретке қарап «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» тақырыбында 6-7 сөйлемнен тұратын әңгіме жаз. |
Интербелсенді тақта
Стикерлер |
||||||||||||
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу — жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.
Қазіргі
таңда, жаңартылған білім беру мазмұнына
көшу жағдайында орта мектептерде туындап
отырған өзекті мәселелердің бірі –
оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың
тиімділігін арттыру болып отыр.
Критериалды
бағалау- оқушының оқу жетістігін
бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде
өзекті талаптардың бірі болып отыр.
Енді осы бағалауды қалайша қолданып
келеміз. Бастапқы кезеңде нақты
түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ
жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту
мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана
бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда
қолданылған стратегиялар нәтижесінде
оқушының оқу жетістігі мен оқыту
үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне
жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге
бағыттайтын баспалдақ.
Оқуды
тиімді бағалау — білім беру мен
оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол
оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу
қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге
жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы
ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып,
бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім
үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты
қажет етеді.
Күнделікті сабақта білім
алушылар топтық жұмыста өздерін
бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше
критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра
отырып, шынайы бағаға талаптана алады.
Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы
байланыс нығайып, сабақтың деңгейі
артады. Бағалау парақшасына зейін қоя
отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды.
Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға
қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да
жаңаға ұмтылыс.
Енді
бағалауға келсек, қалыптастырушы
бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып
жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке
жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған
тапсырмалар арқылы қалыптастырушы
бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі
арқылы «жетімен» тағы бағаланады.
Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау
тапсырмалары арқылы нақты бағалау
нәтижесіне қол жеткізеді.
Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын
құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін
енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не
үшін қажет екендігіне ойлана отырып,
сол арқылы оқушыдан күтілетін нәтижеге
жұмысын бағыттайды. Мұғалім алдымен
сабақта нені мақсат етіп алды, оған
жетудің қандай жолдары барын жүйелей
отырып, жоспар құратыны анық. Алдында
айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде
жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы
белгілі бір критерий арқылы білім
нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы
тұста керек. Ол үшін мақсат пен нәтиже
арасындағы сәйкестікті анықтайтын
тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне,
яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан
ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері
алынады.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша бірнеше қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне жеке жұмыс жасаған тұста керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді. Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды.
Бағалауда
күмәнді ой туғызатын сәттері де бар.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде
шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен
бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте
тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де
туып жатады. Сыныптастарын бағалау
оқушылар арасында маңызды рөл атқарады,
себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді,
сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне
және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне
сенімділігін арттырады, сондай-ақ
мұғалімдерге үдерістен шығуға мүмкіндік
береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек»
және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде
сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша»,
«Ризамын саған» сияқты мадақтаулармен
де бағалауды қолданамыз.
Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін
бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді
айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық
осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады.
Ал ішкі жиынтық бағалау: оқуды бағалау,
жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен
бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау
ұқсастығы: мақсат айқындалады және
нәтижесі шығарылады.
Кері байланыс
мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы
кемшіліктерді анықтауға; екіншіден
келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін
енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
қолдануға; уақытты тиімді пайданауға
мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау
— бұл білім берудің мақсаты мен
мазмұнына негізделген оқушының
оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда
алдын-ала белгіленген жетістіктер
мен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген