Материалдар / Баяндама Кудабаева Асем Кадирбекқызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Кудабаева Асем Кадирбекқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Қашықтықтан оқытудың тиімділігі". Қазіргі кездегі қашықтықтан оқытудың артықшылықтары және тиімді жақтары айқын байқату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
304
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика пәнін қашықтықтан оқытудағы тиімділіктер

Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Қашықтықтан оқыту формасы бүгінде, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Қашықтықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына қарамастан және еліміздің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда әрбір ұстаз өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар.

Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:

- Сабақтың мазмұны;

- Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;

- Сабақтың нәтижелігі.

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.

Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:

1.     оқыту;
2.     жаттықтыру;
3.     бекіту;
4.     қайталау;
5.     дамыту;
6.     шығармашылық, яғни іздену мақсатында;

7.     бақылау мақсатында өткізіледі.

Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. 

Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:

·         диктант;

·         өзіндік және бақылау жұмыстары;

·         тестік тапсырмалар;

·         әр түрлі тақырыпқа берілген есептер мен жұмыс және т.б.

Мұғалім оқушының ішкі жан - дүниесінің сырын ашып, оның эмпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекcиялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту осыған бағытталған.  Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан – дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.

Зерттей келе қазіргі кездегі қашықтықтан оқытудың артықшылықтары және тиімді жақтары айқын байқалуда.

·         Оқушыны жаңашылдыққа бейімдеуде;

·         Оқушы оқу процесіне белсенділік танытуда;

·         Танымдық қызығушылықтары артуда;

·         Кері байланыс орнатады және икемдеп отырады;

·         Тұрақты көмек пен сұқпатты қамтамасыз етеді;

Қазіргі компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, ал кейде оданда көп әсерлі.

Қорыта келеқазіргі кезеңде республикамызда білім берудің қашықтықтан оқыту жүйесі жасалып, білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.  Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты білім алу мүмкін емес.  Ал,  жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық,  кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.

Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны  қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі.

Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.

 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!