400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама «Мәңгілік ел болу - мерейлі мұрат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздігін алған Қазақстанда адамдардың өмірлік болашағы нақтылануда, түрлі бағдарда өрбуде. Тәуелсіздік идеясының тұғыры республиканың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, Қазақстандағы ұлттық ынтымақты және қоғамдық бірлікті жетілдіру мақсатымен анықталуда. Елдегі азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік - психологиялық белсенділігін арттыру – қазақстандық дамудың басты бағдарларын құрайды. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгілік ел болу - мерейлі мұрат»


Тәуелсіздігін алған Қазақстанда адамдардың өмірлік болашағы нақтылануда, түрлі бағдарда өрбуде. Тәуелсіздік идеясының тұғыры республиканың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, Қазақстандағы ұлттық ынтымақты және қоғамдық бірлікті жетілдіру мақсатымен анықталуда. Елдегі азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік - психологиялық белсенділігін арттыру – қазақстандық дамудың басты бағдарларын құрайды. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда. Өзінің жарқын болашағын ойлаған мемлекеттің, оны басқарып отырған лидердің бүгінгі қол жеткізген табыстармен ғана шектелмей, ұзақ мерзімді даму стратегиясын қабылдап, алдағы күн міндеттерін саралауы кемел ойдан туған кемеңгер шешім.

Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан үлкен жолдан етті. Қазір бұл мерзім ғасырға бергiсiз жылдар болды деп нық сеніммен айтуға болады. Бiзге табан тipeр бұдыр таппай жанталасқан, өмiр талаптарына мүлдем икемсіз экономикалык жүйе мұраға қалған еді. Шаруашылық байланыстардың үзiлуi салдарынан көптеген өндiрiс орындары жұмыстарын тоқтатты. Экономикалык күйреу тоқтаусыз жүрген әлеуметтiк дағдарыспен қатар өрбіді. Мыңдаған адам жұмыссыз қалды. Бiзде зейнетақы төлейтін, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскери қызметкерлерге төлейтін каражат та болган жоқ. Инфляция деңгейi мыңдаған пайызға дейiн жетті. Көптеген қазақстандықтардың үйлерiнде ең қарапайым қажеттілік-жарық пен жылудың өзі болған жоқ. Мұраға қалған басқару жүйесі бір де бiр өзекті мәселені шешуге қауқарсыз болып шықты. Болашаққа үмiтсiздiк пен қорқыныш адамдар арасындағы сенiмдi жойып, қоғамға этносаралық қақтығыстар каупі төнді. Осының барлығы бiздiң жаңа елiмiз әлемдiк қоғамдастықтың eciгiн жаңадан ашқан сәтiнде басына түскен қиындықтар болды. Бірақ, бiз бәрiне төтеп бердік. Мемлекеттiк меншiкке жекешелендіру жүргізілді, кәсіпкерлердің жаңа буыны пайда болды. Жалпыхалықтық ерік – жігермен дүниеге келген Конституциямыз жаңа мемлекеттің, жаңа экономика мен жаңа қоғамның берік іргетасын қалады. Ұлттық валюта негiзiнде бiз табысты, заманауи қаржы жүйесiн қалыптастырдық. Мықты Президенттік билік, қос палаталы Парламент, кәсіби Үкiмет және тәуелсiз сот табысты реформалардың мызғымас кепіліне айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі бейбiтшiлiк пен келісімнің сенiмдi қорғаушысы бола білді. Күллi әлем бiзге ядролық қарудан бас тартқан және Семей сынақ полигонын жапқан батыл қадамымыз үшiн шынайы ризашылығын бiлдiредi. Бiздiн елiмiз – әлемдік антиядролық козғалыстың көшбасшысы.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясы еліміздің XXI ғасырға аяқ басу тұғырнамасына айналды. Экономикалық жағынан біз Қытай, Бразилия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей, Малайзия сиякты әлемнің ең табысты мемлекеттерімен иық теңестірдік. Қазақстан қазір дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің бірі. Бiз елiмiздiн 2030 жылға дейінгі даму жоспарын мерзімінен бұрын орындай отырып, алдымызға одан да биік мақсаттар қойдық, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдадық. Оны жүзеге асыру арқылы біз әлемнiң ең дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына қосыламыз. Небәрі ширек ғасырдың iшiнде бiз кандай қиындыққа да төтеп беруді, заманның сын – қатерлеріне лайықты жауап қайтаруды үйрендік. Осы уақыт аралығында бiздiң экономикамыз 16 есеге өсті. Барлық қалалар мен облыстар, аудандар мен ауылдар бiрдей қарқынмен қарыштап дамуда. Небәрі 10 жылда біз жаңа елордамызды салдық. Бұл – біздің халқымыздың ерлік пен еңбек дастаны. Астана тәуелсiздiк перзенті.[2,5б]

«Қазақ халқының мыңжылдық тарихи тәжірибесінен, тәуелсіздік жылда-рындағы Қазақстан жолынан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді»,-делінеді Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына Үндеуінде. Ортақ мақсатымыз – «Мәңгілік елді» нығайту, Отанымыздың – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Ортақ мүддеміз – біздің баршамызға ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеуші елде өмір сүруге деген құштарлығымыз! Ортақ болашағымыз – «Мәңгілік елдің» - біздің ортақ үйіміздің – Қазақстан Республикасының гүлденуі. «Мәңгілік ел» - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама. Қазақстан Халқы Ассамблеясы атап өткендей:

1) Қазақстан халқы алдында тұрған стратегиялық міндеттердің орындалуы Қазақстанда жасақталған бірегей модель – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделі негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін;

2) тұрақты түрде өркендеуші Қазақстанды құру, қасиетті жерімізде берекелі қоғам құру сынды озық міндеттерді орындау үшін ұйымдасып, бірігу қажет (Астана, 17 қаңтар, 2014 ж.). Қазақстан Президентінің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы айтылған ойы отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар пікірлерінде кең көрініс тапты. Осылайша, саясаттанушы Құбаш Сағидоллаұлының пікірінше, «Мәңгілік ел» Идеясы қай заманда да даңқты тарихы бар ұлы көшпенділер империясын әлемдік өркениетпен байланыстырған көпір болып келді. Ол Ұлы Жібек жолында, ізгілік, кеңпейілділік пен мейірбандық, береке - бірлік сынды жалпыадамдық қасиеттерге ие көшпенді өркениеттің даму жолында жүзеге асты. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, «Мәңгілік ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды – болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін заманға лайық қайта жаңғыртудың, еліміздің алдыңғы қатарлы қуатты мемлекет ретінде өркендеуінің кепілі болып табылады. Тәуелсіздіктің келуімен еліміз тарихи тұрғыда осы идеяны жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл татулық көршілестікке, бейбітшілікке ұмтылған мемлекет ретінде әлем қауымдастығына танымал. Тәуелсіз Қазақстанның әзірге ешкім бағаламаған және игерілмеген аса зор әлеуетке ие екендігін білдіреді. Ал бұл «Мәңгілік ел» идеясы – біздің ұлттық кодымыздың кілті»,- деген ойды білдіреді. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен қатарласуына мүмкіндік беретіндігін білдіруде. Бұл – ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың нығаюы, халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі. Ел дамуының бүгінгі жағдайында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – болашаққа сенімді қадам. Ол барша қазақстандықтардың ынта-жігерін Қоғам алдында тұрған маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыруы тиіс.«Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстанды ел ретінде ғана емес, біртұтас ұлт ретінде танытады . Біз экономикалық тұрғыда ғана емес, рухани да дамуымыз керек. Қазақстан өзінің көпұлттығына қарамастан, біртұтас, ортақ идеяны дүниеге әкелді. Бұл – біздің өмір бойы аңсаған, іздеген арманымыз. «Мәңгілік ел» - Қазақстанның қазіргі даму жағдайындағы мемлекеттік идеологиясының түпкі Мәні, – деп жазады саясат ғылымдарының докторы, профессор Г.Сұлтанбаева. Дана Мұхтар Әуезов «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз қалдырды. Жалпы алғанда, Мәңгілік ел ұлттық идеясы философиялық талдауды қажет етеді. Біріншіден, Мәңгілік ел идеясы қазақ халқы тарихының басты мәселесі болып отырғаны белгілі. Осы мәселеге қазақ халқы тарихында жауап іздемеген батырлар, қара қылды қақ жарып, әділін айтып, елді аузына қаратпаған шешендер мен көсемдер, хандар мен билер, тіпті, халық арасынан шыққан даналардың тарихта үнемі болып тұрғаны әлімсақтан белгілі. Бүгінде осы сұраққа жауап іздеу үрдісі әлі жалғасуда. Заман өзгерді, соған сәйкес жауаптың бағыты мен мазмұны да өзгерді. Қойылған тарихи сұраққа жауап беру деңгейі әрқилы, сан алуан. Сонымен, мәселе қойылды, идея, тұжырымдама ретінде халыққа ұсынылды. Ендігі мақсат осы мәселені дұрыс шешу, оның әлеуметтік-философиялық, тарихи-мәдени, саяси-экономикалық негіздерін жасау. Оған саясаткерлер мен отандық гуманитарлық ғылым да өз үлесін қосуда.[3,14 б].

Ал Мәңгілік Ел идеясын философиялық тұрғыдан талдаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігін айта кеткен жөн. Біздіңше, ең басты философиялық ұстаным – ол қазақ халқының осы идеямен бірге өмір сүріп келе жатқандығында, оған үнемі оралып, оны сана мен ойдың пәні ретінде сезінуінде, тіршіліктің басты бағыты ретінде қабылдап, оны үнемі білім және рухани құндылықтармен толықтырып, өмір сүру философиясының өзегі деп қабылдауында болса керек. Мәңгілік Ел – ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. Оның ішкі мазмұны үнемі даму, өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады. Мәңгілік Ел идеясында қазақ халқының сығымдалған, жүйеленген өмір сүру тәжірибесінің әлеуметтік-мәдени коды бар. Демек, Мәңгілік Ел идеясын ұлттың тарихи даму үрдісінен тысқары қарау мүмкін емес және қолдан немесе ойдан шығарылған мәселе еместігі тағы белгілі. Себебі, бұл мәселе қазақ қоғамы үшін қашанда өзекті.

Екіншіден, Мәңгілік Ел идеясы, кейбіреулер айтқандай, утопия немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін, абс­трактылы ұғымдар жиынтығы емес. Ол – Қазақстанның антологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның темірқазығы, қоғам дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырудағы рухани-саяси ұстаным. Басқаша айтқанда, ол – ұлттық идеологияға пара-пар нәрсе. Кешегі тоталитарлық жүйе кезінде бір идеология болғаны белгілі. Ол идеология социализм жүйесінің күйреуімен бірге тарих саханасынан келмеске кетті. Қайта құру дәуірі кезінде радикалдық тұрпаттағы реформаторлар, Қазақстан мемлекеттік идеологияға мұқтаж емес, мемлекет идеологиядан тысқары болуы керек, тоталитарлық идеология мен демократия ұғымдары өзара сәйкес келмейді деген ойларды айтқаны белгілі. Тоталитарлық идеология мен демократиялық құндылықтар арасында қайшылық бар екені және олар бір-бірімен келіспейтіні, тіпті, антогонистік сипатта екені белгілі. Бірақ, бұдан жалпы қоғам, мемлекет дамуына идеология керек емес деген ой тумаса керек. Кешегі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында идеологиясыздандыру үдерісі және тәуелсіз ел идеологиясын қалыптастыру мен дамыту қатар жүргені белгілі. Идеология туралы нақты айтылмаса да тәуелсіз мемлекет құрудағы идеологиялық ұстанымдарды мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру іс-әрекеті болғанын мойындауымыз керек. Бүгінгі күнге келер болсақ, ұлттық идеология туралы еркін айтуға мүмкіндік бар. Бұл жолдағы ең басты ұстаным ұлттық идеологияны қазақстандықтардың дүниетанымдық бағытына айналдыру болуы тиіс. Мәңгілік Ел идеясын ұлттық идеологияның негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны барлық қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы.

Сонымен бірге, Мәңгілік Ел ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс. Сондықтан да Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудың тұжырымдамалық негізін философиялық тұрғыдан талдау қажеттілігі туындайды. Біздіңше, Мәңгілік Ел ұлттық идеясын Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырып дамытуға бағытталған. Осындай бір алғашқы қадамдардың қатарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы Заңын жатқызуға болады. Мұны Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудағы басты нық қадам деп қабылдауымыз керек. Мәңгілік Ел идеясының келесі тұғыры, негізі – Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен тұрақтылық Мәңгілік Ел жолындағы басты ұстаным болып қала бермекші.Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл Мәңгілік Ел идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. [1,17б]

Бүгінгі таңда өмірге келіп жатқан жас ұрпақ – ертеңгі Қазақ елінің мәңгілік перзенті. Олардың санасына «Мәңгілік ел» идеясын сіңіріп, мән – маңызын ұғындыру басты ұстанымымыз. Ол үшін балабақшадан басталатын тәлім – тәрбиенің негізін осынау басты ұлттық мұраттың бағытына қарай батыл бетбұрыс жасатуымыз керек. Сонда ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәуелсіздік таңымен арайлап атқан азаттықтың қадір – қасиетін жете сезініп, өзін Мәңгілік елдің, Мәңгілік патриоты ретінде таныта алады.

Біз көппіз және біргеміз, бір елміз, бір халықпыз. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз, ол өзіміздің бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біздің туған жеріміз бір, ол- кең байтақ қазақ даласы. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді « Мәңгілік Ел» етуді мұрат еттік. Ендеше Мәңгілік Елді нығайту, бұл біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту. Мәңгілік Ел, Бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген құштарлығымыз. Мәңгілік Ел. Бұл - біздің ортақ мекеніміз. Ал ең бастысы- еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жариялануы. «Мәңгілік Ел» идеясы елімізді өз мақсатына талай сыннан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Қазіргі таңда мектеп жасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтың өз қоғамынан ойып тұрып орын алатындай, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, жан- жақты сауатты, білімді азаматтар мен азаматшалар болып шығуына біз ұстаздар қауымы шығармашылықпен жұмыс жасауға міндеттіміз.

Қазақстан халқының мәңгілік мұратына айналған бұл ұлттық идея бір сәтке де санамыздан өшпеуі керек. Әсіресе ұрпаққа ұлағатты тәрбие беретін педагогтардың басты ұстанымы бола бермек. Егер бүгінгі бүлдіршінді халқымыздың жарқын болашағы мен еліміздің кемел келешегі үшін еселі еңбек ететін, адалдықтың ала жібін аттамайтын адал азамат ретінде қалыптастырсақ, онда мақсатымыздың толық жүзеге асқаны деп білемін.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Интервью Президента РК Агентству «Хабар»: «Размышления у подножия Улытау» (24 августа 2014 года) //pravo.zakon.kz/4648972-ervju

  2. Назарбаев Н.Ә. Н 17 Мәңгілік ел . Ғасырға бергiсiз жылдар / Н.Ә . Назарбаев – Астана : Деловой Мир Астана , 2014. – 368 б

  3. Мәңгілік Ел: – Оқулық / М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова және т.б. Абай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі